Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тау-кен мекеме құрылысын ұйымдастыру жобалары



Кіріспе

Жоба дегеніміз арнайы құжат. Ол белгілі бір ережелер мен нормаларға сәйкес құрылады. Онда құрылыстың тиімділігі анықталып көрсетіледі.

Жеткілікті және минималды қаражатты дұрыс сала отыра экономикалық тиімді нәтиже алу. Ең жақсы ұйымдастырылған нысандарға шешім қабылданады. Берілген параметрлер негізінде жоба қысқа мерзімде орындалуы тиіс, ең жақсы техникалық шешімдер пайдаланылады.Олар пайдалы қазбаны игеруге және салынған салымдар ең жоғарғы қайтарылымда болуы керек.

Жаңа құрылыс немесе жұмыс жасап тұрған мекемелерді қайта құрылымдау жоба бойынша іске асады. Ол жобаларды заңды және жеке тұлғалармен орындалады. Олардың бұл жұмысқа арналған лицензиясы болуы керек. Жоба берілген жағдайларға байланысты экономикалық тиімді және прогрессивті,минималды шығындар шығаратындай шешім шығаруы,яғни оң нәтиже беруі керек.

Карьерлерді жобалау әдістері және ұйымдастыру

Тау-кен мекемелерін жобалаудың өзіндік ерекшеліктері болады. Себебі,ол тау-кен мекемелерінің ерекшеліктерін ескеруді қажет етеді. Карьер геометриялық нысан ретінде кенорнын пайдаланудың соңында өзінің толық аяқталғанын көрсетеді. Қолдану және құрылысты салу барысында карьердің сызықтық өлшемдері үлкейе береді. Олар қабырғасы,алаңы,баспалдағы кеңістіктегі орнын үздіксіз өзгертіп,ығыстырып отырады. Көлік коммуникациялары да орнын өзгертіп отырады.

Бұл жағдайда технико-экономикалық мақсатты орындау күрделенеді. Себебі әртүрлі кезеңде бірнеше нұсқалар оптималды болуы керек.

Карьерді жобалаудағы ерекшелігін ол өндіретін процесстерді жобалағанда және технологиясын жүргізгенде климат факторларының әсер етуі. Бұл ерекшеліктер басқа геометриялық факторларын бірге типтік жобалауды шектейді. Сондықтан карьерлерді жобалағанда жаңа көзқарас болуы керек.

Тау-кен мекеме құрылысын ұйымдастыру жобалары

Бұл жобаны орындаудың кезектілігі; жұмысты ұйымдастыру жобасының құрамы жерасты жұмыстары технологиясының пайдасын қарастырамыз. Қазіргі заманауи шахта құрылысы монтаж жұмыстарының кешені, ол кезекпен беріліп, өзара байланысты болуы керек.

Карьер жобасының бөлімдері, оны жасау тәртібі және құрамы тау-техникалық жағдайларға байланысты. Ең кең тараған техникалық жобаның тәртібі келесідегідей:

I. Кіріспе және техника-экономикалық анықтама. Бұл бөлімде геологиялық және климаттық жағдайлардың ерекшеліктері, пайдалы қазбаның сапасына қойылатын арнайы талаптар, тапсырыс берушіге байланысты басқа да ерекшеліктер көрсетіледі.

Техника- экономикалық анықтама жобасының негізгі бөлімдерінің қысқаша мазмұны. Ол кіріспеде көрсетілген немесе бөлек түсініктеме жазба ретінде беріледі. Бұл анықтамада келесілер келтіріледі:

– карьерді салудың қажеттілігінің негіздемесі;

– карьер параметрлерінің қысқаша сипаттамасы

– мекеменің тауар өндірісінің қуат көрсеткіштері

– негізгі тау-көлік жабдықтарының саны мен модельдері туралы мәліметтер

– негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер (ТЭК) (өнімділік, жұмыскерлердің саны, өнімнің өзіндік құны, рентабельдік, пайда және оларды бағалау)

– күрделі шығындардың берілгендері және құрылыстың экономикалық тиімділігі

II. Геологиялық бөлім. Бұл бөлімде пайдалы қазбаның орны, сол аймақтың сипаттамасы, пайдалы қазбаның сапалық сипаттамасы және оның кешенді түрде қолданудың мүмкіншілігі туралы мәліметтер, пайдалы қазбаның құрамына кіретін кендердің қалғандарында қолдану мүмкіншілігі, пайдалы қазбаның және бос жыныстардың физика-механикалық қасиеттері туралы мәліметтер, кенорынның ізденістік дәрежесі, барлау дәрежесі, пайдалы қазбаның бекітілген қоры туралы мәлімет көрсетіледі.

III. Таулық (технологиялық бөлім).

1. Бұл бөлімге кіреді: карьердің шекараларын анықтау, карьер өрісін ашу, өңдеу кезеңдерін бөлу, пайдалы кен қорын есептеу және карьер контурындағы аршу көлемдерін анықтау.

