Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дастархан мейрамханасыныҢ кейтерингті Ұйымдастыру шаралары



3.1 Мейрамхана сипаттамасы және бағыттары

Кейтеринг (ағылшын сөзінен catering – қоғамдық тамақтану) – Туризм нарығында бұл жаңа ұғым, жаңа сала болып табылады. Әрбір мейрамхананың өзіндік логатипі болады. 3 суретте «Дастархан» мейрамханасының логотипі көрсетілген.

Сурет 3. Дастархан мейрамханасының логотипі

Басында кейтеринг Алматыда тек тағамдарды жеткізу ғана болатын, алайда қазір бұл ұғым қосымша мағыналарға ие болды және сыртқа шығу мейрамханаларының барлық қызметтерінің жиынтығын қамтиды. Бұл қызметтерге мейрамды өткізу территориясын таңдау және безендіру, ерекше атмосфера қалыптастыру, тағамдарды дайындау, қонақтарға қызмет көрсету және ойын-сауық бағдарламасын өткізу кіреді [17].

Банкет – бұл мейрамды ұйымдастырудың дәстүрлі емес түрлері. Ол әдетте барлық қонақтарды орналастыру үшін арналған жайлы зал (сурет 4).

Сурет 4. Банкет ұйымдастырудағы дастарханның безендірілуі

Мейрам – тек сіздің мерекеңізге арнайы таңдалған тағамдар ғана емес. Банкеттерді өткізу әдемі сервировкасыз, күшті қызмет көрсетусіз, есте қалатын және қисынды ойын-сауық бағдарламасыз елестетуге болмайды. «Дастархан- кейтеринг» банкеттерді ұйымдастырғанда залды безендіруден банкетке даяшыларды таңдауға дейінгі барлық қызметтердің толық спектрін ұсынады.

Сырқа шығу кейтерингі мейрамханадағы банкетке де, табиғат аясындағы пикникке де қызмет көрсете алады. Сондай-ақ, тойлаудың кез келген себебіне (үйлену тойы, туған күн, компания мерейтойы) өзекті болып келеді [18].

Біздің сәтті табылған идеямыз – банкет-фуршет болып табылады. Ол ұйымдыстырудың екі тип артықшылықтарынан тұрады: жеңіл тістемелер мен ерікті, бос қарым-қатынас, барлық қонақтардың қозғалысы үшін отыратын орындары бар залдар. «Дастархан- кейтеринг» - бұл еуропалық жоғарғы стандарттарға сәйкес сыртқа шығып мейрамханалық қызмет көрсету (сурет 5).

Сурет 5. Фуршет

Мейрам үстеліндегідей специфика мен отыратын орындардың жоқ болуы фуршеттің ерекшелігі болып табылады. Фуршет – бұл тарелкаға салуға ыңғайлы жеңіл тістемелер. Қонақтардың залда еркін қозғалуы оларға бір-бірімен тез танысуға мүмкіндік береді. Фуршеттерді өткізу – достардың кездесуі мен корпоративтік іс-шаралар (презентация, семинар мен конференциялар) үшін тамаша шешім.

«Дастархан - кейтеринг» компаниясының мамандары фуршетті ұйымдастыру форматын таңдауға көмектеседі, тапсырыс берушінің қалауы мен бөлінген қаржы бойынша ас мәзірін құрастырады. Бұл еркін таңдаудағы ланч-фуршет, іскери коктейль-фуршет, қорытынды коктейль-фуршет болуы мүмкін. Сыртқа шығу фуршеті – сыртқа шығу іс-шарасын өткізудің жаңа түсінігі, оны әсіресе ерекше формалды емес жағдайда өткізеді [19].

Қазіргі кезде көптеген компаниялар іс-шараны өткізуді өз қызметкерлеріне тапсырудан бас тартты. Тәжірибеге сүйенсек, іс-шараны тек арнайы мамандандырылған маман ғана ұйымдастыра алады. Сондықтан қазір беделді фирмалар корпоративтер ұйымдастыруды. Корпоративтерді ұйымдастыру маңызды болып келеді. Мінсіз мейрам – барлық компания имиджіне жағымды әсер етеді. Яғни серіктестер алдында компания беделі мен қызметкерлер адалдығы қалыптасады және серіктестермен табысты келісімшарттар жасалады.

