![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Жылан шағуы-өмірге өте қауіпті, өлімге әкелетін жағдай болып табылады.
Клиникасы:
- Айқын көрінетін бір н/е екі нүктелі жараның болуы
- Шаққан жерде қатты ауырсыну және жергілікті ісіну тез дамиы, кейін ол бүкіл бағытта таралып зақымалған жерде экхимтоздар мен күлдіреуіктер пайда болады
- қызба, лоқсу, құсу, бұлшық ет әлсіздігі, ұйқышылдық, салқын тері
- көрудің бұзылуы («двоится» в глазах)
- тыныстың қиындауы
Диагностикасы: жоғарыда көрсетілген шағымдарына қарап;
Лабороторлы зерттеулерге қарап: прогрессирлеуші анемия, полиморфты-ядеролы лейкоцитоз (20-30*109/л), тромбоцитопения, гипофибриногенемия, қан ұю бұзылысы, протеинурия и азотемия.
Шұғыл көмек:
- Зардап шегушіге толық горизонтальды қалыпта тыныштықты қамту.
- Қимыл-қозғалысын шектеу.
- Зақымдалған аяғын сау аяғына толықтай бинттап тастау шинамен.
- Қолын шаққанда қолын бүгілген қалыпта шинамен байлам қою.
- Жылан шаққан жерді резинелі грушамен уын сорып алып тастау, бұны 15-20 минут бойын жүргізу. Бұл организмнен удың 20-50 % алып тастауға көмектеседі.
- Жараны йод н/е зеленкамен дезинфекциялау.
- Зардап шегушіге көп мөлшерде су беру.
- Қажет жағдайда ӨЖЖ мен жүрек массажын жасау.
- Жақын орналасқан медициналық мекемеге тасымалдау. Онда поливалентті жыланға қарсы сарысу енгізеді. Антиоксидантты иммунды сарысу флаконы 10 млден тұрады.
Минималды ісіну мен тілі байланып қалғанда 3 флакон, ал айқын интоксикация мен ауырсыну болғанда 5 флаконын енгізу. Ауыр ағымында 100-200 мл енгізу.
Обструкциялық синдром. Клиникасы. Стенозбен ажыратпалы диагностикасы.
Обструкиялық синдром – этиологиясы әртүрлі бронх өзегінің генерализденген тарылуынан дамитын, тыныс кезінде ауа өтуінің шектелуімен көрінетін, науқаста ентігумен байқалатын жағдай.
Клиникасы: - жиі түнде ж/е физикалық жүктеме кезінде туынайтын экспираторлы ентігу
- Тұншығу ұстамалары, тынысының жиілеуі
- Жабысқақ шырышты н/е шырышты-іріңді қақырықпен бөлінетін жөтел
- Ауыс дірілінің әлсіреуі, перкуторлы қораптық дыбыс,
- Өкпенің екі жағынан да симметриялы тыныс шығарудың ұзаруымен везикулярлы тыныстың әлсіреуі
- Өкпенің екі жағынан да құрғақ ысқырықты сырылдар, алыстан естілетін
- Шырышты қабықшаларының цианозы, науқас мәжбүр қалыпта болады
- Тыныс алуға қосымша бұлшық еттердің қатысуы
- Спирометрияда ТИффно индексінің төмендеуі
Диф.диагноз: Жоғарғы тыныс жолдарының ж/е трахеяның стенозы көбіне дифтериялық н/е жалған круп, трахея мен көмейдің ісігінде, тыртықтануында, ұзақ уақыт трахея интубациясынан дамиды. Клиникасындааралас ентігу болады, жөтел сирек, жиі құрғақ, «ит үргендей», даусының өзгеруі, оның қарлығуы. Өкпеде стридорлы тыныс- қатты бронхиальды тыныс, сонымен қатар тынстың екі фазасында да құрғақ ысқырықты сырыл естіледі.
Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2124 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!