2. Жұмысты ұйымдастырудың негізгі жағдайлары, күнтізбелік тәртіп, кешенді механикаландырудың жалпы сұлбасы, бұрғылау, шығарып тиеу, тасымалдау, үйіндіні жасайтын жабдықтардың түрлері мен моделдері, тауарлы өнімнің сипаты.

3. Карьер және шахтаның жобалық қуаттылығын негіздеу, аршудың жылдық көлемі, карьер немесе шахтаның жұмыс істеу мерзімі, құрылыс ұзақтылығының немесе жобалық қуаттылықты игеру мерзімі және екінші кезеңдегі жұмысты бастау.

4. Бұрғылау–жару жұмыстары. Бұрғылау –жару жұмыстарының параметрлерін есептеу, жарылғыш заттың шығыны, бұрғылау қондырғыларының саны, бұрғылау модельдерін негіздеу.

5. Экскаваторлық жұмыстар. Осы экскаватордың моделін негіздеу, олардың саны мен өнімділігін есептеу.

6. Ішкі көлік. Көліктің түрін негізгі тасымалдау жабдықтарының моделі, саны мен өнімін, теміржол және автомобиль жолдарының параметрлерін есептеу.

7. Үйіндіні түзу. Үйінді параметрлерін есептеу жабдықтарының саны, үйіндінің орналасқан жерін негіздеу, үйінді бетінің рекультивация әдісін жасау.

8. Қосымша үрдістерді механикаландыру және материалдарды карьерге немесе шахтаға жеткізу.

9. Траншеяларды өту, қазу, траншеяларды өту әдісін таңдау, олардың параметрлерін есептеу, тау жыныстары төмендеуінің жылдамдығының мүмкіншілігін анықтау, тау-кен дайындау жұмыстарының көлемін есептеу.

10. Аршу. Аршу әдісінің негізі, оның сипаттамасы, траншеяларды трассалау, тау күрделі жұмыстарын ұйымдастыру және олардың ұзақтылығының көлемін анықтау.

11. Жұмысты істеу жүйесі. Оларды негіздеу, жалпы сипаттамасы, жүйенің элементтері, (кертпеш биіктігі, кірудің ені, жұмыс алаңшасы, жұмыс жағдайының қиябет бұрышы, жаңа горизонттарды дайындау, пайдалы қазбаның қазып алудың әдістері).

12. Күнтізбелік жоспар және өндіру тәртібі. Пайдалы қазбаны өндірудің таратылуы, аршудың көлемдері, деңгейі бойынша кеңістікте көрсету бірінші 5-7 жыл бөлшектеніп күнтізбелік жоспар беріледі, ол жыл сайын бөлінеді, уақыт бойынша 5-5 жылдан бөлінеді.

13. Дренаж және суды құйып шығару. Карьерді, шахтаны жер беті, жер асты суларынан қорғау әдісі.

14. Жарылыс заттардың шаруашылығы мен материалдарды шахта мен карьерге жеткізу мен сақтау.

15. Карьер мен шахтадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған бағдарламалар:шаңмен күресу, өрттермен зиянды газдармен күресу.Төтенше жағдайларды жою бағдарламасы.

16. Өндіріс санитария және жұмысшылар көлігі; ауызсумен қамтамасыз ету, медициналық мекемелерді орналастыру, жұмыс нысандарына жеткізу.

IV. Тау-механикалық бөлім.Компрессорлы, вентиляторлық құрылғылар, магистральды конвейерлер, шахта ішіндегі құрылғылар, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету және т.б

V. Ұсату, байыту фабрикалары мен қоймалары. Байыту және ұсату, сұрыптау қондырғысы. Қайта тиейтін бункерлер, пайдалы қазбаға арналған апаттық қоймалар.

VI. Энергетикалық бөлім. Электр және жылумен қамтамасыз ету, жылу жүйелері, жарық беру жабдықтары, ЛЭП (линия электропередачи).

VII. Құрылыс бөлімі. Жер бетіндегі тұрмыстық, мәдениеттік ғимараттар мен құрылғылар.

VIII. Генплан. Ғимараттарды және құрылғыларды орналастыру қатынас жолдарын трассалау және сыртқы көлік көрсетіледі.

IX. Экономикалық бөлім. 1. 1 т өндіруге және 1 м3 аршуға арналған өзіндік құны калькуляциясы, еңбекшілер штаты, еңбек өнімділігі.

2. техника-экономикалық көрсеткіштерді сараптау.

3. пайда мен мекеме рентабельдігін есептеу.

4. кенішті бастау керек деген қабылданған шешімдердің тиімділігін экономикалық негіздеу.

X. Сметалық бөлім. Бірлік бағалар мен калькуляция, нысандар бойынша сметалар жобаланатын мекеме құрылыс құнының біріктірілген сметасы. Осы смета бекітідлгеннен кейін құрылысты қаржыландыруға негіз бола алады және тапсырыс берушімен ұжымның есептеуіне негіз болады.

ХІ. Құрылысты ұйымдастыру жобасы (ПОС). Құрылыс жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру, алаңша дайындау, жолдар мен коммуникация салу, тау-кен күрделі жұмыстары.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1512 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...