Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Объектіні айналдыру мен масштабтау



Объектіні айналдыру үшін келесі қадамдарды орындаңыз.

1. Құрал саймандар тақтасынан Select snd Rotate (Выделить и повернуть) батырмасында LM-ді шертіңіз. Конусты белгілеп алыңыз. Курсор конустың үстінде айналдыру батырмасының белгісіне айналады.

2. LM-ді шертіп, батырманы ұстап тұрып объектіні жоғары не төмен қозғалтыңыз. Айналдыру нәтижесі 8.4-суретте көрсетілген. Үнсіз жағдайда айналу координата жазықтығына перпендикуляр, айналу осьі бойынша жүреді. Курсорды жоғары бұру кезінде айналу сағат тілі бойынша жүреді, төмен бұру кезінде – сағат тіліне қарама-қарсы жүреді.

8.4-сурет. Объектіні айналдыру.

Объектіні масштабтау. Сахнаны құру процесінде бір типті объектілер құру қажеттілігі туады. Программа 3 түрлі көшірме алуға мүмкіндік береді.

1. LM –ді басамыз аспаптар тақтасынан. Проекция терезесіне курсорды апарамыз, конусты белгілейміз.

2. Объект курсор түймешігі масштабтау түрін қабылдайды.

3. LM –ді белгілеп курсорды жоғары және төмен қозғалтыңыз

4. Select and Non-uniform Scale түймешігінде LM –ді шертіңіз және ұстап тұрыңыз бірер уақыт. Бірөлшемді емес масштабтау және қысу командалары аспаптар тақтасында ашылады.

8.5-сурет. Бір өлшемді масштабтау

8.6- сурет. Бір өлшемді емес масштабтаудың аспаптар тақтасы

5. LM -ді Select and Non-uniform Scale түймешігінде шертеміз. Экранда бір өлшемді емес немесе қысу туралы ақпарат шығады. Бұл біз күтпеген нәтижеге алып келуі мүмкін. Мұндайдан құтылу үшін белгіленген объектіге модификатор Xfonn – ды қолданамыз.

6. LM –де Yes түймешігін шертеміз, содан кейін курсорды сфераға қоямыз.Бірөлшемді емес масштабтау түрі бірөлшемді емес түрінде орындалады.

8.7-сурет. Бірөлшемді емес сфераны масштабтау

7. LM –ді Select and Squash (Выделить и сжать) шертеміз де, қысуды орындаймыз.

8.8-сурет. Қысу түрін масштабтау





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 924 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...