Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Лшемдерді өлшеуден және олармен арифметикалық әрекеттерді орындаудан шыққан сандарды оқыту міндеттері, маңызы



Көлемді өлшеу біріліктерін оқыған кезде өлшеуге және өлшеу қорытындысын түсіндіруге арналған тәжірбиелік жұмыстарды көбірек жүргізуі керек. Мысалы, әрбір оқушыға сызықтық, лентаның, дәптер парағының санын тауып, оның нәтижесін дәптерге жазып қоюды ұсыну керек, сағат бойынша уақытты тауып, сағат тілінің көрсеткіштерін жазып қою, жүктің салмағын анықтау сияқты тапсырмалар беріледі. Бұл кезде бір ғана өлшемді әртүрлі бірліктермен өлшеукерек: бірінші сантиметрмен, содан соң дициметрмен. Өлшеудің нәтижесін бірліктердің реті бойынша дәптерге жазып қою керек. Мысалы: бір ғана кесіндінің ұзындығын былай жазуға болады: 1дм, 10см, 100мм.

Демек, өлшеуден алынған сандарды міндетті түрде өлшеулерін атап жазу керек. Егер бір өлшеммен өлшесе онда бір-ақ атау жазылады (3м, 2м, 25см, 10см). Егер екі өлшеумен өлшесе, онда екі атаулы сандар жазылады (1м 30дм). Әр оқушы өз бетімен өлшеп, нәтижесін шығару керек. Өлшеу берілген таңдауға бірінші мұғалім көмектеседі, ал кейіннен оқушы өзі таңдауға тиіс.

Мынадай жаттығуларды орындаған да пайдалы: алдымен оқушыға өлшеуден алған бірнеше санды жазу ұсынылады, мысалы, 3м 25см, 3кг 100г, содан соң 3м 25см-ге сай келетін кесіндіні көрсетуі керек, 3кг 100г болатын затты атауы керек. Бұл оқушыларға өлшем бірліктерін жақсы есте сақтауға көмектеседі.

Ақыл-есі кем оқушылар өлшем бірліктерін шатастырады, мысалы, 30см 5м. Сол үшін мынадай тарсырмаларды орындатқан дұрыс 50... 35см, 100р 25... (нүкте орнына тиісті атауды қой); сандарды аз-көптігіне қарай орналастыр: 3м, 8р, 50км; сандар қатарынан тек өлшеуден алынған сандарды теріп жаз: 2м 55см, 8кг 300г.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 490 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...