Корпоративтік іс-шара ұйымдастыруға келесілер кіреді:

- Дәмді тағамдарды дайындау;

- Ас мәзірін құрастыру;

- Корпоративтік мейрам үшін территорияны таңдау және безендіру;

- Даяшыларды таңдау;

- Мейрам сценарийін құру;

- Жүргізушілер мен әртістерді таңдау;

- Мерекені техникалық жарықтандыру;

Жеткізушілер. Жабдықтауды ұйымдастыру

Дастархан - кейтеринг мейрамханасында азық-түлікті жеткізумен экспедитор айналысады. Мекемені азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін келесі міндеттерді шешу керек:

- Не алу керек;

- Қанша сатып алу керек;

- Кімнен сатып алуға болады;

- Қандай шарттарда сатып алу керек.

Сондай-ақ мыналарды жасау қажет:

- Келісімшартқа тұру;

- Келісімшарттың жүзеге асуын қадағалау;

- Жеткізуді ұйымдастыру;

- Қоймаға жеткізу мен сақтауды ұйымдастыру.

Бұл міндеттерді мейрамхананы жабдықтау бөлімі шешеді. Ол жоғарыда аталған нақты функцияларды орындай отырып дербес жұмыс істейді. Мекемеде тауар топтамасы үнемі сатып алатын жеткізушілер тізімі болады, сондай-ақ тауар базар мен әмбебар базаларда сатып алынады.

Құрылған жеткізушілер тізімі арнайы критерийлер негізінде талданады. Бұл критерийлер көбінесе жеткізілетін тауар топтамасының бағасы, сапасы және жеткізудің сенімділігімен шектеледі.

Жеткізушілерді таңдаған кезде басқа да критерийлерді ескереді:

- Тұтынушы мен жеткізуші ара қашықтығы;

- Тапсырыс орындау мерзімдері;

- Жеткізушідегі сапа басқаруды ұйымдастыру;

- Жеткізушінің қаржалық жағдайы, оның несиеге қабілеттілігі, т.б.

Тауарларды жеткізу орталықтанған және орталықтанбаған әдістер арқылы жүзеге асырылады. Тауарды мекемеге орталықтанған түрде жеткізу жеткізушілер күші және құралдарымен жүзеге асырылады. Орталықтанған жеткізу кезінде мекеме өз көлігінің болу қажеттілігінен босатылады.

Орталықтанбаған жеткізу кезінде мекеме тауарды өз көлігін қолданып, өзі жеткізеді.

Тауар қозғалысында көлік құралы маңызды рөль атқарады. Көлік жүргізушісі мен экспедитор тауар қозғалысы кезінде келесілерді қамтамасыз етуі керек:

- Тасымалдау кезіндегі жүктің бұзылмауы;

- Жүкті уақытылы жеткізу;

- Жүкті тию мен тасымалдау ережелерінің сақталуы;

- Көлік құралдарын эффективті қолдану.

Азық-түлікті тасымалдауға арналған әрбір көлікке мейрамханада санитарлық-эпидемиолгоиялық қызмет мекемелерімен берілген санитарлық паспорт болады [20].

Дастархан- кейтеринг мейрамханасын жабдықтауды ұйымдастырумен Global Foods компаниясы айналысады. Компания жеткізілетін тауар топтамасын қолдану бойынша профессионалды кеңестер береді, оқыту семинарларын ұйымдастырады, нарықтың жаңалықтарымен таныстырады, өндірушілер тарапынан ұйымдастырылатын арнайы акциялар және бағдарламаларымен таныстырады.

Неліктен нақ осы Global Foods?

Көп жылдар бойындағы жұмыс тәжірибесі, жеткізушілермен тұрақты байланыс жүйелі ассортименттің болуына әсер етеді, бәсекелестік бағаға барлық әлемнен алып келінетін тауарлардағы тұратын 1500 тағам атауы, сондай-ақ, жартылай дайын өнімдер мен материалдық-техникалық құралдар. Қазіргі нарықтың талаптары – сервис пен тауар топтамасының жоғарғы және тұрақты сапасы орындалады.

