Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бөлім. Нарық және оны реттеу механизмі



197. Олигополия – бұл:

а) еркін бәсеке нарығы

б) монопольды жоғары табыс алу мақсатында біріккен ірі капиталистердің бірлестігі

+в) бірнеше ірі фирмалар билік ететін және біртекті немесе дифференциялданған тауар өндіретін нарық

г) еркін бәсеке нарығы, монопольды жоғары табыс алу мақсатында біріккен ірі капиталистер бірлестігі

д) нарықта бір фирманың билік етуі

198. Жетілген және монополистік бәсеке нарықтарының ортақ белгісі қандай?

+а) нарықта сатушылар мен тұтынушылардың көп болуы

б) біртекті тауарлар сатылады

в) дифференциялданған тауарлар сатылады

г) жоғары деңгейлі технологиялардың болуы

д) өз өніміне сұраныстың болуы

199. Мемлекеттің экономикаға араласуының басты себебі қандай?

а) жекелеген әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғау

б) қоғамдық мүддені қорғау

в) нарық механизмінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету

+г) барлық жауап дұрыс

д) экономикалық және әлеуметтік даму үшін нақты міндеттерді шешу

200. Нарықтық экономиканың мәнін қалай түсіндіруге болады?

а) хаос пен анархия жүйесі

б) сұраныс пен ұсынысты теңестіретін қарапайым механизм

+в) баға мен нарықтар жүйесі арқылы қызмет ететін координациялаудың күрделі механизмі

г) реттеу механизмі күрделі, көп құрылымды икемсіз жүйе

д) тұтынушылар, өндірушілер, өндіріс факторлары иелері шешімдерінің келісімге келу ортасы

201. Нарықтық экономикада өнім тұтынушылар арасында былай бөлінеді:

а) тұтынушылардан тәуелсіз обьективті себептерге байланысты

+б) тұтынушылардың қалауы мен өнімді сатып алу қабілеттеріне байланысты

в) тұтынушылардың өнімді сатып алу ниетімен байланысты

г) тұтынушылардың өнімді сатып алу қабілеттеріне байланысты

д) тұтынушылардың табыс деңгейіне байланысты

202. Нарыққа тән емес қандай процесс?

а) сату- сатып алу актілерінің жүзеге асуы

б) сатушылар мен тұтынушылардың қарым-қатынасы

в) сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі

г) тауарлармен айырбас жасаудың экономикалық нысаны

+д) натуралды өнімдермен айырбас жасау

203. Нарықтың шаруашылықтың негізгі субьектілері кімдер?

а) өндіріс факторларының иелері

б) өнеркәсіптік, сауда, қарыз капиталистері

в) жалдамалы жұмысшылар, капиталистер, жер иелері

г) кәсіподақтар, кәсіпкерлік бірлестіктер, мемлекеттік институттар

+д) үй шаруашылығы, бизнес, үкімет.

204. Нарықтық механизмнің элементіне мыналардың қайсысы жатпайды?

+а) жоспарлау

б) сұраныс

в) ұсыныс

г) бәсеке

д) баға

205. «Бәсекелік нарық» түсінігіне қай сипаттама сай емес?

а) көптеген сатушылар

б) көптеген сатып алушылар

+в) тауарларға сұраныс білдіретін тұтынушылардың аздығы

г) осы нарыққа өндірушілердің салыстырмалы түрде жеңіл енуі

д) экономикалық биліктің өзгеруі

206. Қандай жағдай «жетілген бәсеке» нарығына қайшы?

а) барлық тұтынушылар мен сатушылар баға туралы толық мәлімет ала алады

б) стандартты тауар шығаратын көптеген фирмалар салаларда қызмет етеді

в) ағымдық бағамен тауарды сатып алатын көптеген тұтынушылар бар

г) нарыққа ену кезінде кедергілер жоқ

+д) нарыққа ену кезінде кедергілер жоғары

207. Нарықтың пайда болу шарттары қандай?

а) дамыған қоғамдық еңбек бөлінісі

б) меншіктің көптүрлілігіне негізделген нарық субьектілердің экономикалық оқшаулануы

в) ұлттық экономиканың әлемдік экономикалық кеңістікке ену қажеттігі

г) ішкі шаруашылықтық тұтынудың дамуы

+д) дамыған қоғамдық еңбек бөлінісі, нарықтық субьектілердің экономикалық оқшаулануы

208. Экономикалық категория ретінде нарық- бұл...

+а) тауар және ақша қозғалысымен байланысты қатынастар жиынтығы

б) базар

в) сатушылар мен сатып алушылардың кездесетін орны

г) нарықтық алаң

д) биржалы сауданың нысаны

209. Еркін бәсекенің жүйелік белгісіне жатпайды:

а) қатысушылардың санының көптігі жәненарыққа кіру еркіндігі

б) ақылы ақпараттың толықтығы

+в) монополды баға қою

г) барлық ресурстардың абсолютті қозғалысы

д) тауарлардың абсолютті біртектілігі

210. Қай мәселені нарық шеше алмайды?

а) ресурстарды тиімді бөлу

б) ғылыми-техникалық жетістіктерді меңгеру

в) экономикадағы тапшылықты жою

+г) халықты әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету

д) сатушылар мен тұтынушылардың мүддесін біріктіру

211. Нарықтың дұрыс емес жіктемесін көрсетіңіз:

а) географиялық орналасуы бойынша: жергілікті, ұлттық, әлемдік

+б) бәсекенің шектелу деңгейі бойынша: шикізаттық

в) экономикалық мазмұны бойынша: еңбек, капиталдар нарығы

г) салалар бойынша: автокөлік, компьютерлер нарығы

д) сауда жасау сипаты бойынша: бөлшек және көтерме

212. Монопсония нарығына сай жағдайды көрсетіңіз:

а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар

+б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар

в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар

г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар

д) бір сатушы мен бір тұтынушы

213. Олигополия кезіндегі нарық жағдайын көрсетіңіз:

а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар

б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар

в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар

+г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар

д) бір сатушы мен бір тұтынушы

214. Монополия кезіндегі нарықтық жағдайды көрсетіңіз:

+а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар

б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар

в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар

г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар

д) бір сатушы мен бір тұтынушы

215. Олигопсония кезіндегі нарықтық жағдайды көрсетіңіз:

а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар

б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар

+в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар

г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар

д) бір сатушы мен бір тұтынушы

216. Нарықтың негізгі белгісін көрсетіңіз:

а) әлсіздердің біртіндеп күштілерді ығыстырып шығаруы

б) кейбір салаларда монополияның болмауы

+в) ресурстарды тиімді бөлуі

г) тұрғындарды әлеуметтік қорғауы

д) шағын кәсіпкерлікті қолдауы

217. Қандай жағдай таза монополияға сай емес?

