Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мемлекеттік қаржылық бақылау: шетел тәжірибесі



Қазақстан Республикасының жергілікті және республикалық бюджеттерінің атқарылуындағы бақылау жүйесінің даму мәселелері, оның халықаралық ережелерге сәйкес дамуы жинақталған отандық тәжірибемен қатар, шетел тәжірибесін де қолдануы қажет.

Алайда Қазақстанда тұрақты қаржы және бюджет заңнамасының жоқтығын ескеру керек. Сонымен бірге бақылаушы-ревизиялық органдардың жасаған қазіргі әдістемелері Қазақстанның мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен қабылдана алмайды.

Шетел тәжірибесі әр түрлі мемлекеттердегі қаржылық бақылау жүйесінің жан-жақты дамуын куәландырады және қаржылық бақылау органдарының бюджет қаражаттарын, мемлекеттік мүлік, мемлекеттік мекемелерді қоса алғандағы мемлекет активтерін толық қамтитынын көрсетеді.

Қаржылық бақылау көбінесе Президентке немесе Парламантке есеп беретін, бірақ тәуелсіз статусы бар мақсатты мемлекеттік органдарға жүктеледі.

Көптеген елдерде мемлекеттік қаржылық бақылаудың тәуелсіз институттары бар, ал кейбір елдерде керісінше: жартылай және толығымен жоғарғы органдарға тәуелді болып келеді.

АҚШ-тың қаржылық бақылауының ең ірі органы басты қаржылық-бақылаушы басқармасы болып табылады. Басқарма 1921 жылы құрылып, заң шығарушы органдарға толығымен тәуелді болып келеді. Ол министрліктер мен ведомстволардың барлық құжаттарымен жұмыс істеуге құқылы. Конгресс комиссиясы мен палатасының және оның жеке қатысушыларының бұйрығымен басқарма мемлекеттік бағдарламалар мен федералды ведомстволардың қызметінің нәтижелілігін бағалауды, өнім бағасын, қорғаныс министрлігінің контрактілерінің қаржылық-экономикалық аспектісін арнайы тексеру мен зерттеу жұмыстарын жүргізе алады.

Келесі негізгі бақылаушы орган - әкімшілік бюджеттік басқарма. Ол АҚШ президентінің атқарушы басқармасының құрамына кіреді. Оның негізгі функцияларына: президентке қаржылық және экономикалық саясат мәселелері жайында ұсыныстар әзірлеу, бюджет проектісін дайындау, оның орындалуын бақылау, атқарушы биліктің басқарушылық және ұйымдастырушылық құрылымының нәтижелігін бағалау, федералды бағдарламалардың орындалуын бақылау, министрліктер мен ведомстволардың жұмыс тәртіптілігін анықтау және тағы басқалар жатады.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың екі деңгейлі жүйесін қолданатын мемлекеттің бірі Германия болды.

Германияның қаржылық бақылауындағы негізгі органдар болып федералды қаржы ведомствосы және қаржы мекемелерін қадағалаушы федералды ведомство табылады. Бұлар Германияның федералды қаржы министрлігінің құрамындағы тәуелсіз нысандағы ведомстволар.

Федерация мен жерлер деңгейіндегі шаруашылықты жүргізу мен бюджеттің орындалуын бақылау федералды есептеу палатасы мен 16 жерлердің есептеу палатасына жүктеледі. Бұл мемлекеттік қаржылардың тиімді және белгіленген тәртіп бойынша жұмсалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қаржылық бақылаудың тәуелсіз органы болып табылады. Тексеру нәтижелерін федералды есептеу палатасы жыл сайын Бундестагқа, Бундесратқа және федералды үкіметке баяндап отырады.

Ресейдің де мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі екі деңгейлі болып келеді. Мемлекеттік бақылаудың конституциялық органы – Ресей Федерациясының Есеп Палатасы негізгілердің бірі болып табылады. Келесілері Ресейдің Орталық банкі, Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі, салық және жинақтар бойынша министрлігі, мемлекеттік кеден комитеті, Ресейдің валюталық және экспорттық бақылауының федералды службасы және басқа да бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың қаржыларының кірістері мен шығыстарын бақылаушы органдар.

Ресей Федерациясының Есеп Палатасы тәуелсіз қаржылық бақылау органы ретінде жылдық бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді. Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі федералды бюджетке ішкішаруашылық бақылау, жергілікті бюджет пен субъектілер бюджетіне қаржылық бақылау жүргізеді.





Дата публикования: 2014-12-25; Прочитано: 1197 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...