Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге тестілеу өткізудің тәртібі



14. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге (бұдан әрі – «Б» корпусына үміткерлер) тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.
15. Тестілеуге «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 10-бабының 4-тармағында, 13-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
16. «Б» корпусына үміткерлер Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды береді:
1) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған);
3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған);
4) ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Егер азамат еңбек қызметін атқармаған болса немесе оның өтінішінде көрсетілген лауазым санаты бойынша жұмыс өтілі талап етілмесе осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.
17. Қарауға «Б» корпусына үміткерлер немесе олардың өкілдері (сенімхат бойынша) қолма-қол немесе пошта бойынша толық көлемде ұсынған құжаттары қабылданады.
«Б» корпусына үміткерге немесе олардың өкілдеріне құжаттарды қолма-қол тапсырған кезде уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерімен осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысандағы құжаттарды қабылдаған күні мен тестілеу күні көрсетілген қолхат беріледі. Қолхат уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мөртабанымен куәландырылады.
Құжаттарды қолма-қол толық емес көлемде ұсынған жағдайда уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелерінің жауапты қызметкері құжаттарды қараусыз және қолхатсыз қайтарады.
Пошта бойынша құжаттарды толық көлемде жібергенде уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері құжаттар түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей «Б» корпусына үміткерге қолхат жіберіледі.
Пошта бойынша құжаттарды толық емес көлемде ұсынған жағдайда уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері құжаттар түскен күннен бастап екі жұмыс күннің ішінде дәлелді жауапты қоса беріп құжаттарды қараусыз қайтарады.
18. Тестілеу өткізуге бос орындар болған жағдайда «Б» корпусына үміткер дереу тестілеуге жіберіледі. Сол күні тестілеу өткізуге бос орын немесе техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда «Б» корпусына үміткер тестілеуді мүмкін болған жақын арада өтеді. Бұл ретте тестілеу әкімшісі қолхатта дереу тестілеу өткізу мүмкін еместігінің себебін көрсетеді.
19. «Б» корпусына үміткер осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының санаты бойынша өтеді.
20. Лауазым санаты үшін қарастырылған бағдарлама бойынша тестілеу нәтижелері тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.
21. «Б» корпусына үміткерлер тестілеудің бір бағдарламасы бойынша қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап үш айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.




Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 267 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...