а) сатушы- жалғыз өндіруші, сала- бір фирманың синонимы

б) шығарылатын өнімнің алмастырушысы жоқ

+в) нарыққа ену салыстырмалы түрде жеңіл

г) тауар бғасына, өндіріс көлеміне бақылау бар

д) нарыққа ену кедергілері жоғары

218. Бәсекелестік нарық механизміне тән емес:

а) шаруашылық субьектілерінің еркіндігі

б) баға қоюдың еркіндігі

+в) нарықтағы қандай да бір субьектінің монополды жағдайы

г) тауар өндірушілердің бәсекесі

д) мемлекеттің экономикада минимальды қатысуы

219. Ауылдық жерде жалғыз бензоколанка болса, онда ол…

а) монопсония

+б) монополия

в) олигополия

г) олигопсония

д) нарықтағы кез-келген жағдай

220. Әділетсіз бәсекеге жатпайды:

а) техникалық құпияны ұрлау

б) бөтен тауар белгісін рұқсатсыз пайдалану

+в) бәсекелік өнімнің сапасын жақсарту

г) басқа фирманың тауарды сыртқы безендіруін көшіріп алу

д) бәсекелес фирманың жұмысшыларын қаржымен қызықтыру

221. Бағалық емес бәсеке амалына жатпайды:

а) бәсекеге түсетін өнімнің сапасын арттыру

б) жарнама

+в) жоғары баға қою

г) көрме ұйымдастыру

д) жәрмеңке өткізу

222. Нарық жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі немен байланысты?

а) мемлекеттік аппараттың мүддесімен

б) монополистік капиталдың экономикалық мақсаттарымен

+в) қоғам үшін маңызды бірқатар экономикалық және әлеуметтік мәселелерді нарықтың шешуге қабілетсіздігі

г) әскери өнеркәсіптік кешеннің қажеттіліктерімен

д) өндіріс құралдары иелерінің жалдамалы еңбекшілерді қанауы және пайдалануымен

223. Бәсекелік нарық механизмінің тәсіліне жатпайды:

а) тұтынушылар, өндірушілер және өндіріс факторлары иелерінің келісіп шешім қабылдауы

б) осы шешімдердің бірдей болуы және ұқсастығы

в) осы шешімдердің бірдей болуы және келісілуі

+г) бағаны директивтік реттеу

д) шешім қабылдаудың еркіндігі

224. Салада бәсекенің жоқтығын қай белгіден көруге болады?

а) экономикадағы пайданың деңгейі қалыпты деңгейден төмен болса

б) саладағы фирманың өндірісті кеңейтуге қабілетсіз болуы

+в) басқа кәсіпкерлерде осы салаға ену мүмкіндіктерінің болмауы

г) саладағы еңбек ақының экономикадағы орташа деңгейден төмен болуы

д) кез келген субъектілердің салаға еркін кіруі

225. Нарықтық экономиканың сипатына жатпайды:

а) бәсеке

+б) орталықтан жоспарлау

в) жеке меншік

г) кәсіпкердің таңдау еркіндігі

д) банкрот болу

226. «Бәсекелік нарық» түсінігіне қайшы жағдай қайсы?

а) экономикалық биліктің бөлінуі

б) сатушылардың көптігі

в) тұтынушылардың көптігі

г) нарықққа өндірушілердің салыстырмалы түрде жеңіл енуі

+д) нақты тауарға сұраныс білдіретін тұтынушылардың аздығы

227. Ұлттық нарық нарық жіктемесінің қандай типіне жатады?

а) нарықтық қатынастардағы обьектілердің экономикалық бағыты бойынша

+б) географиялық орны бойынша

в) бәсекенің шектелу деңгейі бойынша

г) сала бойынша

д) сауда жасау сипаты бойынша

228. Олигополистік нарық нарық құрылымының қай типіне жатады?

а) нарықтық қатынастардағы обьектілердің экономикалық бағыты бойынша

б) географиялық орны бойынша

+в) бәсекенің шектелу деңгейі бойынша

г) сала бойынша

д) сауда жасау сипаты бойынша

229. Аталғандардың қайсысы бәсекелік нарыққа сай келмейді?

а) жетілген бәсеке

б) еркін баға қою

в) нарыққа еркін ену және шығу

+г) монополия

д) нарыққа еркін ену

230. Өркениетті нарықтық қатынастар нәтижесінде қандай жағдай болмайды?

а) көптүрлі меншік нысандары қалыптасады

б) мемлекеттік реттеу сақтала отырып, өндіріс демократияланады

в) нарықтық инфрақұрылым құрылады

г) құқықтық заңнама жетіледі

+д) ұлттық экономика жабық жүйеге айналады

231. Қазақстан Республикасының антимонополиялық заңы қандай нормативтік актіде негізделген?

+а) «табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңы

б) антимонополиялық саясаттың бағдарламасы

в) кәсіпорын іс әрекетінің бағдарламасы

г) Шерман заңы

д) монополды билік

232. Экономикалық категория ретінде нарық- бұл:

+а) тауар және ақша айналымы қатынастарының жиынтығы

б) нарықтық алаң

в) тауар айырбасының нысаны

г) сатып алушы мен сатушының кездесу орны

д) биржа

233. Саудада демпингке қарсы қандай заң қолданылады?

+а) антимонополиялық заң

б) құн заңы

в) салық заңы

г) ұсыныс заңы

д) сұраныс заңы

234. Нарықтың кемшілігіне не жатады?