Сонымен қатар Global Foods жай ғана тауарды жеткізуші ғана емес, клиент бизнесі қарқынды дамуы үшін әсер ететін компания. Ол үшін компания өздерінің клиенттеріне мейрамхана бизнесінде эффективтілікті жоғарылату үшін, яғни көбірек үнемедеу мен табыс табу үшін тауарлық шешімдерді ұсынады.

Компания бағалары – үнемі талқылау заты болады. Бағаны анықтаған кезде әрбір клиентке инвидуалды қарауы арқасында компания клиент үшін тауар топтамасының жалпы бағасының кемуіне қол жеткізеді. Сондықтан Global Foods-пен жұмыс істеу тиімді.

Компания клиентке арналған сервисті жақсартуға тырысады. Мұндағы басты міндет – тапсырысты қабылдау мерзімі, жеткізудің нақтылығы мен оперативтілігіні қатысты клиенттің барлық қалауы мен ерекшеліктерін ескеру, клиенттің барлық сұрақтарын шешу және ол таңдаған тауар топтамасының сенімділігін қамтамасыз ету. Сондықтан Global Foods-пен жұмыс істеу тиімді.

Компанияда сервисті жақсарту үшін мамандандырылған персонал жұмыс істейді. Компания пенсонал тренингтерін жүргізеді, клиенттерге қызмет ететін персоналды(сату бойынша менеджер, телемаркетер, жүргізушілер, қойма жұмысшылары) ынталандыру жүйесін өзгертеді. Алайда клиенттермен жұмыс жасаудың негізгі приципі өзгермейді: максималды сервис негізінде сапалы азық-түлік тауарларымен жүйелі қамтамасыз ету [21].

Тауар топтамасы жасалған келісімшарт негізінде мекемелерге компания көлігімен жеткізіледі. Келісімшартта азық-түлік және жартылай дайын өнімдердің кімнің көлігімен жеткізілетіні, тауар топтамасының саны, бағасы, тауарды жеткізу мерзімі көрсетіледі. Тауар топтамасын жеткізетін көлік барлық санитарлық нормаларға сәйкес келеді және оның санитарлық паспорты бар. Тауарды алып жүруші экспедиторда тауар саны мен сапасын куәландыратын барлық құжатта болады.

3.2 Мейрамхананың өндірістік инфрақұрылымы

Мекеменің қоймалық бөлігі. Тамақтану мекемелерінде тауарды қабылдау технологиялық процесстердің маңызды құрамалық бөлігі болып табылады. Материалдық-техникалық құралдарды (құрал-жабдықтар, иневентарь, ыдыс-аяқ, асханалық жабдықтар) қоймашы қабылдайды. Азық-түлікті Шеф-повар алады. Бірінші кезең – алдын-ала кезеңі. Саны бойынша тауарды қабылдау тауар-көліктік құжат, шот-фактура, қайтару орындарын қайта санау жолы және өлшеумен жүзеге асады. Егер тауар жарамды тара түрінде жеткізілсе, онда Шеф-повар брутто салмағын тексерумен қатар, тараны ашып, нетто салмағын тексереді. Екінші кезең – соңғы қабылдау. Нетто салмағы мен тауар бірліктерінің санын тараны ашу кезінде тексереді. Ал тара салмағын тауарды қабылдау кезінде тексереді.

Шеф-повар бір уақытта тауарларды саны бойынша қабылдаумен де, тауар санын оргонолептикалық түрде (түрі, түсі, иісі, дәмі бойынша) текесерумен де айналысады. Сондай-ақ, ол тауардың стандарттарға, сертификат пен сапа куәлігіне сәйкестігін тексереді.

Мейрамхананың қоймалық бөлігі жеткізушілерден келетін азық-түлікті, шикізат пен жартылай өнімдерді қабылдау үшін және қызқа мерзімді сақтау үшін жұмыс істейді. Қойма бөлмесі екінші қабатта орналасады. Онда өндірістік бөлмелермен ыңғайлы байланыс болады. Қойма бөлмесінің құрылысы шикізат пен тауарлардың орналасу бағытына байланысты жүргізіледі.

