Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Техникалық жоба



Техникалық жоба дегеніміз құжаттар жиытығы. Оның ішінде толық және соңғы барлық қабылданған шешімдер бар. Олқұжаттардың бәрі бір-бірімен байланысқан болашақ нысандар баяндалады. Осы құжаттар жиынтығы мыналардан тұрады: сызбалардан және түсінікті жазбалардан. Олардың қажетті есептері мен шешімдері бар.Техникалық жобаның құрамы бірнеше бөлімдер мен бөлімшелерден тұрады:

І. Жалпы түсініктеме жазба. Бұл бөлімде жобаның қысқаша мазмұны берілген және ол белгілі бір реттілікпен келтірілген.

ІІ. Техника – экономикалық бөлім. Бұл бөлімде қабылданған технологиялық шешімдердің негіздемесі келтіріледі, жабдықтар мен нысандардың өлшемдерінің параметрлері беріледі. Нысанның негізгі ТЭК-тері көрсетіледі,соның ішінде жер асты құрылысы маңында. Мысалы: тоннельдердің, штректердің қабілеттілігі және құрылыстың бағасы.

ІІІ. Бас жоспар көлік және бұзылған жерлерді қалпына келтіру (рекультивация). Мұнда көрсетіледі: ғимараттар, құрылымдар, темір жолдар, жеңіл көлік жолдары. Олар негізі ТЭ лық көрсеткіште көрсетіледі. Жалпы құрылыстың ауданы, жолдардың ұзындығы, жер асты жұмыстарының көлемі және шығындар, олар сыртқы көліктер мен коммуникацияларға арналған көрсеткіштер.

ІV.Өндіріс технологиясы. Энерго ресурстармен қамтамасыз етілу және қоршаған ортаны қорғау. Бұл негізі бөлім болып табылады. Технология және аппаратардың тізбегі, жобаланатын нысанның қуаттылығын осы құжатта көрсетеді. Тау жұмыстарына арналған бұл мәліметтерді районның геологиялық мәліметтерінде келтіріледі. Жер асты құрылымдары көрсетіледі, техникалық шешімдермен бұлардың бәрі еңбек өнімділігіің жоғары болуын қамтамасыз етеді.

V. Еңбекті ұйымдастыру және мекемені басқару жүйесі. Бұл бөлімде еңбек процестерінің ұйымдастырылуына байланысты шешімдер көрсетіледі. Бұл шешімдер нысанды, жер асты құрылымдарын пайдалану кезінде көрсетіледі.

VI. Құрылыс бөлімі. Бұл бөлімде ғимараттар мен құрылымдардың сипаттамасы беріледі. Олардың жеке сипаттамасы болады.

VII. Құрылысты ұйымдастыру, Бұл бөлімнің басты бөлігі әдістер және қолданылатын шаралардың қалай жасауы көрсетіледі. Мақсаты нысанды салу барысында ең аз шығын жұмсау.

Әрбір бассейнде және көмір өндіретін аймақтарда жобалау институты бар. Өндіріс мекмесін жобалау, соның ішінде тау-кен шахтасын жобалау, бекіту инструкцияларымен есептеледі. Жобаны орындау уақыты 3 кезеңге бөлінеді:

1. Жобалау кезеңі. Жжобалауға арналған тапсырма, геологиялық барлау, техника –экономикалық жұмыстармен жасайды.

2. Жобалаушы кезең. Жобалаудың өзін жасайды, яғни сызбамен түсініктеме қағаз ретінде жасайды.

3. Сметаларды бекітеміз, тапсырыс берушілерге тапсырамыз, әсіресе, күрделі жобалар болса, торлы жоспарлар әдісін қолданғанда жүзеге асырылады және жобалаудың автоматты жүйедегі түрін қолданады.

Жобаның жұмысы тапсырыс беруден басталады, тапсырманы тапсырыс беруші орындайды.

Тау-кен бөлігіне байланысты, жұмыс сызбалары мыналарды қамтиды: денгейжиектермен байланысты тау-кен жоспары, көлемдерңне байланысты, әдістеріне байланысты орлардың, кенқұдықтарының жоспарлары. Олардың жұмыс көлемдері және жылдар бойынша бөлінеді. Барлық жұмыстар жобалау бойынша біткеннен кейін экспертизаға жіберіледі. Жобаның негізгі бөліктерін- тау-кен, байыту бөлітерін арнайы экспертті комиссия құрастырады. Жоба толық орындалғаннан кейін, бекітілгеннен кейін мемлекеттік партияға жіберіледі.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2765 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...