а) нарықтық тепе теңдік тез арада қалпына келеді

б) өндіріс жағдайларына бейімділік жоғары

в) ресурстар тиімді бөлінеді және пайдаланылады

+г) қоршаған ортаға кері әсері бар

д) сатушылар мен сатып алушылар таңдауының еркіндігі

235. Әртүрлі өнім шығаратын көптеген майда фирмалар нарығы қалай аталады?

а) монополия

б) жетілген бәсеке

в) олигополия

г) таза бәсеке

+д) монополистік бәсеке

236. Сұраныс заңы бойынша:

а) сұраныс көлемі мен тауар бағасы арасында тікелей тәуелділік бар

+б) тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасында кері тәуелділік бар

в) тұтынушының сұранысы оның табысына тәуелді

г) сұраныс бағалық емес факторларға тәуелді

д) баға сұранысқа тәуелді

 
 


237.Бұл математикалық өрнек қай заңды сипаттайды?:

+а) сұраныс заңы

б) ұсыныс заңы

в) еңбек өнімділігінің кему заңы

г) өндіріс шығындарының арту заңы

д) шекті пайдалылықтың кему заңы

238. Графикте ненің қисығы өрнектелген?

а) сұраныс қисығы

+б) ұсыныс қисығы

в) Филлипс қисығы

г) Лоренц қисығы

д) өндірістік мүмкіндіктер қисығы

239.Ұсыныс заңы нені сипаттайды?

а) ұсыныстың ресурс бағасына тәуелділігін

б) сатылатын тауар саны мен бағасы арасындағы кері байланысты

в) өзара алмастырылатын және өзара толықтырылатын тауарлар арасындағы байланысты

г) әрбір тауардың икемділігін

+д) сатылатын тауар саны мен бағасы арасындағы тікелей байланысты

 
 


240. Графикте не өрнектелген?

+а) сұраныс қисығы

б) ұсыныс қисығы

в) Филлипс қисығы

г) Лоренц қисығы

д) өндірістік мүмкіндіктер қисығы

241. Абсцисса осіндегі А нүктесі нені көрсетеді?

а) сұраныс пен ұсыныс көлемінің теңсіздігін

+б) өндіріс көлемінің тепе теңдігін

в) бағалардың тепе теңдігін

г) шекті табыстың мөлшерін

д) өндірістік мүмкіндіктер қисығын

242. Ординатада осіндегі А нүктесі нені көрсетеді?

а) бағалардың тепе теңдігін

+б) сұраныс пен ұсыныс көлемінің тепе теңдігін

в) өндіріс көлемінің тепе теңдігін

г) шекті табыстың мөлшерін

д) шекті өнімнің мөлшерін

243. Тауарға деген экономикалық сұраныс нені білдіреді?

+а) обьективті мүмкіндіктері (ақша қаражаты) бар сатып алушының субъективті тілегі

б) қажеттіліктірдің көріну нысаны

в) тұтынушының тауарды сатып алу туралы арманы

г) тұтынушының тауарды сатып алу туралы ниеті

д) сатылуға бағытталған тауардың көлемі

244. Қандай факторлар сұранысқа әсер етеді?

а) тұтынушы талғамы, бензин бағасы

б) ресурс бағасы, тұтынушы талғамы

в) тұтынушы табысы, нан бағасы

+г) тұтынушы талғамы, тұтынушы табысы

д) ресурс бағасы, тұтынушы табысы

245. Қандай факторлар ұсынысқа әсер етеді?

а) технологияның жақсаруы, тұтынушының кірісі

б) тұтынушы талғамы, ресурс бағасы

в) ресурс бағалары, тұтынушының кірісі

г) тұтынушы кірісі, тұтынушы талғамы

+д) технологияның жақсаруы, ресурстар бағасы

246. Сұранысқа әсер етпейтін қандай фактор?

+а) кәсіпкерлікке салынатын салық

б) тұтынушылар саны

в) басқа тауарлардың бағасы

г) тұтынушы талғамы

д) тұтынушы табысы

247. Ұсыныс әсер етпейтін факторды көрсетіңіз:

а) кәсіпкерлікке салынатын салық

б) технологияның жетілуі

+в) тұтынушы табысы

г) ресурстарбағасы

д) басқа тауарлардың бағасы

248. Баға бойынша сұраныс қай кезде икемді болады?

а) Ed<1

+б) Ed>1

в) Ed<1 және Ed>1

г) Ed=1

д) Ed=0

249. Баға бойынша ұсыныс қай кезде икемсіз?

а) Es>1

б) Es=1

+в)Es<1

г) Es>1 және Es<1

д) Es=0

250. Егер тауарға сұраныс өсіп, ал ұсыныс өзгеріссіз қалса, онда:

+а) тепе теңдік баға мен сату көлемі артады

б) тепе теңдік баға көтеріледі, ал сату көлемі азаяды

в) тепе теңдік баға мен сату көлемі азаяды

г) тепе теңдік баға төмендейді, ал сату көлемі өседі

д) өзгеріс болмайды

251. Егер баға төмендеген кезде сатып алу көбейсе, онда сұраныс:

+а) баға бойынша икемді

б) баға бойынша икемсіз

в) кіріс бойынша икемді

г) кіріс бойынша икемсіз

д) қиылысқан икемділік

252. Сұраныстың қисық бойымен орын ауыстыруы немен байланысты?

а) сұраныстың артуымен

б) сұраныстың төмендеуімен

в) сұраныстың ұсыныстан жоғары болуымен

+г) бағаның өзгеруімен

д) тауарға сұраныстың өзгеруімен

253. Егер тауар бағасы 1 %-ға төмендегенде сұраныс 2%-ға артса, онда сұраныс:

а) икемсіз

+б) икемді

в) бірлік икемді

г) абсолютті икемді

д) абсолютті икемсіз

254. Егер баға 5 %-ға төмендегенде ұсыныс көлемі 8% -ға төмендесе, онда ұсыныс:

а) икемсіз

б) бірлік икемді

+в) икемді

г) абсолютті икемді

д) абсолютті икемсіз

255. Егер тауа бағасы 1%-ға артқанда, сұраныс көлемі 1%-ға кемісе, онда сұраныс:

+а) бірлік икемді

б) абсолютті икемсіз

в) икемсіз

г) икемді

д) абсолютті икемді

256. Абсолютті икемсіз сұраныс қисығы қандай болады?