Жалпы қойма операцияларының жүйесі келесі реттілікпен жүреді:

1) көліктен жүкті түсіру;

2) тауарларды қабылдау;

3) сақтау үшін орналастыру;

4) сақтау орындарынан тауарларды алу;

5) қойма ішіндегі жүктерді алмастыру.

Құрамы мен көлемі бойынша қойма бөлмелері осы мекеме типіндегі құрылыс нормаларына және тәртібіне сәйкес келеді. Мекемеде әрбір шикізат түрі жеке камераларда сақталады. Сақтау мерзімі, қолдануға берілуге дайындық деңгейі және ластануы бірдей азық-түліктер бір камерада сақталады. Әрбір камераның көлемі 9 м², онда жасанды жарық, температура мен ылғалдылықты реттейтін құралдар, созылмалы вентиляциясы болады.

Ет пен балық мұздатқыш камерада -3-0°С температурада, 80-90% ылғалдылықта 5 тәулік сақталады.

Сүт және сүт өнімдері, гастрономиялық өнімдер шикізатты сақтау камерасында -0-6°С температурада, 75-78% ылғалдылықта сақталады.

Жемістер мен көкөністер көкөніс камерасында 3-8°С температурасында, 85-90% ылғалдылықта сақталады.

Еспе өнімдерін сақтау үшін арналған қойма бөлмесінде ұн, қант, тұз және жарма орамаларда -12-18°С температурасында, 60-70% ылғалдылықта сақталады.

Дайын өнімдер камерасы дайын өнімдерді -0-6 °С температурасында, 85% ылғалдылықта қысқа мерзімді сақтауға арналған.

Екінші қабаттағы қойма бөлмесінде горизонтальды түрде қойылатын арақ-шараптар, жәшіктегі алкогольды емес сусындар -8 °С температурасында, 75% ылғалдылықта сақталады [22].

Өндірістік бөлме ыстық және суық тағамдар бөлмелеріне бөлінген. Сондай-ақ кондитерлік цех және ыдыс жуатын бөлме бар.

Суық тағамдар бөлмесі. Суық тағамдар бөлмесінде аспазшы мыналарды дайындайды: суық тағамдар мен тістемелер, өздері дайындайтын сусындар мен десерттер. Қабылданған тапсырыс негізінде шикізат пен жартылай өнімдерді аспазшы шеф-повардан алады. Суық тағамдар бөлмесінде кішігірім механикасы бар өндірістік үстелдер, фризер, жуатын ванналар, сөрелер, мұздатқыш шкафтар мен таразы орналасқан. Өндірістік бөлмедегі созылмалы вентиляция микро-климатты қалыптастырады.

Суық тағамдар мен тістемелерді дайындаған кезде келесі ыдыстар мен инвентарьды қолданады: әр түрлі көлемдегі қазандар мен кастрөлдер, таңбаланған гатрономиялық пышақтар, азық-түлікті турауға арналған әр түрлі құралдар.

Бөлмедегі жұмысты шеф-повар қадағалайды, дайын өнімдер дайын өнімге арналған камерада қысқа мерзімге сақталады.

Ыстық тағамдар бөлмесі. Ыстық тағамдар бөлмесінде ыстық тағамдар мен тістемелер дайындалады. Тапсырысты алғаннан кейін аспазшы тағамды дайындауға кіріседі. Бөлмеде келесі құралдар орнатылған: электрлік плита, қуырма ыдыс, электрлік табалар, ауа-конвектоматы, өндірістік үсстелдер, суытатын үстелдер, жуатын ванналар және таразылар. Аспазшы тағамдарды дайындаған кезде мына ыдыстар мен инвентарьды пайланады: плитаға арналған әр түрлі көлемдегі қазандар мен катрөльдер, таңбалық өңдеу тақтайлары, аспаздық үштіктер мен гастрономиялық пышақтар, ожау, тәждер, сита, аспаздық шаңыщқы және т.б.

Тапсырысты аяқтағаннан кейін аспазшы Шеф-повар алдында есеп береді және уақытша сақтауға арналған камераға қойылады.

