Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тікелей және жанама салықтарды



Қалыптасу механизмі бойынша салықтар тікелей және жанама деп бөлінеді. Тікелей салық табыс алушыларға, мүлік иелеріне тікелей салынады. Оларға халықтың табысына салық, капитал өсіміне салық, мүлік салығы, мұрагерлік пен сыйға тартуға салынатын салықтар жатады. Жанама салық тауарды тұтыну немесе сату кезінде салынады. Оған қосылған құн салығы, акциздер, кеден салығы жатады.

Қазақстанда салық республикалық және жергілікті болып бөлінеді. Республикалық салықтар – бұл міндетті салықтар, төлем сомасы республикалық бюджетке түседі. Жергілікті салықтың мөлшері жергілікті өкіметтің шешімімен анықталады.

Қазақстан Республикасында мынадай салықтың түрлері белгіленген:

1). корпоративті табыс салығы; 2). жеке табыс салығы; 3). қосымша құн салығы; 4). акциздер;

5). жер қойнауын пайдаланушылар салығы мен арнайы төлемдері; 6). әлеуметтік салық;

7). жер салығы; 8). көлік салығы; 9). мүлік салығы.

Салықтың экономикаға тигізетін әсері мен салық мөлшері жөнінде экономистер арасында біржақты пікір жоқ. Бұл жөнінде экономикада екі концепция бар:

1. Сұраныс экономикасы. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірінше салықтың жоғарғы деңгейі жалпы сұранысты төмендетеді. Демек, баға түседі, инфляция мөлшері азаяды. Керісінше салықтың азаюы жалпы сұраныстың өсуіне әкеледі, баға өседі де инфляция қарқыны жылдамдайды.

2. Ұсыныс экономикасы. Бұны жақтаушылар керісінше пікірде: салықтың жоғары болуы кәсіпкердің шығынын көтереді де тауарын тұтынушыға жоғары бағамен сатуға тырысады, бұл инфляцияға алып келеді.

Салық мөлшері мен іскерлік белсенділік арасында байланыс жасауға әрекет жасалынып, американ профессоры А.Лаффер ұсыныс теориясын дәлелдеген. Табыс салығының көтерілуі іскерлік белсенділікті төмендетеді немесе кәсіпкерлік қызмет пайдасыз болады. Ал салық мөлшерінің аз болуы жұмысқа, қор жинауға, инвестицияға, іскерлік тәуекелдік қабылдауға, ұлттық өндіріске және табысқа ынта туғызады. Нәтижесінде салық негізі кеңейеді. Бұл салық мөлшері төмен болса да салық түсімдерін жоғарылатады. Салық мөлшері мен салық кірісі арасындағы байланыс Лаффер қисығы деген атпен белгілі. Егер салық мөлшері 0-ге тең болса мемлекет ештеңе таппайды. Егер салық мөлшері 100 процент болса, онда ешкім жұмыс істеуге ынталанбайды, мемлекет те ештеңе ала алмайды.





Дата публикования: 2014-12-28; Прочитано: 1060 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...