+а) тік сызық

б) көлденең сызық

в) қисық сызықты

г) теріс бағытталған тура сызық

д) оңбағытталған қисық сызықты

257. Бағаның өзгерісіне қарамастан жалпы түсім өзгермесе, онда икемділік коэффициенті:

а) бірден жоғары

б) бірден төмен

+в) 0-ге тең

г) 1-ге тең

д) шексіздікке тең

258. Егер тауардың кез-келген көлемі бірдей бағаға сатылатын болса, бұл тауарға сұраныс қандай болады?

+а) абсолютті икемсіз

б) абсолютті икемді

в) икемді

г) икемсіз

д) бірлік икемді

259. Егер тауарлар бір-бірін алмастыратын болса, мысалы шай мен кофе, онда кофе бағасының артуы неге алып келеді?

+а) шайға сұраныс артады

б) шайға сұраныс кемиді

в) шайға да, кофеге де сұраныс артады

г) шайға да, кофеге де сұраныс кемиді

д) кофеге сұраныс артады

260. Сұраныстың баға бойынша икемділік коэффициенті қалай анықталады?

а) бағаның пайыздық төмендеуінің сұраныс көлемінің пайыздық артуына қатынасы

б) жалпы түсімнің пайыздық өзгерісінің сұраныс көлемінің пайыздық артуына қатынасы

в) жалпы түсімнің пайыздық кемуінің бағаның пайыздық артуына қатынасы

+г) сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынасы

д) жалпы түсімнің пайыздық өзгеруі

261. Мемлекетте тауардың тапшылығы туындап, баға өсті. Мемлекеттік саясаттың қандай жанама шараларын жүзеге асыру тиімдірек?

а) бағаны қатаң бақылау, бағаны көтергені үшін айыппұл енгізу

б) бағаны төмендету мақсатымен кейбір бағаларға бюджеттен қаржы бөлу

+в) жаңа өндірістік қуатты қалыптастыру үшін инвестицияны ынталандыру

г) бағаны төмендету

д) салықты арттыру

262. Сұраныс заңы- ол:

а) сұраныстың ұсыныстан жоғары болуы бағаның төмендеуіне алып келеді

б) тұтынушың табыстарының өсуі тұтынушының төлем қабілеттілігін төмендетеді

в) сұраныс қисығы әдетте оң бағытталған

+г) тауар бағасы төмендегенде, сатып алу көлемі өседі

д) тауар бағасының өзгеруі, оған деген сұранысты өзгертпейді

263. Баға бойынша икемді сұранысты сипаттай алмайды:

+а) баға бойынша икемділік коэффициенті 1-ден кем

б) егер баға өссе, сатушының жалпы кірісі азаяды

в) сатып алушылар бағаның өзгеруін тез қабылдайды

г) сұраныс көлемінің өзгерісі, бағаның өзгеруіне қарағанда жоғары

д) баға бойынша икемділік коэффициенті 1-ден жоғары

264. Егер сұраныс төмендесе, сұраныс қисығы қалай қарай жылжиды?

+а) төмен және солға

б) сағат тілінің айналуы бойынша

в) жоғары және оңға

г) сағат тілінің айналуына қарама-қарсы бағытта

д) жылжымайды

265. Қандай фактордың өзгерісі сұраныс қисығының қозғалысына әсер етпейді?

а) тұтынушының талғамы мен қалауы

б) тұтынушының кірісінің өзгеруі

+в) тауардың бағасы

г) тұтынушының саны мен жасы

д) субститут тауарлар бағаларының өзгеруі

266. Өндіріс технологиясы жетілген кезде:

а) сұраныс қисығын оңға жылжытады

б) сұраныс қисығын солға жылжытады

+в) ұсыныс қисығын оңға жылжытады

г) ұсыныс қисығын солға жылжытады

д) сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығы жылжымайды

267. Тауарлар мен қызметтер нарығы тепе тең жағдайда болады, егер:

а) өндірістің шығындары төмендесе

б) баға шығындар мен пайданың қосындысына тең болса

в) технология деңгейі бірте-бірте өзгерсе

+г) сұраныс пен ұсыныстың көлемі бірдей болса

д) егер мемлекет бағаның жоғары шегін белгілесе

268. Егер нарықтық баға тепе-теңдік бағадан төмен болса, онда:

а) тауарлар артықшылығы пайда болады

+б) тауарлардың жетіспеушілігі туындайды

в) сатып алушылар нарығы қалыптасады

г) ресурсқа деген баға төмендейді

д) берілген тауарды өндіруге ынта өседі

269. Басқа факторлар өзгеріссіз болып, баға өссе, онда ұсыныс заңы бойынша:

а) сұраныс өседі

б) ұсыныс төмендейді

+в) ұсыныс көлемі өседі

г) ұсыныс көлемі мен сұраныс көлемі теңеседі

д) ұсыныстың көлемі өзгермейді

270. Сұраныс пен ұсынысты реттейтін бағаның рөлі қай нарықта көрінеді?

а) тауар нарығында

б) ресурстар нарығында

в) валюта нарығында

г) бағалы қағаздар нарығында

+д) кез келген нарықта

271. Тауарға деген бағаның құлдырауының себебі:

а) жеке кәсіпкерлікке салықтың өсуі

б) тұтынушының пайдалар табысының өсуі

+в) өндірістік ресурстар бағасының төмендеуі

г) өзара толықтыратын тауарларға деген бағаның өсуі

д) жарнама

272. Тауарға деген сұраныстың төмендеуіне не әсер етеді?

+а) тұтынушы табысының төмендеуі

б) кәсіпкерлерге салынатын салық жүгінің азаюы

в) берілген тауар бағасының өсуін күту

г) тауар ұсынысының төмендеуі

д) халықтың табысының өсуі

273. Сұраныстың бағалық икемділігі жоғары:

+а) бағалы заттарға қарағанда, ең қажетті тауарларға

б) тұтынушыға тауар аса қажетті емес болса

в) тауар өндірісінің балама шығыны жоғары болса

г) аталған жағдайлардың еш қайсысы емес

д) сұранысы жоғары тауарларға

274. Артық ұсыныстың әсері қандай?