Кондитерлік цех. Цехта кондитерлік және ұн өнімдері өндіріледі. Бөлмеде келесі құралдар орнатылған: электрошкаф, ауа-конвектомат, мұздатқыш шкафтар, ұн илейтін машина, өндірістік және салқындатқыш үстелдер, жуатын ванналар мен таразы.

Кондитерлік және ұн өнімдерін дайындаған кезде аспазшы әр түрлі қондырғылары бар кондитерлік қапшықтар, өңдеу тақтайлары, пышақтар, кондитерлік торт пен кекстерге арналған формалар, тарталеткалар, кондитерлік қаңылтыр таба, ожаулар [23].

Тапсырысты дайындауды аяқтағаннан кейін аспазшы шеф-повар алдында есеп береді.

3.3 Корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру жолдары

Дастархан- кейтеринг сыртқа шығып қызмет көрсететін мейрамханасы «ASU COMPANY GROUP» компаниясының корпоративтік іс-шарасын өткізeуді ұйымдастырды (сурет 6).

Банкет қарсаңында өткізілетін орын, уақыт, қонақтар саны мен ас мәзірі туралы келісті. Ас мәзіріне сәйкес тағамдарды дайындау үшін әзірленеді.

Сурет 6. ASU компаниясының логотипі

Кештен бастап іс-шараны өткізу үшін қажетті материалдық-техникалық құралдарды тасымалдау үшін көлік дайындалды. Іс-шара таза ауада өткізілетіндіктен, газондарда шатырларды орнату шешімі қабылданды. Олар қонақтарды мүмкін болатын жел мен жауын-шашыннан қорғауға арналған есігі мен терезелері бар жеңіл павильон ретінде болады.

Сондай-ақ, көлікке басқа да қажетті заттар салынды:

- Құрал-жабдықтар: ауа-конвектоматы, жылжымалы газ жандырғылары, жиналатын өндірістік үстелдер, жылу пушкасы, ашық отта палау дайындау үшін арналған қазанды пеш, тағамдарды ұсынғанда температураны сақтау үшін арналған мармиттер, тағамдарды өткізу үшін құрал-жабдықтар, кофе-машина.

- Инвентарь: таңбаланған пышақтар мен өңдеу тақтайлары, порциялық қасықтар, ұстағыштар, тағамға арналған пленка, келушілерге тағамды ұсыну үшін подностар, суындарға арналған шыны ыдыстар және тағамдар мен тістемелерге арналған бір реттік пластик ыдыстар, сондай-ақ, өндірістік және қызмет көрсетуші персоналдың мекеме логотипі бар формалық киімдері.

Іс-шараны ұйымдастыру үшін келесілер дайындалды:

- Мекеменің логотипі бар асханалық бұйымдар;

- Қонақтарға арналған жиһаз: полиэфирдік жамылғысы бар жиналатын үстелдер мен орындықтар, фуршет үстелдері, тістемелер мен сусындар үстелдері.

Әзірленген және қорапқа салынғандар, материалдық-техникалық құралдар, қызмет көрсетуші және өндірістік персонал, банкетті ұйымдастыру үшін жауаптылар таңертең іс-шара өткізілетін жерге шығып кетті.

Орында шатырлар, жиһаз, өндірістік процессті ұйымдастыруға және қонақтарға қызмет көрсетуге арналған жабдықтар орнатылды. Дайындық процессі аяқталғаннан кейін аспазшылар тағамдар мен сусындарды дайындауға кірісті.

Қонақтар үшін мәдени, ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды: үрлемелі батут пен әткеншектер, әртістер, клоундар өнер көрсетуі үшін сахналар орнатылды, аниматорлар шақырылды, музыка ойнап тұрды. Ойын-сауық зонасындағы қонақтар тағамдар зонасына тез өте алды. Тағмадар зонасындағы үстелдерде оларды салқындатылған және ыстық сусындардың, суық және ыстық тістемелер мен тағамдардың кең ассортименті күтті. Келушілер палаудың арнайы орнатылған пеште, ашық отта дайындалу процесін бақылай алды.

