![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
|
Азаматтық-құқықтық қатынастың мазмұнын оның қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi құрайды. Қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудi жүргiзу кезiнде, қатысушылары кейiннен олардың әрекеттерiн анықтайтын субъективтiк құқықтар мен мiндеттерге ие болады. Құқықтық қатынаста өзара әрекет олардың қатысушыларының субъективтiк құқықтары мен оларға жүктелген мiндеттерге сәйкес жүзеге асырылады.
Субъективтiк құқық пен мiндет құқықтық реттеудiң нәтижесiнде ғана пайда болады. Сонымен азаматтық-құқықтық қатынастың мазмұны ретiнде субъективтiк құқық пен мiндеттi қараған дұрыс. Сондықтан, азаматтық құқықтық қатынастың мазмұнын ашу үшiн субъективтiк құқықтар мен мiндеттердi қарастыруымыз керек. Субъективтiк құқық дегенiмiз- құқыққа ие тұлғаның заңмен анықталған әрекетi болып табылады. Құқыққа ие тұлға белгiлi бiр әрекеттердi өзi жүзеге асыруы мүмкiн. Азаматтық заңға байланысты меншiк иесi өз мүлкiн иелену, пайдалану және билiк ету құқығына ие. Субъективтiк мiндет дегенiмiз- мiндеттi тұлғаның заңда көрсетiлген тиiстi әрекеттерi болып табылады.
О.С. Иоффенiң берген анықтамасы бойынша, субъективтiк құқық дегенiмiз-мiндеттi тұлғалардың белгiлi бiр әрекеттерiн қамтамасыз ететiн амалы, ал құқық иесi үшiн қоғам өмiрiнiң материалдық жағдайымен нақтыланған, кепiлденген, оныңөз әрекеттерiн орындау мүмкiндiгi.
Азаматтық құқықтық мiндет дегенiмiз- азаматтардың әрекеттерiн реттейтiн амал болып табылады, ол азаматтық құқық нормасымен құқыққа ие тұлғаның мүдделерiн қанағаттандыру мақсатында мiндеттi тұлғаның белгiлi әрекеттердi орындауын қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.
Субъективтiк азаматтық құқық пен мiндеттердi тiкелей азаматтық құқықтық қатынастың мазмұнын құрайды, олар бiрлесiп азаматтардың әрекетiн реттейтiн бiрден бiр әдiс ретiнде, азаматтардың мүдделерiн қанағаттандыруды азаматтық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырады.
Субъективтiк құқық пен оған жауап беретiн субъективтiк мiндеттер субъектiлердiң мүмкiн және тиiстi әрекеттерiнiң сипатына байланысты ажыратылады. Құқыққа ие тұлға да белгiлi әрекеттердi өзi жасау мүмкiндiгi болған жағдайда, оған ешкiм кедергi жасамау керек, яғни мiндеттi тұлға енжар жағдайда, әрекетсiздiкте болады. Егер құқыққа ие тұлғаның құқығы белгiлi бiр әрекеттi талап теу мүмкiндiгi белгiлi бiр әрекеттi талап ету мүмкiндiгiнен туса, мiндеттi тұлғаның мiндетi сол әрекеттi орындау, яғни оның белсендi әрекетiнде. Барлық жағдайда да құқықтарды жүзеге асыру мiндеттердi орындау құқықтық қатынастың құқыққа ие субъектiнiң құқықтық мүдделерiн қанағаттандыруға бағытталады.
Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 2874 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!