+а) бағаның түсуіне ықпал етеді

б) бағаның жоғарлауына ықпал етеді

в) бағаға ешқандай әсер етпейді

г) тұтынушыны тауарды сатып алуға ынталандырады

д) сұраныс көлемін ұлғайтады

275. Егер тауарға сұраныс пен ұсыныс өссе, онда:

+а) тепе- теңдік баға өседі

б) тепе- теңдік баға өзгермейді

в) тепе- теңдік баға кемиді

г) қоғамның әл-ауқаты өседі

д) сұраныс көлемі өзгермейді

276. Тауардың тепе-теңдік бағасымен байланысты қате пікірді табыңыз:

а) баға тепе теңдік бағадан төмен болса, тапшылық болады

б) баға тепе теңдік бағадан жоғары болса, артық ұсыныс пайда болады

в) тепе теңдік бағада тапшылық та, артықшылық та болмайды

г) тепе теңдік бағада ұсыныс көлемі сұраныс көлеміне тең болады

+д) тепе теңдік бағада ұсыныстың көлемі сұраныстың көлемінен артық болады

277. Сұраныс заңы нені сипаттайды?

а) сұраныс көлемі бағаға тікелей тәуелді

+б) сұраныс көлемі бағаның өзгеруіне кері пропорционалды тәуелді

в) баға сұраныс көлемінің өзгеруіне тікелей тәуелді

г) сұраныс көлемі бағаның өзгеруіне тәуелді емес

д) сұраныс халық табысының өзгеруіне байланысты өзгереді

278. Баға бойынша икемділік кезінде:

а) сұраныс көлемі бағаның өсуімен байланысты өзгермейді

б) сұраныс аз ғана өзгергенде, бағаның өзгерісі жоғары болады

+в) бағаның аз ғана өзгерісі сұранысты үлкен көлемде өзгертеді

г) бағаның өзгерісі жоғары болғанда, сұраныстың өзгерісі аз болады

д) бағаның кемуі жалпы табысты ұлғайтады

279. Ұсыныс заңы бойынша:

+а) ұсынылатын тауардың саны мен бағасы арасында тікелей байланыс бар

б) ұсынылатын тауардың бағасы мен санының арасында кері байланыс бар

в) ұсыныстың көлемі бағаның өзгеруіне тәуелсіз

г) ұсыныстың өзгеруі табыстың өзгеруіне тәуелді

д) тұтынушылар табысы мен баға арасында кері байланыс бар

280. Ең жоғарғы баға тепе-теңдік бағадан төмен болса, онда:

+а) тапшылық болады

б) ұсыныстың артықшылығы болады

в) ұсыныс өзгереді

г) сұраныс өзгеді

д) өндіріс шығындары қысқарады

281. Нарықтық бағаның қалыптасуына әсер етеді:

а) сұраныс заңы

б) ұсыныс заңы

в) құн заңы

г) шекті пайдалылық заңы

+д) сұраныс пен ұсыныс заңы

282. Егер мемлекет Х тауарға тепе-теңдік бағадан жоғары баға белгілесе, онда:

+а) тауардың артық өндірісі пайда болады

б) тауардың жетіспеушілігі пайда болады

в) нарықтық тепе-теңдік пайда болады

г) Х тауарының өндірісі кемиді

д) ұсыныс қисығы солға жылжиды

283. Төменде көрсетілгендердің қайсысы адамның бір нәрсені сатып алуға тілегі мен қабілетін білдіреді?

а) қажеттілік

+б) сұраныс

в) мұқтаждық

г) тілек

д) талғамы

284. Егер тауардың ұсынысы пен сұранысы өссе, онда:

а) баға төмендейді

+б) тауардың саны көбейеді

в) баға тұрақты болады

г) қоғамның әл-ауқаты жақсарады

д) тауардың саны азаяды

285. Сұраныс заңын кескіндеудің қандай тәсілі бар?

+а) кестелік, графиктік, функционалдық

б) суреттеу, графиктік, индивидуалдық

в) функционалдық

г) нарықтық сұраныс, жинақталған сұраныс, кестелік

д) факторлы, бәсекелік, функционалдық

286. Жеке кәсіпкерлердің көзқарасы бойынша бәсеке- бұл:

+а) халықтың төлем қабілеті бар сұранысы үшін фирмалардың күресі

б) кәсіпорындардың өзара байланысы

в) нарық субъектілерінің белгілі бір экономикалық еркіндігінің болуы

г) капиталдың еркін

д) экономикалық билікті бөлу

287. Бензин бағасының төмендеуі автомобиль нарығындағы қисық сызықтарды қалай қарай жылжытады?

а) ұсыныс оңға жылжиды

б) ұсыныс солға жылжиды

+в) сұраныс оңға жылжиды

г) ұсыныс пен сұраныс қисықтары жылжымайды

д) сұраныс солға жылжиды

288. Тұтынушылартабысы өскенде қандай тауарға сұраныс төмендейді?

а) бағалы тауарларға

+б) сапасы төмен тауарларға

в) сұранысы бірлік икемді тауарларға

г) алғашқы қажетті тауарларға

д) сұранысы икемсіз тауарларға

289. Нақты игіліктің нарықтық сұранысы неге тәуелді емес?

+а) өндіріс көлемін директивті жоспарлауға

б) тұтынушының талғамына

в) икемділікке

г) тұтынушылардың табысына

д) өзара толықтырушы тауарлардың бағасына

290. Егер сұраныс өсіп, ал ұсыныс азайса, онда тепе теңдік баға:

а) өзгермейді

б) кемиді

в) тіпті болмайды

г) өсуі де төмендеуі де мүмкін

+д) өседі

291. Жер және басқа табиғи ресурстардың ұсынысы:

а) икемділігі 1- ден жоғары

б) икемділігі 1- ден төмен

в) бірлік икемді

+г) абсолютті икемсіз

д) абсолютті икемді

292. Абсолютті икемсіз ұсыныс қисығы қандай болады?

а) көлденең сызық

+б) тік сызық

в) қисық сызық

г) оң бағытталған қисық сызық

д) теріс бағытталған қисық сызық

293. Ұсыныс факторына не жатады?