Банкетте алкогольды сусындар болған жоқ. Себебі мейрамда қызметкерлердің балалары болды. Даяшылар келгендерге сусындар мен тағамдар ұсынды. Сахнадан құттықтау сөздер естілді, викториналар мен ойындар өткізілді.

Күн ортасында жауын жауып, барлық қонақтар мейрам жалғасқан шатырға кірді және бұл уақытта ұйымдастырушылар ойын зонасында демалысты жалғастыруға болатын тентті орнатты [24].

Барлық мейрам барысында мұңды бет-жүзі болды және мереке аяқталған кезде өндірістік және қызмет көрсетуші персонал мадақтау сөздерін естіді. Қонақтар кеткен соң, материалдық-техникалық құралдар көлікке салынды.

«Asu company group» компаниясының корпоративтік іс-шара мәзірі

Тістемелер

- Ет ассортиі: қақтама, қараөрік қосылған тауық орамасы, шошқа

етінен жасалған шұжық;

- Балық ассортиі: осетрина, ақсерке;

- Маринадталған көкөністерден жасалған ассорти;

- Көкөніс ассортиі: қызанақ, қияр, көк шөп, паприка;

- Жаңғақ және сарымсақ қосылған грекше баклажан;

- Шеф-повардың рецепті бойынша маринадталған ақ саңырауқұлақтар.

Салаттар

- Самырсын жаңғағы, ақ саңырауқұлақ және қара наннан жасалған

қытырлақтар қосылған «Жасыл» салаты;

- «Листопад» салаты (лолло россо салат жапырағынан микс, латук,

черри қызанағы, қияр, авокадо);

- «Балкан» салаты (сулугини ірімшігі, қызанақ және паприкада

пісірілген баклажандар);

- «Рим» салаты («Фета» ірімшігі, ірі қызанақ, зәйтүн, қызыл пияз);

- Жаңа піскен көкөністер, брынза және зәйтүн қосылған дәстүрлі грек

салаты.

Ыстық тағамдар

- Қой етінен жасалған палау;

- Қышқыл-тәтті соустағы қой еті;

- Ірімшік және шампиньон қосылған тауық төсі;

- Чили қызанағында маринадталған тауық қанаттары;

- Көкөністен жасалған ассорти;

- Соустағы сиыр етінің кесінделерінен жасалған стейк;

- Шошқа мойынынан жасалған фирмалық кәуап;

- Ащы соустағы сиыр етінен жасалғаан кәуап;

- Тауық етінен жасалған кәуап; [25].

Барбекю тағамдарына арналған гарнирлер (көк шөп қосылған пісірілген картоп, шафран күріші, лечо).

ҚОРЫТЫНДЫ

Заманауи кейтеринг – бұл бейімделіп қызмет көрсету, сыртқы шығу банкеттерін ұйымдастыру, іс-шараны өткізу үшін қажет инвентарьды жылдам жеткізу. Сыртқа шығу мейрамханасы барлық қажет жабдықтармен жабдықталған: жиһаз, ыдыс, дайын өнімдердің қажетті температурасын сақтауға арналған термикалық контейнерлердің жеткілікті саны. Табысты кейтеринг компаниясында мамандандырылған қызмет көрсетуші персонал болады: аспазшылар, бармендер, даяшылар мен іс-шараны жүргізуші-басқарушы.

Сыртқа шығу кейтерингі бірқатар ерекшеліктермен ерекшеленеді және бизнесті жүргізудің перспективті бағыты болып келеді. Көптеген іс-шара басқарушылары қызметкерлер жұмысын ынталандырудың нақты жүйесін түсінеді және жайлы жұмыс үшін барлық қажетті жағдай орнатады. Мұндай жағдайларға сыртқа шығу кейтерингімен айналысатын мекемелер қамтамасыз ететін жұмыскерлердің дұрыс тамақтануын ұйымдастыруды да жатқызуға болады.

Кейтеринг қызметтерінің нарығын дәстүрлі түрде келесідей сегменттерге бөлген жөн: кейтеринг компаниялары ұсынатын орындар негізінде стационарлық қызмет көрсету, тапсырыс берушіге ыңғайлы кез келген жерде сыртқа шығып қызмет көрсету, іс-шараларды табиғат аясында, теплоходтарда өткізу және кеңселерге түскі астарды жеткізу.

