![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Көмей стеонзы – дауыс байламы арқылы ауаның жылдам н/е баяу өтуінің қиындауына әкелетін көмей өзегінің қысылуы.
Жіктелуі:
- Даму жылдамдығына ж/е этиологиялық факторына байланысты:
1.Кенет, бірден- бұл аз уақыт ішінде бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін дамиды..
Этиология: көмейдегі бөгде дене, көмек жарақаттары.
2. Жедел- ұзақ уақыт аралығында бірнеше минуттан тәулікке дейін дамиды.
Этиология: эпиглоттит, көмей абцессі, көмей баспасы, мойын флегмонасы, термиялық ж/е химиялық күйік,ота кезінде төменгі көмей нервтерінің зақымдалуы,ұзақ жоғарғы трахеобронхоскопия.
3. Жеделдеу-бірнеше күн ішінде дамиды (кейде бір аптаға дейін).
Этиология: Көмей дифтериясы
4. Созылмалы-бірнеше апта, ай н/е жыл ішінде дамиды.
Этиология: Балаларда көмей папилломатозы, көмейдің қатерсіз ж/е қатерлі ісігі, гуммозды сифилис, туберкулез, склерома, тыртықты өзгерістер.
- Дәрежесіне байланысты:
I. компенсациясатысы тыныстың қиындай түсуімен ж/е жиілеуімен, тыныс алу мен тыныс шығаруың арасындағы паузаның азаюымен, физикалық жүктеме кезінде инспираторлы ентігудің пайда болуымен сипатталады.
II. толық емес компенсация сатысында- тыныс алуға айқын күш керек, тынысы шулы, алыстан естілетін, терісі бозарған. Науқас мазасыз, тыныс алуға қосымша бұлшық еттер мойын ж/е кеуде клеткасы қатысады,тыныс алуғанда бұғанаүсті ж/е бұғанаасты аймағы, қабырға аралықтары ішке кірген.Көрсетілген белгілер аздаған физкалық жүктемеде туынайды.
III. декомпенсация сатысы- жағдайы ауыр, тынысы жиі,беткей, тершең, тері жамылғысы боғылт-көк, акроцианоз, сосын жайылмалы цианоз болады. Науқас ортопноэ қалпында болады.
IV. Терминальды сатысы (асфиксия)- науқаста бірден шаршағыштық пен енжарлық дамиды, тынысы беткей, үзілмелі(Чейн-Стокс), терісі бозғылт-сұр, пульсі жіп тәрізді, қарашығы кеңейген, естен тану, еріксіз зәр шығару мен дефекация, өлімде туындауы мүмкін.
Диагностикалық критерийлері: Көмей стенозының себебін анамнез жинау н/е көмейді қарау арқылы болады.
Негізгі клиникалық симптомдары:
1. Инспираторлы ентігу
2. Тыныс алуға мойын және кеуде клеткасының бұлшық еттерінің қатысуы (бұғанаүсті ж/е бұғанаасты шұңқырының, қабырға аралықтарының ішке кіруі).
3. Қалқанша шеміршегінің экскурсиясы анықталады, тыныс алғанда-төмен, тыныс шығарғанда – жоғары.
4.Тыныс ырғағының баяулауы (тыныс алуың баяулауы, тыныстық паузалардың азаюы).
5. Көмейлік шудың пайда болуы, даусының өзгеруі (қарлығуы н/е дыбыссыз).
6. Венозды стаз.
7. Пароксизмальды пульс (тыныс алу кезінде баяулауы н/е жоғалуы).
Шұғыл көмек: бірінші кезекте стеноздың сатысын анықтау, екіншіден себебін.
-Көмей стенозының I - II сатысында (субкомпенсация):
1. Науқасқа эмоционалды ж/е психикалық тыныштық жағдай жасау.
2. Жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру. Стенозды рефлекторлы алаңдатпалық процедуралар арқылы азайту(ыстық аяқтық ванналар, кеуде клеткасына қыша қағаз қою, булы ингаляция), бұларды гипертермия мен жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі кезінде жасамайды.
3. Жартылай отырған қалыпта, жылы сілтілі су ішкізу.
4. Ылғалдандырылған оттегі ингаляциясы.
- II - III сатысы (декомпенсация): 1. Медикаментозды ем:
- преднизолон 3% ерт60-90 мг (3-5 мг/кг балаға) б/і, т/і струйно;
- хлоропирамин 2% -1,0 (0,1 балаға) н/е димедрол 1% -1,0 (0,1 балаға), б/і, т/і;
- седуксен 0,5% -2,0 (0,1 мл/жыл балаға) б/і, т/і.
- III-IV сатысында: 1.Трахеяның шұғыл интубациясы, қажет жағдайда ӨЖЖ (ИВЛ). Интубация жасай алмағанда коникотомия.
Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 4324 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!