а) тұтынушының талғамы

б) тұтынушының саны

в) тұтынушының кірісі

г) тұтынушының күтуі

+д) ресурс бағалары

294. Егер нарықта бірдей өнім шығаратын бәсекелестер саны көп болса, онда сұраныс:

а) бірлік икемді

б) абсолютті икемді

+в) икемді

г) икемсіз

д) төмен икемді

295. Тауар сапалы және талапқа сай болады, егер:

а) табыстың өсуімен тұтынушы тұтыну көлемін азайтса

б) бағаның төмендеуімен көп тауарлар сатып алынса

+в) табыстың өсуімен тұтынушы тұтыну көлемін арттырса

г) бағаның өсуімен тұтынушы алатын тауарлар саны өзгермесе

д) тұтынушы денсаулығына кері әсері болмаса

296. Тұрақты капитал деген не? (К.Маркс)

а) физикалық қасиеті бойынша тұрақты

+б) өндіріс үрдісінде оның құны өспейді

в) физикалық қозғалмайды

г) пайдалану үрдісінде түрін өзгертпейді

д) барлық аванстық капитал

297. Өзгермелі капитал деген не (К.Маркс)?

а) бір химиялық жағдайдан басқа жағдайға өтеді

б) физикалық қозғалады

в) пішіні, түрі өзгереді

+г) қосымша құнды қалыптастыра отырып, пайдалану үрдісінде оның құны өседі

д) пайдалану үрдісінде оның құны кемиды

298. Тұрақты және өзгермелі капиталға бөлудің себебі (К.Маркс):

а) өндіріс процесіне қатысуы әр түрлі

б) ұдайы өндірістегі ерекшеліктері әртүрлі

+в) қосымша құнды жасаудағы рөлдері әр түрлі

г) натуралдық нысандары әртүрлі

д) еш айырмашылығы жоқ

299. Қосымша құн қалай пайда болады (К.Маркс)?

а) тауарды өз құнынан жоғары бағада сату арқылы

б) тауар құнынан бағаның ауытқуы арқылы

+в) жұмыс күші- тауарды тұтыну арқылы

г) жұмыс күшін өз құнынан төмен бағада сатып алу арқылы

д) өндіріс құралдарын пайдалану арқылы

300. Шекті өнім қалай анықталады?

+а) өнімнің өсімшесінің ресурстың өсімшесіне қатынасы арқылы

б) барлық өнім көлемінің ресурстың өсімшесіне қатынасы арқылы

в) жалпы өнімнің өсімшесі арқылы

г) өнімнің өсімі болмаған жағдайда

д) жұмыста машина қолдану арқылы

301. Кез келген өндіріс факторының қосымша бірлігін арттыру арқылы алынған өндірістің өсішесі қалай аталады?

а) ақша түріндегі шекті өнім

б) қосымша тауар бірлігінен алынатын шекті табыс

+в) өндіріс факторының шекті өнімі

г) өнімге сіңген еңбек мөлшері

д) натуралды түрдегі шекті өнім

302. Өндіріс факторларының жиынтық шығындары мен өндіріс көлемі арасындағы өзара байланыс қалай аталады?

а) еңбектің өсуі

б) өзіндік құн

в) икемділік

г) сатылу көрсеткіші

+д) өндірістік функция

303. Изокванта дегеніміз-.......

а) ұсыныс кестесіндегі бағамен байланысты тауардың саны

б) құндары бірдей еңбек пен капиталдың үйлесуін көрсететін қисық

в) тауардың бағасы мен көлемі арасындағы қатынасты көрсететін қисық

+г) белгілі бір өнім көлемін өндіруде пайдалануға болатын өзгермелі ресурстардың үйлесуін көрсететін қисық

д) тауар бағасы мен сраныс мөлшері арасындағы қатынасты көрсететін қисық

304. Изокоста дегеніміз-.....

а) ұсыныс кестесіндегі бағамен байланысты тауардың саны

+б) құндары бірдей еңбек пен капиталдың үйлесуін көрсететін қисық

в) тауардың бағасы мен көлемі арасындағы қатынасты көрсететін қисық

г) белгілі бір өнім көлемін өндіруде пайдалануға болатын өзгермелі ресурстардың үйлесуін көрсететін қисық

д) тауар бағасы мен сраныс мөлшері арасындағы қатынасты көрсететін қисық

305. Өндіріс факторларының өнімділігінің кему заңы:

а) уақыт өте жердің өнімділігі төмендейді

б) барлық ресурстар олардың өнімділігінің кемуіне қарай өндіріске тартылады

+в) өзге факторлардың шығындарын тұрақты қалдырып, өзгермелі ресурстардың санын арттыру оның шекті өнімін төмендетеді

г) өзгермелі фактордың шекті өнімі көбейеді, ал жалпы өнім төмендейді

д) масштабтың оң әсері байқалады

306. Жалпы өнім бұл-.....

а) өзгермелі шығындар нөлге тең болғандағы өндірістің көлемі

+б) өндірістің барлық факторларын қолданудан алынатын өндіріс көлемі

в) өндіріс факторларының тұрақты жағдайындағы өндірістің өсімі

г) қосымша өндіріс факторларын енгізгендегі өндірістің өсімі

д) тұрақты шығындары нөлге тең болғандағы өндіріс көлемі

307. Орташа өнім бұл-

а) тұрақты фактор бірлігін пайдаланудан алынады

б) өндірістің барлық факторларын пайдаланудан алынады

+в) өндірістің өзгермелі фактор бірлігін пайдаланудан алынады

г) өндірістің тұрақты факторының қосымша бірлігін пайдаланудан алынады

д) өндірістің өзгермелі факторының қосымша бірлігін пайдаланудан алынады

308. Өндіріс факторының бағасы өскенде, фирма қысқа мерзімде не істеуі қажет?

а) осы фактор санын көп мөлшерде қолдану керек

+б) осы фактор санын аз мөлшерде қолдану керек

в) осы фактор санын бұрынғы көлемде қолдану керек

г) өндіріс факторын қолдану оның бағасына қатысты емес

д) өндіріс факторының бағасы оны қолдануға әсер етпейді

309. Капиталдың қорлануы дегеніміз-

+а) өндірісті кеңейту үшін қосымша құнның бір бөлігін қолдану

б) қосымша құнның бір бөлігін байлыққа айналдыру

в) қосымша құнның бір бөлігін банк шотында жинау

г) қоймадағы тауарлар

д) мерзімді депозит

310. Тұрақты капитал деген не?

