Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Айтасыз? Экономика үшін бірігудің қаупі неде?



Экономикалық интеграция (экономикалық бірігу) -

· түрлі елдердің ұлттық шаруашылықтары арасындағы ынтымақтастық және олардың толық (немесе ішінара) бірегейлендірілуі;

· осы елдер арасындағы саудада кедергілерді жою;

· бір үлкен (ортақ) нарық құру мақсатымен жекелеген елдердің әрқайсысының нарықтарын жақындату, экономикалық объектілердің жуықтасуы, өзара астасуы (бірлесуге дейін).

Экономикалық бірігу үдерісі түрлі деңгейлерде жүргізіледі. Деңгейлес (компания бәсекелестің компаниясын өзінің бақылауына алады немесе өндірістік үдерістің бірдей сатысындағы бірдей салада істейтін компанияларды қосып алады) және сатылaс экономикалық бірігу (компанияның қызметі ақырғы өнімді өндірудің технологиялық тізбегіндегі екі не одан көп буынды қамтиды; ол өнімді өндіру мен өткізудің барлық сатысын: шикізатты өндіруден көтерме немесе бөлшек саудаға дейін қамтуы мүмкін) түрлеріне бөлінеді. Экономикалық бірігу халықаралық сипатта болады және ұлттық шаруашылықтарды бірыңғай халық шаруашылығына бірігуге дейін жақындастыруды көздейді. Экономикалық бірігу - шаруашылық өмірдің интернационалдануының жоғары нысаны. Оның негізін капитал мен өндірістің интернационалдануы құрайды, ол әуелі микродеңгейде (фирмалар мен банкілер деңгейінде) болады, сонан соң макродеңгейге (мемлекеттер деңгейіне) шығады. Сонда экономикалық бірігу халықаралық келісімдермен және шарттармен ресімделеді. Экономикалық бірігу өзінің жогары көрінісінде институттық сипат алады, яғни тұрақты әрекет ететін халықаралық органдар нысанында болады. Халықаралық интеграциялық бірлестіктердің басты нысандары: еркін сауда аймағы, кеден одағы, ортақ нарық, экономикалық және валюталық одақтар — экономикалық бірігудің жоғары нысаны. Қазіргі кезде әлемде экономикалық бірігудің жоғары сатысында Еуропа одағы (ЕО) тұр, ол ортақ нарық сатысынан өтті. Еркін сауда аймағына НАФТА (Солтүстік-американ еркін сауда қауымдастығы) үлгі бола алады. Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан арасындағы Кеден одағы туралы келісім жасасылды.

37. ҚР экономикасының бәсекеге қабілеттілігі қандай Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуде өнімнің бәсекеге қабілеттілігін

қамтамасыз ету мәселесі өткірлене түсті. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі құраушысы

оның сапасы болып табылады. Өнімнің жоғары сапасы – кәсіпорын қызметінің ең маңызды

нәтижелі көрсеткіші. Ол нарықта кәсіпорынның бәсекелік артықшылығын, оның экономикалық

қауіпсіздігін қаматамасыз етеді.

Соңғы жылдары бұл мәселе өткірлігі өсе түсті және кәсіпорындар өздерінің өнімдерін

нарыққа өткізуде, жылжытуда сапаға деген қатаң талаптарға тап болды. Сапасыз шығарылатын

өнім сапасы мен фирма тұрақтылығына жетуге болмайды. Өнім сапасын үздіксіз көтеру, оның

номенклатурасын жаңарту, өнімнің ғылыми сыйымдылығын арттыру әлемдік деңгейдегі алдыңғы

қатарлы озат фирмалардың мақсаты болып табылады. Өнімнің жоғары сапасы фирмаға бағалы

емес бәсекеде жеңіске жетуді, яғни, өнім сапасының артықшылығы мен ерекшелігі арқасында

тұтынушы үшін бәсекелес-фирмалар арасындағы экономикалық жарыста жеңіске жетуді

қамтамасыз етеді. Сапаны басқаруды алдыңғы қатарға қою тек шетелдік компанияларға тән,

өкінішке орай бұған Қазақстанның нарықтық экономикасы әлі өсу керек. Әрбір кәсіпорынның

сәтті және тұрақты жұмыс істеуі үшін өнімді шығару көлемін сақтау, белгіленген мерзімде

қабылдау, өнімнің өзіндік құны және сапаны қажетті деңгейде қамтамасыз ету керек.

Сапа мәселесін шешуде өнім сапасын басқарудың қазіргі заманғы әдістерін тәжірибеде

қолдануға жоғары білікті кадрлардың бар болуы міндетті шарт болып табылады. Сапаны басқару

бүгінгі күні бәсекеге қабілетті өнімді құрудың негізгі әдісі. Оны басқарудың шетелдік тәжірибесі

көрсеткендей, өнімнің тұрақты сапасын шығарылатын материалдар сапасынсыз мүмкін емес.

«Жақсы сапа» түсінігі өнімді өткізу сатысында және сатылуадан кейін сервисті қамтамасыз

ету, қоршаған ортаны қорғау, экономикалық бағаны ұстаудан құрылады. Өнім сапасының деңгейі

сапаның нарықтық факторларының есебімен құрылуын ескеру қажет: сатушы талабы, нарықтағы

үлестің өзгеруі, бәсекелестер стратегиясы мен тактикасы.

Қазақстан кәсіпорындарында өнім сапасын басқарудың жетілуі жеткіліксіз. Кәсіпорындарда

өнім сапасын басқару қазіргі таңда бәсекеге қабілетті өнімді құрудың негізгі әдісі. Кәсіпорынның

бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату мақсатымен, тұтынушының талаптарының өсу есебімен өнімнің

сапасын жоғарлату мен өзіндік құның төмендету керек.

Қазіргі таңда еліміздің кәсіпорындарында сапаны жоғарлатудың басты мақсаты, өнім сапасы

көрсеткіштері мен тұтынушы талабы арасындағы теңдікті сақтау болып табылады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 497 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...