Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Абырғаларды құру



3D StudioMAX-та қабырғаларды бірнеше әдіспен құруға болады. Бұл жерде біз L Extrusion ( L – экструзия денесі ) командасын қолданамыз.

1. Perspective (Перспектива) терезесін белсенді етіңіз және проекция терезелерін басқару панельіндегі Min/Max Togget (развернуть/Восстановить) батырмасынан LM шертіңіз.

Perspective (Перспектива) терезесі барлық жұмыс экранына ашылады.

2. Create (Құру) командалық панелі тізімінен Extended Primitives (Жақсартылған примитивтер) нұсқасын таңдаңыз және L- Ext (экструзия денесі) батырмасында шертіңіз.

Бұл батырма қабырғаларды L әрпі формасында тұрғызады. Екінші осындай C- Ext (С – экструзия) қабырғаларды С әрпі формасында тұрғызады.

3. Денелердің бұрыштарын қиылыстыру үшін Creation Method (Құру әдісі) шиыршық (свиток) ауыстырып қосқышын Corners (Бұрыштар) жағдайына қойыңыз.

Ауыстырып қосқышты Center (Центр) жағдайына келтіру арқылы ортасынан қиылыстырып құруға болады.

4. Жұмыс экранында LM – ді шертіп, тышқанды жібермей курсорды диагональ бойынша кез келген бағытта қозғаңыз.

Қабырғаларды құрастыра отырып Side Length (Длина боковой стены), Front Length (Фронтальды қабырға ұзындығы) және Side Width (Толщина боковой стены), Front Width (Толщина фронтальной стены) параметрлерінің көлемдерінің өзгеруін бақылаңыз.

5. Керекті обьект құрылғаннан кейін тышқан батырмасын жіберіңіз.

Объектіні жіберместен бұрын қабырғалардың ұзындығы мен қалыңдықтарының нақты мәндерін есептеуіштерге сәйкес қойып шығыңыз.

Енді құрылған объектіні Move (Орналастыру) құралын қолдана отырып жұмыс экранының керекті жеріне қоюға болады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 329 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.014 с)...