Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жүрек еттерінің негізгі физиологиялық касиеттері



Жүрек еттерінің негізгі қасиеттеріне автоматия, қозғыштық, жиырылу және қозу толқынын өткізу касиеттері жатады.

Жүрек автоматиясы

Жүрек автоматиясы деп сырттан тітіркеніс әсер етпесе де жүректің өзінде пайда болатын импульстер арқылы ырғақты жиырылу қабілеттілігін атайды.

Жүректе жұмыс бұлшықеттер мен бірге арнайы немесе атиптік ұлпа бар, онда қозу пайда болады және таралады.

Жоғарғы сатыдағы омыртқалы жануарлар мен адамда атиптік ұлпа бірнеше түйіннен тұрады.

Жүректе қозудың пайда болатын жері – қуыс веналардың оң жақ жүрекшенің артқы қабырғасына жақындайтын жері, бұл жерде синоатриалдық түйін (Кис-Фляк түйні) орналасады. Әрі қарай қозу жүрекшелер арқылы атриовентрикулярлық түйінге (Ашоф-Тавар түйніне) таралады. Ашоф-Тавар түйні оң жақ жүрекшенің қабырғасында жүрекшелер мен қарыншаларды бөліп тұратын пердеге жақын тұратын жерде орналасады.

Осы түйіннен төмен карай тармақталған, карыншаларды бөліп тұрған пердеге келіп тіркелетін, калың ет шоғыры орналасады, мұны Гис шоғыры деп атайды. Гис шоғыры оң және сол тармакка бөлініп, карыншаларды алып жатады. Гис шоғыры қарыншалар еттерінде Пуркинье талшықтарымен бітеді.Гис шоғыры козу импульсін жүрекшелерден карыншаларға өткізеді.

Синоатриалдық түйінде пайда болған импульстер жүректің жиырылуының жылдамдығы мен ырғағын реттейді. Ал атриовентрикулярлық түйін мен Гис шоғыры қозуды жүрек еттеріне өткізеді.

Синоатриалдық түйін аймағында көптеген нерв клеткалары, нерв талшықтары мен олардың үштері нерв торын құрайды. Атиптік ұлпа түйіндеріне кезеген және симпатикалық нервтердің нерв талшықтары жақындайды.

Жүректің автоматиясы синоатриалдық түйінде мембраналық потенциалдың өзгеруіне байланысты. Автоматияға миокардтағы кальций тұздарының өлшемі, ішкі ортаның температурасы, ph, гормондар (адреналин, норадреналин және ацетилхолин) әсер етеді.

Жүректің қозғыштығы. Жүрек талшықтарының қозғыштығы қанқа еттеріне қарағанда төмен және тітіркендіргіштердің күшіне байланысты емес. Егер жүрек бұлшықетін табалдырықтан төмен күшпен тітіркендірсе, онда қозу тумайды (²түк емес²), сондықтан ол жиырылмайды, тітіркендіру табалдырыққа жетсе – максимальды қозу туады (²барлығы²). Ал енді тітіркендіру күшін одан әрі өсірсе жиырылу биіктігі өзгермейді. Бұдан жасалатын қорытынды: жүрек еттерінің жиырылу биіктігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты емес. Жүрек еттерінің осы қасиетіне Боудичтің ²Барлығы немесе түк жоқ² ережесі негізделген. Бұл ережеге миокард белгілі бір жағдайларда ғана бағынады. Жүрек еттерінің жиырылу дәрежесіне температура, жүрек арқылы өтетін қанның құрамы, еттердің созылуы, шаршауы т.б. факторлар әсер етеді.

Жүрек еттерінің жиырылу күші скелет еттеріндегі сиякты тітіркендіргіштің күшіне байланысты емес. Олар табылдырық күшіне максимальды жиырылады да, содан кейін тітіркендіргіштің күшін қанша өсірсе де жиырылу биіктігі өзгермейді. Жүрек еттерінің жиырылу биіктігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты емес. Жүрек еттерінің осы касиетіне Боудичтің жөғарыда айтылған «барлығы немесе жоқ» деген заңы негізделген. Бұл заңға миокард белгілі бір жағдайларда ғана бағынады. Мысалы, жүрек бұлшық етінің жиырылу дәрежесіне температураның өзгеруі, жүрек арқылы өтетін қанның құрамы, еттердің созылуы, шаршауы т.б. факторлар әсер етеді.