а) физикалық қасиеті бойынша тұрақты

б) физикалық қозғалмайды

+в) пайдалану кезінде оның құны өспейді

г) пайдалану үрдісінде түрін өзгертпейді

д) барлық аванстық капитал

311. Өзгермелі капитал деген не?

а) өзінің материалдық заттай түрін өзгертетін капиталдың бір бөлігі

б) физикалық қозғалмайды

в) пайдалану үрдісінде оның құны жоғарыламайды

+г) пайдалану үрдісінде оның құны өседі

д) пайдалану үрдісінде оның құны кемиді

312. Капиталдың өзгермелі және тұрақты деп бөліну себебі неде?

а) өндіріс процесіне қатысуы әр түрлі

б) ұдайы өндірістегі ерекшеліктері әртүрлі

+в) қосымша құнды жасаудағы рөлдері әр түрлі

г) натуралдық нысандары әртүрлі

д) еш айырмашылығы жоқ

313. Негізгі өндіріс қорлары дегеніміз-

а) шикізат, материалдар, жұмыс күші

б) өндірістегі дайын өнім

в) өндірістік циклда тек бір рет болатын материалдық заттар

г) отын, энергия, жартылай фабрикаттар

+д) өндірістік циклда бірнеше рет қолданылатын, дайындалатын өнімнің бөліктеріне өз құнын біртіндеп өткізетін материалдық құралдар

314. Айналмалы өндірістік қорлар- бұл:

+а) бір өндірістік циклда толық қолданылатын және дайын өнімге өз құнын толық өткізетін материалдық заттар

б) өндірістен шыққан дайын өнім

в) ғимараттар мен құрал-жабдықтар

г) тұтынушыларға жеткізуге арналған дайын өнім

д) дайындалатын өнімнің бөліктеріне өз құнын біртіндеп өткізетін материалдық құралдар

315. Амортизация- бұл:

а) сауда-саттық іс-әрекет нәтижесіндегі табыстан жасалатын аударымдар

б) жинақ қорына аударымдар

+в) белгілі бір уақыт аралығында қолданылған негізгі капиталдың құнына тең жыл сайынғы аударымдар

г) кәсіпорынның уақытша қолданылмаған құралдары

д) ақша құралдарымен тәуекел еткені үшін төлем

316. Капиталдың айналым жылдамдығы –бұл:

а) өндіріс уақыты

б) айналыс уақыты

в) кәсіпорынға ақшаның қайту жылдамдығы

+г) бір жыл ішінде жасалатын ресурс айналымының саны

д) жұмыс күшінің қозғалысы

317. Негізгі капиталды тұтынуға бағытталған аударымдар:

а) таза инвестициялар

+б) амортизация және амортизациялық аударымдар

в) тұтыну қоры

г) жалпы инвестициялар

д) өндіріске тән шығындар

318. Мына тұжырымның қайсысы «инфрақұрылым» түсігіне сәйкес келеді?

а) еңбек уақыты ішінде пайда болатын оң нәтиже, мақсатты іс әрекеттің түрі

б) барлық денгейдегі нақты және болашақ қажеттіліктерді жаппай қанағаттандыруды қамтамасыз ететін құрылым

+в) жалпы өндіріс жағдайлары мен адамдардың өмір сүруін қамтамасыз ететін шаруашылық түрлерінің жиынтығы

г) жоғарғы деңгейдегі шаруашылық іс-әрекет

д) ұлттық шаруашылықты басқаруға мүмкіндік береді

319. Капиталды ұдайы өндіру дегеніміз не?

а) ұдайы өндірісті қарастырудың басқа әдісі

+б) өндірістегі үзіліссіз процесс

в) экономика салаларының өзара байланысы

г) өндірістегі дара процесс

д) экономика салаларының өзара байланысын білдіреді

320. Ұдайы өндірістің өндірістен қандай айырмашылығы бар?

а) айырмашылығы жоқ

б) қоғамдық өндіріс басқа әдіс арқылы қарастырылады

+в) көп рет қайталатын өндіріс процесі

г) экономика салаларының өзара байланысы ретінде

д) өндіріс нәтижесі-бір өнім түрін шығару

321. Қандай ұдайы өндіру нысанында қосымша құн толығымен табыс ретінде пайдаланылады?

+а) жай ұдайы өндірісте

б) ұлғаймалы ұдайы өндірісте

в) экономикалық дағдарыс кезеңінде

г) өндірістің құлдырауы кезінде

д) экономиканың өркендеуі кезінде

322. Тауар айналысының формуласы қайсы?

+а) Т-Д-Т

б) Д-Т-Д

в) Д-Т-Д¹

г) Д- Д¹

д) Т- Д¹

323. Айналмалы капиталға тән емес:

а) өнім дайындау үрдісінде толық қолданылады

б) оның құны дайын өнімге толық ауысады

в) оның құны тауарды сатқаннан кейін толық қайтарылады

г) ол жаңа капиталды сатып алуға қайта жұмсалынады

+д) оның құны өнімге біртіндеп өтеді

324. Қандай капитал қосымша құн жасайды?

а) сауда капиталы

+б) өнеркәсіп капиталы

в) қарыз капиталы

г) өсім алушы капиталы

д) кез-келген капитал

325. Негізгі және айналмалы капитал деп бөлудің тұрақты және өзгермелі капитал деп бөлуден айырмашылығы неде?

а) бұл өндірістік капиталдың бір бөлігінің қозғалысқа түсетін нысандары

+б) өндірістік капитал бөлімдерінің құндарының айналымға түсуімен ерекшеленеді

в) құн және қосымша құнды жасаудағы олардың рөлі әртүрлі

г) физикалық формалары өзгеше

д) ешқандай айырмашылығы жоқ

326. Ссудалық пайыз мынаған тәуелді:

а) еңбекақы төлемінің деңгейіне

б) кіріс мөлшеріне

+ в) кірістің орташа мөлшеріне

г) капитал үнемі қозғалыста болуы тиіс

д) өндірістің тұрақты көлемде қайталануы

327. Амортизация дегеніміз не?

