Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ақша. Ақшаның қызметтері



Ақша – жалпыға бірдей жалғыз эквивалент болып табылатын ерекше тауар. Алтын құнның жалпыға танымал өлшеуіші болып табылғандықтан, ол барлық тауарлардың құнын өлшеуші-эталон болып табылды.

Ақшаның пайда болуынан кейін, Ti - Т2 формуласымен жүзеге асып келген қарапайым тауарайырбасы Ti - А - Т2 формуласымен ауысты. Ақша бір игілікті басқаға айырбастау кезінде таптырмайтын және өтімді делдалға айналды.

Ақшаның экономикалық рөлі оның қызметтерінен көрінеді. Ақша келесі қызметтерді атқарады:

5.4 Сурет Ақшаның қызметтері

Ақша ең бірінші құн өлшемі қызметін атқарады, яғни барлық тауарлардың құнын өлшейді.

Құнның ақшалай көрінісі – бұл баға. Өнімнің бағасын анықтау үшін ақшаның өзі қажет емес, өйткені тауар сатушы оның бағасын ойша белгілейді (құнды ақшамен мінсіз көрсетеді).

Айналыс құралы қызметі кезінде ақша құралдары айналымдағы делдал ретінде көрініс табады, яғни Т (тауар) – А (ақша) – Т (тауар) формуласымен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша бұл қызметті өткінші түрде атқара отырып, сатып алушылар мен сатушылардың қолында ұзақ уақытқа бөгелмейді. Бұл жайт соңында құны толымды ақшаның толымсыз ақшамен ауыстырылуына әкелді.

Егер сатушы өз тауары үшін ақша алып, бірақ оны өзіне қажетті заттарға жұмсамаған болса, онда айналым үрдісі үзіледі. Бұл кезде ақша қазына қалыптастыру құралы қызметін атқара бастайды, яғни олар байлық жинау көзі ретінде жинақтала бастайды.

Қазына қызметін тек қана алтын монеталар атқарып қоймайды, сондай-ақ алтын құймалары, алтын бұйымдары – ақшалай материалдың барлық түрі атқарады.

Тауарларды несиеге берген кезде (төлем мерзімін ұзарту арқылы қарызға) ақша төлем құралы қызметін атқарады. Бұл кезде сатып алынған тауарға қарызды өтеу мерзімі келген кезде төлем жүргізіледі. Ақшаның бұл рөлі кезінде олар тауар айналымынан тыс жүзеге асырылады, яғни жалақы төленген кезде, қандай да бір қаржылық міндеттемелер орындалған кезде (қарызды өтеу, салық төлеу, арендалық немесе жерге төлемдерді жүргізу және т.б.)

Халықаралық сауда барысында ақшаның әлемдік ақша қызметі пайда болады. Бұл кезде барлық елдер арасындағы шаруашылық байланыстарда ақша жалпыға ортақ эквивалент рөлінде көрініс тауып отырады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2791 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...