Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тауардың мән қасиеттері



Тауар – тауар өндірісінің негізгі санаты болып табылады. Ол жөнінде әртүрлі түсініктер бар. Оның ішінде екеуіне назар аударайық:

1). Тауар маркстік теорияда сатуға тағайындалған адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылған. Бұдан шығатыны, біріншіден, тауар – ол адамның қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнім; екіншіден, тауар - ол еңбекпен анықталатын өнім. Мысалы, ормандағы бүлдірген оны жинаушыларға тауар болып табылмайды, бірақ оны жинауға еңбектің жұмсалуына байланысты тауар болуы мүмкін. Үшіншіден, тауар – ол сатуға тағайындалған өнім.

2). Тауар – австриялық экономикалық мектепте (өкілі - К.Менгер) айырбастау үшін өндірілетін ерекше экономикалық игілік ретінде анықталынады.

К.Менгер экономикалық қызметтің нәтижесі немесе обьектісі болып табылатын және қажеттіліктермен салыстыру бойынша шектелген түрінде алуға болатындарды экономикалық игілікке жатқызады. Бұл анықтамалардың арасындағы ортақ жағдай тауар еңбектің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ерекше қызметтің заттай формасы жоқ, бірақ пайдалы әсері бар адамның қызметінің нәтижесі болып табылады. Тауар материалдық және материалдық емес сипатта болуы мүмкін. Тауардың екі қасиеті бар:

1. Адамның қандай да бір қажетін қанағаттандыру қабілеттілігі

2. Басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі

Тауардың қандай да бір адамның қажетіліктерін қанағаттандыруы тұтыну құны деп аталады. Әрбір тауар тұтыну құнына ие. Ол тек өзінің өндірушісінің қажеттілігін қанағаттандырып ғана қоймай, басқа да адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоғамдық тұтыну құны болып табылады.





Дата публикования: 2014-12-28; Прочитано: 515 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...