Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

І топ ІІ топ ІІІ топ ІV топ



α,β А, β В,α А. В

Реципиент плазмасы (агглютинин) Донор эритроциті (агглютиноген)
І (0) ІІ(А) ІІІ(В) ІV(А,В)
І(α,β)   - + + +
ІІ(β) - - + +
ІІІ(α) - + - +
ІV(0) - - - -

«+» агглютинация жүреді

«-«агглютинация жүрмейді.

І топ – универсалды донор

ІІ топ – универсалды реципиент

Дәріс

Жүрек-тамыр жүйесі

Мақсаты: жүректің қан айдау қызметімен, жүрек етінің физиологиялық қасиеттерімен және реттелуімен танысу.

1. Қан және лимфа айналудың маңызы.

2. Жүрек еттерінің негізгі физиологиялық қасиеттері.

3. Жүректің жиырылуы. Жүрек етінің өткігіш жүйесі.

4. Жүрек-тамыр жүйесінің нервтік жолмен реттелуі.

5. Жүректің гуморальдық жолмен реттелуі.

Тіректі ұғымдар: жүрек автоматиясы, систолалық және минөттік қан көлемі, кезеген жүйке.

Жылы қандылыларда қан организмді толық бір рет айналып шығу үшін жүректен екі рет ағып өтуі керек, бірінде жүректің сол жақ бөлімінен, екіншісінде оның оң жақ бөлімінен ағып өтеді.

Жүректің сол жақ қарыншасы қанды қолқаға айдап шығарады. Ал қолқадан – артерия тамырлары өте ұсақ артериялар мен артериолаларға тарамдалып, бүкіл организмді артерия қанымен қамтамасыз етіп отырады. Өте ұсақ артериалар және артериолалар жінішке капилляр тамырларға тарамдалып, кейіннен тарамдалып бөлінген капилляр тамырлар өзара кайта бірігіп, вена тамырының негізін құрайды. Ұсақ вена тамырлары бірте-бірте бірігіп, іріленіп вена тамырларын түзейді. Екі вена құжымен акқан вена қаны жүректін өң жоқ жүрекшесіне келіп кұйылады.

Қан айналу жүйесінің сол жақ карыншадан колқа түрінде басталып, оң жақ жүрекшеге келіп кұйылатын қанның жолын – қан айналудың үлкен шеңбері деп атайды. Қан айналудың үлкен шеңбірін бастайтын қолқадан ірі, орташа және ұсақ артериялар тарайды. Артериялар артериолаларға айналады, ал олар капиллярлармен бітеді. Капиллярлар организмнің барлық мүшелер мен ұлпаларын жабдықтайды. Капиллярға келгенде артерия қаны өзінің күрамындағы оттегінің біразын ұлпаға береді де, оның орнына зат алмасу процесінең нәтижесінде ұлпада түзілген көмір қышқыл газымен әрекеттесіп, вена қанына айналады. Капиллярлар венулаларға айналады, олардан қан ұсақ, орташа және ірі веналарға өтеді. Дененің жоғарғы бөлімінен қан жоғарғы қуысты венаға құйылады, ал төменгі бөлімінен – төменгі қуысты венаға құйылады. Аталған екі вена оң жақ жүрекшеге келіп ашылады. Осымен үлкен қан айналым жүйесі бітеді.

Қан айналымның кіші шеңбері өкпе бағанасынан басталады. Өкпе бағанасы оң жақ қарыншадан таралып, веналық қанды өкпеге жеткізеді. Өкпе артериясы екіге тармақталып оң және сол жақтағы өкпеде бітеді. Өкпе артериялары өкпеде өте ұсақ артерия, артериол және капиллярларға тармақталады.

Өкпе капиллярлары мен өкпе көпіршектері арасындағы газ алмасу процесі арқасында вена қанындағы көмір қышқыл газы шығып, оның орнына оттегі қанға өтіп, қан артерия қанына айналады. Өкпе капиллярлары венулалар және веналарға айналады. Артериалды қан 4 өкпе веналары арқылы сол жақтағы жүрекшеге құйылады. Қан айналу жүйесінің оң жақ қарыншадағы өкпе артериясы түрінде басталып, сол жақ жүрекшеге келіп өкпе веналарымен аякталған бөлігін қан айналудың кіші шенбірі немесе өкпелік шенбер деп атайды.

Сонымен қанның толық бір айналуы екі жарты шеңберден тұрады – үлкен және кіші (немесе өкпе).Үлкен қан айналу шеңбері бойынша жүретін қан организмнің барлық клеткаларын оттегі мен қоректік заттармен қамтамасыз етіп, олардан зат алмасу процесі нәтижесінде пайда болған өңделмеген заттарды тасымалдайды. Кіші қан айналу шеңберінің маңызы: өкпе капиллярларында қанның газдық құрамы қалпына келеді.

Қан тамырлары бойынша акқан қан организмнің клеткаларымен тікелей жанаспайды. Клетканы қоршап тұрған ұлпа сұйықтығымен жанасады. Ұлпа сұықтығы клеткалардың арасындағы барлық бос жерді алып жатады да, дененін барлық салмағының 50%-іп құрайды.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1293 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...