Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кімшілік жазалардың мақсаты, түрлері, мәжбүрлеу шаралары



мемлекеттік басқару аясында қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілерді іске асыруға бағытталған құқықтық мәжбүрлеу болып табылады.

Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары ӛте кӛп және олар әртүрлі. Олар қолдану мақсаттары, негіздемелері мен тәртібі бойынша айырылады, бұл оларды топтастыру үшін объективті түрде алғышарт жасайды.

Қоғамдық қатынастардың және осы қатынастарға құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаудың объективтік сипатымен айқындалатын құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мақсаттары мен тәсіліне байланысты әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шараларын үш топқа бӛлуге болады:

1. әкімшілік-алдын алу шаралары;

2. әкімшілік-жолын кесу шаралары;

3. әкімшілік жазалау шаралары.

Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары құқық бұзушылықтың немесе қандай да бір жағымсыз салдарлардың пайда болуының алдын алуға бағытталған; сосын, егер құқық бұзушылық болатын болса, онда олардың мақсаты – оны тоқтату және тек кейінірек қана жаза қолдану, яғни құқық бұзушыны жазалау қажеттігі пайда болуы мүмкін.

Әкімшілік – жазалау шараларының немесе әкімшілік жазалардың айрықша маңызы бар.

Әкімшілік жазалар әкімшілік-мәжбүрлеу шараларының бір түрі болып табылады. Әкімшілік жаза, - делінген ӘҚБтК-ң 44-бабында – осыған заңмен уәкілеттік берілген судья, органдар әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады және осындай құқық бұзушылық жасаған адамның осы Кодексте кӛзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе оларды шектеуге саяды. Әкімшілік жаза қолданудың мынадай мақсаттары белгіленген: а) әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу; ә) құқық бұзушының ӛзінің де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу.

Әкімшілік жазалардың түрлері:

Олардың мынадай түрлері бар: 1)ескерту жасау, 2)әкімшілік айыппұл салу, 3)әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты ӛтемін тӛлеп алып қою, 4)әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу, 5)арнаулы құқықтан айыру, 6)лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру, 7)жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу, 8)заңсыз салынып жатқан не салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау, 9)әкімшілік қамауға алу, 10)шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР-ң шегінен әкімшілік жолмен кетіру.

40.Әкімшілік құқықтың пәні және әдістері.

Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:1) Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;2) Басқаруда атқарушы билік органдарының әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру барысында және азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттерінде туындайтын;3) Әкімшілік құқық бұзушылықтарды істегені үшін туындайтын; Әкімшілік құқықтың жүйесі – бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар – құқықтық институттар бойынша бөлінген құқық нормаларының ғылыми – ұйымдастырылған жиынтығы – біртұтас нормативті құрылым.Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқық жүйесінің саласы. Әкімшілік құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға, яғни солардың қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері.Жалпы құқық теориясы тұрғысынан Қазақстан құықығының кез-келген саласының құқықтық реттеу құралы ретінде төмендегі заңдық мүмкіндіктерді пайдаланатындығы жеткілікті түрде сенімді етіп дәлелденген: нұсқама(міндеттеу), тыйым, ерік беру. Нұсқама(міндеттеу)- бұл тиісті құқық нормасымен осы нормада қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс әрекет жасауға тікелей заңдық міндет жүктеу. Демек, норма тиісті жағдайларда өзгеше емес, тап осылай істеу керек деп көрсетеді. Тыйым- шындығында бұл да нұсқама, бірақ заңдық мазмұны басқа. Оның мағынасы мынада, құқық нормасы өзінің адресаттарына осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар белгілі іс-әрекеттерді жасаудан бастартуға тікелей заңдық міндет жүктейді. Ерік беру- бұл осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс-әрекеттерді өзінің қалауы бойынша жасауға немесе оларды жасаудан бастартуға заңды түрде рұқсат беру.





Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 2727 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2026 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.11 с)...