Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Алгоритмнің жазылу түрлері



Дістемелік нұсқау

Алгоритм – бұл қандай да бір әрекеттің тізбектеліп, түсінікті және нақты орындалуы.

Алгоритмнің жазылу түрлері

Алгоритмнің жазылу түрін 3-ке бөлуге болады: сөздік, графиктік, алгоритмдік тілде жазылуы.

Алгоритмнің сөздік жазылу түрі, оны үйренудің бастапқы этаптарында қолданылады. Командаларды жазу формасы күнделікті қолданылатын сөздер арқылы жазылады.

Графиктік жазылу түрі қиын құрылатын алгоритмдерді әр түрлі геометриялық фигуралардың көмегі арқылы алгоритмді құру процесін жеңілдету болып табылады.

Алгоритмнің графиктік жазылу түрінде қолданылатын кейбір блок-схемалар:

Блок-схемалардың сызылу түрі Қызметі
Алгоритмнің басы
Алгоритмнің соңы
Есептеу немесе меншіктеу әрекеттерін орындау
Мәліметтерді енгізу-шығару блогы
Шартты орындау
Циклдың басы

Алгоритмдік тілде қолдану тәсілі қатал айқындалған қызметші сөздер қолданылады. Олар: алг (алгоритм), нач (басы), кон (соңы), арг (аргумент), рез (нәтиже).

Алгоритмдік тілде тапсырма мәліметтерін аргументтер деп атап, оларды арг сөзінен кейін орналастырады, рез сөзінен кейін тапсырманың нәтижесі болатын айнымалылар жазылады.

Алгоритмнің, алгоритмдік тілдегі жалпы жазылу түрі:

Алг алгоритмнің аты

Арг аргументтер тізімі

Рез нәтижелер тізімі

Нач

Алгоритмің командалар тізбегі

Кон

Егер тапсырманың шарты толығымен анықталып тұрса, онда Арг кілттік сөзін жазбауға болады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 4004 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...