Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ақыл-ойы кем оқушыларға мәтіндік арифметикалық есептерді шешуді үйретудің маңызы



VIII типті мектептің математика курсындағы арифметикалық есептердің маңызы зор.

Математика сабағының жартысы арифметикалық есептерді шешуге бөлінеді. Солар арқылы интелектісі бұзылған балаларды түзете – тәрбиелеуге және білім берге болады.

Арифметикалық есептерді шешу – арифметикалық іс-әрекеттерді нақтылауға және өмір жағдайымен байланыстыруға септігін тигізеді.

Есептер математикалық ұғымдар және олардың заңдылықтарын игеруге көмектеседі.

Ақыл-есі кешеуілдеген оқушылар есептерді шешкене ырықты зейіні, бақылағыштық, логикалық ойлау, сөйлеуі, ойлау дағдылары одан әрі дамиды. Сондай –ақ танымдық іс-әрекеттің анализ, синтез, салыстыру және жалпылау сияқты процестері шыңдалады.

Арифметикалық есептерді шешу процесінде оқушылар өз іс-әрекетін жоспарлауды, бақылауды және өзін-өзі игеруді (есепті тексеру, жауапты жобалау, есептерді түрлі жолдармен шешу тәсілдері және т.б) үйренеді. Балаларда есепті шешу жолдарын іздестіруге қызығушылық тәрбиеленеді.

Ақыл-есі кешеуілдеген балаларды өмірге тәрбиелеуге және еңбектік іс-әрекетке дайындауда есептерді шешу көп көмегін тигізді. Сюжетті есептерді шешу арқылы балалар «математика тілінде» терминдерді игереді».

Арифметикалық есептерде мемлекетіміздің экономикада, мәдениеттер және ғылымдағы жетістіктері бейнеленеді. Бұл оқушының ойлау қабілетін, жаңа түсініктермен байытуына ықпалын тигізеді.

Математика сабағында арифметикалық есептерді шешу оқушыларды болашақ мамандығына даярлау, өмірмен байланыстыру жүзеге асады.

Оқушылар арифметикалық есептерді шешуде үйренуде қатты қиналады.

Оқушылардың бақылау жұмыстарын тексере және анализдей келе, олар жіберетін қателерді былай топтастыруға болады.

1. Артық (қажет емес) сұрақ және әрекетті ойластыру.

2. Қажетті сұрақ пен әрекетті алып тастау.

3. Әрекеттің сұраққа сай болмауы; сұрақ дұрыс қойылғанымен әрекеттің

дұрыс таңдалмауы, крісінше, әрекет дұрыс таңдалса, сұрақ дұрыс емес

құрылған болады.

4. Сандарды және әрекеттерді ойдан шығару.

5. Әрекетті орындау барсында өлшем бірліктерінің атасуларын қате

жазу: а) атаулары мүлдем жазылмайды; б) атаулар қате жазылады, кейде

ол есепте мүлдем болмайды; в) атаулар жеке компоненттер арқылы

жазылады.

6. Амалдарды қате орындау.

7. Есептің жауабын дұрыс құрастырмау. (құрастырылған жауап есеп

сұрақтарына сай келмейді).





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 733 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...