Фуршет, банкет, корпоративтік іс-шара, ресми емес іскерлік кездесулер, VIP-кештер, той мерекелері және басқа да мейрамдарды өткізетін сыртқа шығып қызмет көрсететін мейрамханалар зор танмалдылыққа қол жеткізуде. Себебі нағыз таңдаулы тамақтануды және әр түрлі іс-шараларды тематикалық өткізуде қызмет көрсетуді кейтеринг копаниялары ұсынады.

Өзінің бизнесін дамыту үшін көптеген кейтеринг компаниялары жаңа, бірегей бағыттарды таңдауда: вегетариандық ас мәзірін ұсыну, ұсынылатын тағамдардағы калорияларды индивидуалды есептеу, тұссыз және аз калориялы диеталар.

Кейтерингтік қызмет көрсету – мейрамхана бизнесінің дамуындағы басым бағыттардың бірі. Өткені мейрамхана бизнесін мамандар екі сегментке бөлген. Олар стиционарлық қызмет көрсету және сыртқа шығып қызмет көрсету. Екіншісі тиімді және дамуында жақсы перспективалар бар.

Кейтерингті ұймдастыру –болатын іс-шараның жалпы концепциясын ойластырудан тұратын күрделі және көп қырлы процесс. Тапсырыс берушіге ыңғайлы жерде туған күнді тойлау, той мейрамдары, конференциялардағы кофе-брейк, банкеттергі сыртқа шығып қызмет көрсету, корпоративтік жаңа жылдық кештерді ұйымдастыру – әр түрлі тематикалық бағыттағы іс-шаралар. Бұл іс-шаралардың әрқайсысы кейтеринг бойынша мамандардан оларды өткізу үшін жаңа креативті идеяларды талап етеді, себебі әрбір іс-шара өзіндік және есте қалатындай болу керек. Осындай іс-шараларды өткізу бойынша әр елдің нарығына талдау жүргізсек АҚШ 97%, Рессей 30%, Қазақстан 22% кейтеринг саласы бойынша жұмыс жасайды. Бірақ жыл сайын Рессей мен Қазақстанда мейрамхана саласындағы кейтерингтің дамуы 5 – 15 % өсуде. Мейрамхана саласындағы кейтерингті қолдану көп жағдайда маусымдылығына байланысты сұранысқа ие болады. Мысалы жаз айларында көп қолданылса, қыс мезгілдерінде аз сұранысқа ие. АҚШ – та кейтерингтің жоғарғы дәрежедегі дамуы, олар тек қана мерекелік шараларды ғана емес, күн сайын 40 мың немесе 50 мыңға жуық, жұмыс жасайтын мекемелердегі адамдарды тамақтандырумен айналысады. Ал Рессейде қазіргі таңда нарықта көш бастап тұрған франсуздық Sodexho компаниясы, күніне 25 мың адамға қызмет көрсетеді. Екінші орында Мәскеулік компания Porad Catering 18 мың адамға қызмет көрсетеді. Келесі көш бастап тұрған компания Мастер Фуд, рессей нарығының 12,6% жұмыс жасайды, жылына 7,9 млн адамға қызмет көрсетеді.

Туризмдегі кейтерингті ұйымдастыру ұсыныс нарықта жас сала болғандықтан біздің елде енді дамып келе жатыр. Сыртқа шығып тамақтандыруды ұйымдастыру қазір жоғарғы деңгейде бастау алуда. Туристерге ұлтық нақыштарды көрсету барысында ұлттық тағамдарды ұсыну бойынша кейтеринг түрлерін ұйымдастыруға болады.

Қорытындылай келе, кейтеринг қызметтерінің нарығы бизнестің өте перспективті бағыты болып табылатынын айқын көз жеткізуге болады. Әр түрлі мемлекеттердегі кейтеринг қызметтерінің жылдық әлемдік өсімін салыстырғанда, мамандар кейтерингтік қызмет көрсетушілердің жаңа операторларының кіруін ескереді және әрі қарай қызмет көрсету жоғарылайтынын болжамдайды.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2735 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.021 с)...