Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Рамканың көмегімен объектіні белгілеу



«Рамка» құралы объект топтарын белгілеу үшін жасалған. Ол сахнада белгіленетін объектілер көп болса қолданылады.

1. Select Object (Выделить объект) батырмасында LM-ді шертіңіз және Crossing Selection (Пересекающее выделение) режимін орнатыңыз.

2. Проекция терезесінде LM-ді шертіңіз және тышқан батырмасын жібермей керекті объектілер топтамасы тіктөртбұрыш ішіне белгіленетіндей диагональ бойынша курсорды қозғаңыз.

3. Тышқан батырмасын жіберіңіз.

7.3-сурет. Объектілерді қиып белгілеу

Тіктөртбұрышты раманың ішіне бір нүктесі енген объектілердің барлығы белгіленеді. Оның басқа да формалары бар. Мысалы объектілерді белгілеу үшін Rectangular Selection Region (Прямоугольная область выделения) батырмасы қоданылады.

4. Select Object (Выделить объект) батырмасында LM-ді шертіңіз және тышқан батырмасын ұстап тұрып Rectangular Selection Region (Прямоугольная область выделения) батырмасын басыңыз. 7.4-суретінде көрсетілгендей тағы екі типті рамалар тізімі шығады.

7.4-сурет. Рама типін таңдау батырмалары.

5. Circular Selection Region (Круглая область выделения) батырмасында LM-ді шертіңіз, содан кейін проекция терезесін де шертіңіз. Шеңберді барлық белгіленетін объектілер кіретіндей етіп созу керек. Шеңбердің центрі проекция терезесінде таңдалған кез-келген нүкте бола алады. Шеңберлі белгілеу облысы 7.5-суретте көрсетілген.

7.5-сурет. Шеңберлі белгілеу облысы

6. Белгіленген объектілерден бас тартыңыз да Fence Selection Region (Произвольная область выделения) батырмасын шертіңіз.

7. LM-ді объектіден тыс шертіңіз және раманың бірінші сегментін сала отырып курсорды жылжытыңыз. Бірінші сегментті белгілеп тышқан батырмасын жіберіңіз. Курсорды екінші сегменттің аяқталатын жеріне апарып LM-ді шертіңіз.

8. Керек облысты сегментпен белгілеп, жұмысты жалғастырыңыз. Раманы тұйықтау үшін курсорды бірінші сегменттің бастапқы нүктесіне апарыңыз. Курсор жіңішке крест түріне ауысады. LM-ді шертіңіз, рама тұйықталды.

9. Еркін форма облысы 7.6-суретте көрсетілген. Раманы салу режиміннен бас тарту үшін RM немесе <Esc> батырмасын шертіңіз.

7.6- сурет. Еркін форма облысы

10. Crossing Selection режимінен Window режиміне ауысып, оған әртүрлі белгілейтін рамалар формасын құрыңыз.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 389 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...