Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Айналмалы капитал



Айналмалы капитал – бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып, өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Өзінің табиғи формасын сақтамайды және өндіріс аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады. Айналмалы қорлар екі бөліктен тұрады:

1. өндірістік айналым қорлары айналыс қаражаттары

Өндірістік айналым қорларына өндіріс қалдықтары (запастар), аяқталмаған өндіріс, болашақ кезеңдердің шығындары жатады. Айналыс қаражаттарына дайын өнімдер, жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар, банк шотындағы, кассадағы ақша қорлары жатады.

Айналыс қаражаттары меншікті және қарызға берілген айналым қаражаты болып бөлінеді. Меншікті айналыс қаражаты – кәсіпорындардың ең аз қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін бекітілген нормативтерге сәйкес өздеріне тиесілі қаражаттың бір бөлігі. Қарызға берілген айналым қаражаты – кәсіпорындардың айналым қаражатының қысқа мерзімді банк несиесі және айналымға тартылған қаржы есебінен құралған бөлігі. Айналым қаражаттары әрқашан да қозғалыста болады және ауыспалы айналым жасайды. Мұндай құбылысты айналым қорларының кезеңі деп атайды. Айналым қорларының айналымын жылдамдату кәсіпорынның негізгі мақсаты болып табылады және оның мынадай жолдары бар:

- ғылыми-техникалық прогрестің соңғы нәтижелерін қолдану;

- өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру;

- шикізат, отын-энергетика ресурстарын үнемді қолдану.

Өндірістік қорлар өзінің қозғалысында кезекті түрде өндіріс және айналыс стадиясына өтеді. Демек, қорлардың айналым уақыты сәйкесінше өндіріс уақыты және айналыс уақытынан тұрады. Қорлардың өндіріс сферасында болу ұзақтығы өндіріс уақытын, ал айналыс сферасында болу ұзақтығы айналыс уақытын құрайды. Өндіріс уақыты өндіріс заттары және өндіріс құралдарының келіп түсуі мен дайын өнім болып шыққанша өндіріс сферасында болуының бүкіл кезеңін қамтиды. Ол үш бөлікке бөлінеді:

- жұмыс уақытын құрайтын тікелей еңбек процесінің уақыты;

- еңбек процесіндегі үзілістер уақыты;

- өндіріс құралдарының өндірістік запастарда болу процесі.

Айналыс уақыты кәсіпорынды жабдықтау процесі кезінде өндіріс құралдарын сатып алуға кететін уақыт пен өткізу уақыты - дайын тауарларды нарықта сату уақытынан тұрады.

Негізгі және айналмалы қорлардың қызмет етуін сипаттау үшін оларды пайдаланудың тиімділігін көрсететін көрсеткіштер қолданылады:

1. Қор қайтарымы:

өндірілген өнім көлемі

Қ.қ =- -------------------------------------------------

негізгі өндірістік қорлар көлемі

Қор қайтарымы көрсеткіші негізгі капитал құнының бірлігіне шаққанда қанша өнім шығарылғандығын көрсетеді. Қор қайтарымы негізгі капиталды пайдалану деңгейінің тікелей шамасын көрсетеді. Оған кері көрсеткіш қор сыйымдылығы деп аталады. Қор сыйымдылығы - әрбір шығарылатын өнім құнына келетін негізгі қорлар құнының үлесін көрсетеді:

негізгі қорлардың көлемі

Қ.с.=----------------------------------------------

өндірілген өнім көлемі

Шикізат пен отынның пайдаланылуын жақсарту өнімнің материалсыйымдылығын төмендетуден көрінеді. Ол тұтынылған айналым капиталының өнім құнына қатынасымен анықталады: Тұтынылған айналмалы қорлардың көлемі

М.с.= --------------------------------------------------------------------- next

өндірілген өнім көлемі

Кәсіпкерлік капиталдың қызмет етуін сипаттау үшін келесі экономикалық көрсеткіштер қолданылады:

- капиталдың айналым жылдамдығы - 1 жылдағы айналым саны ретінде есептелінеді:

O

П=---------

Т

П-айналым саны О-капитал айналымының өлшем бірлігі Т-капиталдың айналым уақыты

- айналым капиталының айналымдылық коэффициенті:

айналым капиталының орташа қалдығы

К= ---------------------------------------------------------------

өткізілген өнім құны

- бір күндегі орташа айналым ұзақтығы:

О

От=------------

П

Айналымдылық көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен мәнге ие. Өйткені айналым құралдарының ақшалай формаға ауысу жылдамдығы кәсіпорынның төлемқабілеттілігіне тікелей ықпал етеді. Бұдан басқа құралдардың айналым жылдамдығының ұлғаюы кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының жоғарлағанын көрсетеді.





Дата публикования: 2014-12-28; Прочитано: 3692 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...