Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Таќырып. С±раныс пен ±сыныс теориясы



Лекция жоспары (4 кр. саѓ)

1. С±раныс: аныќтамасы,зањы, ќисыѓы.С±раныстыњ детерминанттары.

2. ¦сыныс: аныќтамасы, зањы, ќисыѓы.¦сыныстыњ баѓалыќ жєне баѓалыќ емес факторлары.

3. С±раныс пен ±сыныстыњ µзара байланысы. Нарыќтыќ тењдік.

4. Икемділік т‰сінігі. С±раныс пен ±сыныстыњ икемділігі.

Өндірісті ұйымдастыру кезеңінде туатын негізгі:

- Нені өндіру қажет?

- Қалай өндіру қажет?

- Кім үшін өндіру қажет?- деген мәселелер сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы шешіледі.

Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері.

Сұраныс - ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс - төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың сапасын құрайды.

Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 4.1. графиктегі көлденең осьте - сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады, яғни сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.

2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.

3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)

4. Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі. Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауар (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі. Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауар (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.

5. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және тапшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.

График 4.1. Сұраныстың қисығы. График 4.2. Сұраныс қисығының жылжуы.
Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі, ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: Оңға-жоғары (өсуі) Солға-төменге (азаюы)

Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны.

Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше

Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.

2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.

3. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауар бағасы ның өзгеруі.

4. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлар өзгерістерін күту.

5. Бәсекенің деңгейі.

6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – Ұсыныстың өсуіне әкеледі.

7. Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.

Графикке ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың көлемі (D). Қисық сызық (S) шығып келе жатқан бағытта болады.

График 4.3. Ұсыныстың қисығы. График 4.4. Ұсыныс қисығының жылжуы.
Р S Р2 A Р1B Q2 Q1 Q Р S1 S S0 Q
Бағаның өзгеруінен ұсыныстың көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді Бағасыз факторлардың әсері ұсыныстың өзгеруіне әкеледі: ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға-төменге (өсуі) солға –жоғары (азаюы)

Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі.

Нарықтағы тепе-теңдік жағдай сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.

Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.

График 4.5. Нарықтағы тепе-теңдік.
Мұнда: Е – сұраныc пен ұсыныс қисығының қиылысқан, тепе-теңдік нүктесі, РЕ –теңдік баға, QЕ – теңдік көлем. Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды, яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.

Бірінші жақтан, сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзгерістермен екінші жақтан, теңдік баға мен тауардың теңдік көлемі арасындағы өзгерістер арқылы төмендегі байланыстарды анықтауға болады:

  Теңдік бағаның өзгеруі Тауардың теңдік көлемінің өзгеруі
Сұраныстың өсуі Өсуіне Өсуіне
Сұраныстың азаюы Төмендеуіне Азаюына
Ұсыныстың азаюы Өсуіне Азаюына
Ұсыныстың өсуі Төмендеуіне Өсуіне

Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара өзгерістерден туындайды.

Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгеретінің анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.

Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.

мұнда ЕPD - сұраныстың бағалық икемділігінің коэффиценті;

∆ Q% - сұраныс көлемінің қатысты өзгеруі;

∆ Р% - бағаның қатысты өзгеруі;

График 4.6. Икемді сұраныс. График 4.7. Икемсіз сұраныс.
ЕPD > 1, баға төмендеген сайын сату көлемі молаяды және жалпы түсім өседі. ЕPD < 1, баға төмендеген сайын сату көлемі өзгерісі шамалы болады және жалпы түсім азаяды.
График 4.8. Бірлік икемді сұраныс. График 4.9. Абсолюттік икемді сұраныс.
ЕPD = 1, бағаның өзгеруі сұраныстың өзгеруімен тең болады. Жалпы түсім өзгермейді.   ЕPD = ∞, бағаның тұрақтылығы сұраныстың өсуіне әкеледі.
График 4.10 Абсалюттік икемсіз сұраныс.  
      ЕРD=0, баға өзгергенмен, сұраныс тұрақты қалыпта қалады. Еi

Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.

∆ Q%

ЕID = ──────

∆ J%

Мұнда: ЕID - сұраныстың табыстық икемділігінің коэффициенті.

∆Q % - сұраныстың өзгеруі

∆J% - табыстың өзгеруі

Егерде ЕID > О - бұл тауарлар сапасыз болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға сұраныс азаяды.

ЕID >О - әдеттегі қолдануға жарамды тауарлар.

Егерде О< ЕID < 1 – бірінші қажетті тауарлар

ЕID > 1 – қымбат жиһаздар, сән-салтанат тауарлары.

Көптеген тауарларға ЕID – оң сан, бірақ та қайсы бір жағдайларда ол теріс санда болуы мүмкін, яғни табыс өскен сайын сатып алынған игіліктердің саны азаюы мүмкін.

Бірін - бірі алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір тауарға деген бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады.

Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке өзгеретінін көрсетеді және формула арқылы есептеледі:

Мұнда: ЕхуD – қиылысқан икемдіділік коэффициенті;

∆ QX% – Х тауарына сұраныстын қатысты өзгеруі,

∆ РУ%; – У тауар бағасының өзгеруі.

Егерде қиылысқан икемділік коэффициенті оң сан болса, ЕхуD > 0, онда Х және У – бірін-бірі алмастыратын тауарлар.

Егер ЕхуD < 1, онда Х және У – біріне-бірі қатысы жоқ тауарлар болып анықталады.

Если ЕхуD <0, то товары Х и У –теріс сан болса, онда бірің-бірі толықтыратын тауарлар.

Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.

Мұнда ЕPS - ұсыныс икемділігі;

∆Q% - ұсыныстың көлемінің қатысты өзгеруі;

∆ Р% - бағаның қатысты өзгеруі.

График 4.11. Икемді ұсыныс. График 4.12. Икемсіз ұсыныс.
Егер ЕРS>1 –ұсыныс икемді >> Егер ЕРS <1 – ұсыныс икемсіз.
График 4.13. Бірлік икемді ұсыныс.
      Егер ЕРS =1 ұсыныстың бірлік икемділігі.  
График 4.14. Абсолюттік икемсіз ұсыныс График 4.15. Абсолюттік икемді ұсыныс
ЕРS =0. ЕРS = ∞.

Ұсыныс икемділігін қарастырғанда уақытты 3 кезеңге бөлуге болады:

1) дәл кәзіргі кезеңде- өте (абсолюттік) икемсіз ұсыныс (гр. 4.14.);

2) қысқа кезеңде – икемсіз ұсыныс (гр. 4.12.);

ұзақ мерзімді кезеңде – икемді ұсыныс (гр. 4





Дата публикования: 2014-11-03; Прочитано: 1218 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...