а) негізгі капиталдың моральдық тозуы

б) айналмалы капиталдың физикалық тозуы

+в) негізгі капиталдың моральдық және физикалық тозуы

г) тек белсенді капиталдың тозуы

д) тек пассивті капиталдың тозуы

328. Айналмалы капиталдың уақыты неден тұрады?

а) өндіру уақытынан

б) айналым уақытынан

в) жұмыс уақытынан

+ г) өндіру және айналым уақытынан

д) жұмыс уақыты мен сату –сатып алу уақытының сомасынан

329. Өнеркәсіп капиталының үздіксіз қозғалысы қандай нысандарды қамтиды?

а) тек өндірістік нысанды

б) тек ақшалай нысанды

в) тек тауарлы нысанды

+ г) бір мерзімде өндірістік, ақшалай және тауарлы нысандарды

д) бір мерзімде өндірістік және тауарлы нысандарды

330. Негізгі капиталдың элементтеріне жатпайды:

а) машина, құралдар мен құрылғылардың құны

б) өндірістік ғимараттардың құны

в) құрылғылар мен тасымалдаушы механизмдер құны

г) көлік құралдарының құны

+ д) отын, шикізат, қосалқы заттар.

331. Айналмалы капиталға не жатады?

а) машина, құрал – саймандар мен жабдықтар құны

б) шикізат, отын, қосымша материалдар құны

в) жұмысшылардың жалақысы

г) машина, құрал – саймандар мен жабдықтау құны, шикізат, отын, қосымша материалдар құны

+д) шикізат, отын, қосымша материалдар құны және жұмысшылардың жалақысы

332. Айналмалы капиталдың ерекше белгілері (дұрыс емес жауапты белгілеңіз):

+а) ауыспалы айналым барысында өзінің натуралды формасын сақтайды

б) бір ауыспалы айналым ішінде олардың құны толығымен дайын өнімге өтеді

в) әрбір ауыспалы айналымнан кейін олардың құны меншік иесіне ақшалай түрде қайтады

г) меншік иесіне қайтқан ақша құралдары қайтадан өндіріс процесін жалғыстыру үшін айналмалы құралдарды сатып алуға жұмсалады

д) әрбір өндірістік цикл ішінде толық тұтынылады

333. Негізгі капиталдың басты белгілері (дұрыс емес жауапты белгілеңіз).

а) көптеген өндірістік цикл ішінде өзінің натуралды формасын сақтайды

+б) бір ауыспалы айналым ішінде олардың құны толығымен дайын өнімге өтеді

в) көптеген ауыспалы айналым ішінде олардың құны дайын өнімге біртіндеп өтеді

г) олардың құны меншік иесіне біртіндеп ақшалай түрде қайтады

д) олардың тозу құны кәсіпорын шотында жинақталады

334. Берілгендердің қайсысы капиталдың жалпылама формуласы болып табылады?

+а) А– Т - А'

б) Т – А – Т

в) А – Т – А

г) А – А '

д) Т – Т '

335. Тұрақты шығындар – бұл...

а) кез келген өнім көлемінің минималды шығындары

б) айқын емес шығындар

+в) фирма ешқандай өнім өндірмесе де болатын шығындар

г) саты алу кезіндегі баға бойынша ресурстарға кеткен шығындар

д) жер иелері мен жұмысшыларға төлем

336. Өндіріс көлемінің оптималды көлемін анықтауда ескерілмейтін шығындар:

+а) орташа

б) айнымалы

в) шекті

г) бухгалтерлік

д) жалпы

337. Тұрақты және өзгермелі шығындар түсінігі:

а) ұзақ мерзімді кезеңде болады

+ б) қысқа мерзімде болады

в) монополистік нарықта болады

г) жетілген бәсеке нарығындаболады

д) жетілмеген бәсеке нарығында болады

338. «Экономикалық шығын» ұғымына жататындар:

а) жұмысшыларға, жер иелеріне, капитал иелеріне барлық төлемдер

б) жалпы

в) жұмысшыларға, кәсіпкерлерге төлем минус қалыпты пайда

+г) жұмысшылардың, жер иелерінің, капитал иелерінің тек өндірістік ресурстары үшін ғана төлемдер

д) жалдамалы жұмысшылардың жалақысы мен кәсіпкерлердің тәуекелі үшін төлем

339. Өндіріс шығындарын төмендету:

а) пайдамен байланысты емес

+б) пайданың пайда болу шарты

в) бугалтерлік пайданы қалыптастырады

г) пайданың азаюына әкеледі

д) экономикалық пайданы қалыптастырады

340. Жалпы шығындар – бұл...

а) экономикалық шығындар

б) тұрақты шығындар

в) өзгермелі шығындар

+г) өзгермелі шығындар мен тұрақты шығындар

д) бухгалтерлік шығындар.

341. Орташа шығын:

а) өнім бірлігіне кеткен шығындар

б) өнім бірлігіне кеткен өзгермелі шығындар

+в) өнім бірлігіне кеткен жалпы шығындар

г) өнім бірлігіне кеткен тұрақты шығындар

д) тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы

342. Бухгалтерлік шығын – бұл...

а) тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы

б) өнімді өндіру және сату шығындары

в) өнімнің өндірілуіне кеткен ақшалай шығындар

+г) ресурстың құны оны сатып алу бағасына тең

д) өнім бірлігіне кеткен жалпы шығындар

343. Жалпы табыс– бұл...

а) сатудан түскен түсім минус бухгалтерлік шығын

+ б) барлық өнімді сатудан түскен табыс

в) өндірілген жалпы өнімнің құны

г) сатудан түскен түсім минус экономикалық шығын

д) қосымша өнімді сатудан түскен табыс

344. Шекті табыс – бұл...

а) сатылған бір өнімге келетін жалпы табыс

б) бір өнімге келетін жалпы табыс

+ в) сатылатын өнім бірлігін өзгерту нәтижесінде алынатын қосымша табыс

г) өнім бірлігіне келетін орташа табыс

д) барлық өнім сатудан түсетін жалпы табыс

345. Өндіріс шығында





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2462 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.193 с)...