Миокардтың қозғыштығы тұрақты емес. Қозудың алғашқы кезеңінде жүрек бұлшықетін кезектен тыс тітіркендірсе, жүрек оған жауап қайтармайды. Бұл абсолюттік рефрактерлік кезең, оның уақыты систоламен бірдей (0,2-0,3 с). Диастола басталуымен бірге жүрек қозғыштығы да қалпына келе бастайды, сөйтіп салыстырмалы рефрактерлік кезең туады. Егер жеткілікті күші бар тітіркендіру жүректің осы кезеңіне сәйкес түссе, жүрек оған кезектен тыс жиырылумен – экстрасистоламен жауап береді. Мұндай жиырылудан соң әдеттегіден ұзақ пауза байқалады. Оны компенсаторлық пауза деп атайды. Салыстырмалы рефрактерлік кезеңнен кейін жоғары қозғыштық – супернормальды, экзальтациялық кезең туады. Мұның уақыты жүректің босау (диастола) фазасымен дәл келеді. Бұл кезде аз күші бар тітіркендірудің өзіне жүрек жиырылумен жауап бере алады. Өте қысқа уақытқа созылатын бұл кезеңнен соң жүрек қозғыштығы өзінің табалдырығына қайтып келеді.

Жүректің өткізгіштігі

Қозу жүрек арқылы электрлік жолмен өтеді. Бір клеткада пайда болған әрекет потенциалы басқа клеткаларға тітіркендіргіштік әсер етеді. Жүректің әртүрлі бөлімдеріндегі өткізгіштігі бір келкі болмайды, ол қилы факторларға байланысты:

- миокард пен өткізу жүйесінің структуралық ерекшеліктеріне;

- миокардтың қалыңдығына;

- жүрек бұлшық етіндегі гликоген, оттегі, микроэлементтер денгейіне.

Жүректің жиырылуы.

Қозу мен жиырылу – бұл ет талшықтарының әртүрлі структуралық элементтерінің функциялары. Қозу – үстінгі клетка мембранасының функциясы, ал жиырылу – миофибрилл функциялары. Қозу мен жиырылудың арақатынасы ет талшығындағы саркоплазмалық ретикулумның қатысуымен іске асырылады. Жүректің жиырылу күші оның ет талшықтарының ұзындығына тәуелді. Неғұрлым жүрек диастола фазасында күшті созылса, соғұрлым ол систола фазасында күшті жиырылады. Жүрек бұлшық етінің бұл ерекшелігін алғаш рет ашқан О.Франк пен Е.Старлинг (Франк-Старлингтің жүрек заңы).

Адамда жүрек жұмысының ырғағы жасқа, жынысқа, дененің салмағына, шынықтыруға байланысты.

Дені сау жас адамның жүрегінің соғу жиілігі 1 минутта –60-80 ЖСЖ егер 1 мин. 60-тан төмен болса-бұл құбылысты брадикардия деп атайды, ал 90-ана асса – тахикардия. Қанның қан тамырларында үздіксіз айдалуы жүрек етінің ырғақты жиырылуымен байланысты. Жүрек еті ырғақты жиырылады: жүрек қуыстары кезекпен жиырылып босайды, содаң соң толық демалыста болады. Жүрек етінің жиырылуын систола, босауын диастола, демалуын пауза деп атайды.

Жүрек етінің бір рет жиырылып және босап, демалуын жүрек циклы деп атайды. Жүрек циклы үш фазадан тұрады: жұрекшелердің систоласы, қарыншалардың систоласы және жүректің жалпы диастоласынан:

1) жүрекшенің систоласы –0,1 сек.

2) қарынша систоласы – 0,3 сек.

3) жалпы пауза – 1,4 сек.

Жүректің соғу жиілігіне сыртқы ортаның әсерінің күшті ықпалы бар: дене еңбегі кезінде, эмоцияда, биіктікке көтерілгенде т.б. жағдайларда жүректің соғу жиілігі артады, ұзақ уақыт спортпен шұғылданған адамның жүрегін соғу жиілігі азаяды.

Адам жүрегінің әрбір жиырылу кезінде оң және сол қарыншасынан қолқа жцне өкпе тамырларына шамамен 60-80 мл. қан айдалады. Мұны қанның систолалық көлемі дейді (ҚСҚ), ал әр қарыншанын 1 минутта өзінен өткізетін қанның мөлшерін қанның минуттік көлемі деп атайды (ҚМК).

Қанның систолалық көлемі c жүректің жиырылу жиілігі = қанның минуттік көлемі (шамамен 4,5-5 л.)





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 9857 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.017 с)...