Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Түсінік хат. Қазіргі заман талаптары оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту міндетін қойып отыр



Қазіргі заман талаптары оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту міндетін қойып отыр. Оны жүзеге асыру оқушылардың белсенділігі мен ізденімпаздығын ынталандыруға септігін тигізеді. Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында тереңдетілген математика 3- сыныптарына аптасына 1 сағаттық жүктемемен «Қызықты математика» сабағы жүргізіледі. Осы сағатқа арнап құрастырылған бұл оқулық мектеп бағдарламасының стандартына сай материалдармен қатар, оқушылардың ойлау қабілетін шыңдай түсу мақсатында логикалық есептер қамтылған.

«Қызықты математика» факультатив сабағы Ә.Б.Ақпаеванвың, Л.А.Лебедева, В.В.Буровованың Қызықты математика жұмыс дәптерін басшылыққа ала отырып жүргізіледі. Жұмыс дәптері бастауыш мектепте математиканы оқыту бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Құралдағы тапсырмалар оқулықтағы тақырыптар бойынша топтастырылып жасалынған.

Оқу құралы дәстүрден тыс қызықты тапсырмаларды орындау, ой қорыту білігін қалыптастыру бойынша жасалынған..

Жинаққа келесі тапсырмалар енгізілген:

- геометриялық сипаттағы кеңістік ұғымын дамытуға арналған тапсырмалар;

− алгебралық сипаттағы дәстүрден тыс тапсырмалар;

- комбинаторикалық есептер мен ықтималдықты анықтауға арналған есептер;

- сандық заңдылықтарды орындауға арналған тапсырмалар;

- жиынтық амалдарға арналған тапсырмалар;

− реттеу

- бірмәнді өзара сәйкестік;

- математикалық кроссворд;

- сиқырлы шаршылар, қызықты фигуралар;

- логикалық қорытындылар (қарапайым ой қорытындыларды, логикалық амалдарды қалыптастыруға және амалдарды жүйелеуге арналған және т.б. тапсырмалар);

-математикалық лабринттер

-көңілді жаттығулар;

-көбейту мен бөлудің тиімді тәсілдері;





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 710 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...