Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дағдарыс және оның түрлері



Экономикалық ауытқу ол экономиканың маңызды параметрлерінің тұрақты жағдайдан ауытқуы. Ол ауқымы мен уақыты жағынан қысқа, орта, ұзақ мерзімге бөлінеді. Қысқа мерзімді ауытқуда нарықтық конъюктура әсерінен өндірістің көлемі маңызды емес түрде ауытқиды. Баға дәрежесі аз мөлшерде өзгереді. Бірақ көп тауарлардың бағасы өзгермейді.

Орта және қысқа мерзімде ауытқу басқаша болады, тепе-теңдік жағдайдан маңызды түрде ауытқиды. Қоғамда экономикалық және әлеуметтік тұрақтану бұзылады, экономикалық өсу уақытша дағдарысқа ауысады. Жалпы дағдарыстар барлық ұлттық шаруашылықты қамтиды, жеке дағдарыстар белгілі бір сфераға немесе экономикалық салаға тән. Дағдарыстың бірнеше түрлері бар:

1. Қаржы дағдарысы – мемлекеттік қаржының терең бұзылуы, бұл бюджеттің терең тапшылығы. Қаржы дағдарысының шегі ол мемлекеттің шетел займына төлем қабілеттілігінің болмауы.

2. Ақша-несие дағдарысы – ақша-несие жүйесінің бұзылуы. Коммерциялық және банк несиесінің күрт қысқаруы, салымдардың банктерден толық алынуы. Бұл кезде банктер жойылады, тұрғындар мен кәсіпкерлер нақты ақшаны іздейді, құнды қағаздардың курсы төмендеп, банк пайызының нормасы төмендейді.

3. Валюта дағдарысы – жеке елдер валютасының құнсыздануы, банктерде валюта резервтерінің зайып кетуі, валюта курсының төмендеп кетуі.

4. Биржалық дағдарыс – құнды қағаздар курсының күрт төмендеп кетуі, олардың эмиссиясының қысқаруы, қор биржасы қызметінің қысқаруы.

5. Аграрлық дағдарыс - ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу көлемінің қысқаруы, ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаның төмендеуі.

6. Құрылымдық дағдарыс - өндіріс салалары арасындағы қатынастардың бұзылуы.

7. Салалық дағдарыс – халық шаруашылығының бір саласында болады. Бұл дағдарыс өндіріс құрылымының өзгеруімен, шаруашылық байланыстардың бұзылуымен сипатталады.





Дата публикования: 2014-12-28; Прочитано: 9510 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...