Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Згерістер туралы есепті ашу



Мақсаты: Студенттерді банктің ақша қозғалысы туралы есепті және капиталдағы өзгерістер туралы есептің негізгі ұғымдарымен таныстыру, оның мақсаты мен міндеттерін айқындау, әдебиеттер тізімін ұсыну, дәріс сұрақтарын қарастыру.

Мазмұны

1. Банктің операциялық қызметі

2. Банктің инвестициялық қызметі

3. Банктің қаржылық қызметі

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: операциялық қызмет, ақша ағымы, инвестициялық қызмет, қаржылық қызмет, банк резервтері, провизиялар, амортизация, сыйақы, табыс және шығыстар, банктің бөлінбеген таза табысы және т.б.

Ақша қозғалысының есебінде есептік кезеңдегі банктің қолма-қол санының өзгеруі туралы ақпараттарды және ақша сомасының көбею көзі, сол сияқты оларды пайдалану бағыты жөнінде көрсетілуі керек.

Операциялық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша ағымының көлемі, банктер өз қарыздарын өтеу үшін, дивиденттерді төлеу үшін, операциялық мүмкіндіктерді сақтау және қаржыландырудың ішкі көздерін қолданбай-ақ жаңа инвестицияларды жүзеге асыру үшін жеткілікті ақша ағымын өндіретін операциялардың деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ақшаның алғашқы операциялық ағымының нақты баптары туралы ақпараттар басқа ақпараттармен қосылғанда операциялық қызметтен түсетін болашақтьағы ақша ағымын болжау үшін өте тиімді.

Бұл ағымдар таза табысты және шығынды анықтау кезінде есепке алынатын операциялар мен басқа да құбылыстардың нәтижесі болып табылады. Операциялық қызметтен түскен ақша ағымына келесі жатады:

− Банктік қызметпен байланысты ақша түсімдері және төлемдер;

− Лицензиясы бар банктердің ҚР заңдарымен рұқсат етілген операцияларды жүргізумен байланысты ақша түсімдері және төлемдері;

− Тауар және қызметтер үшін жабдықтаушыға төлемдер;

− Қызметкерлерге олардың атынан төлемдер;

− Ақшалай төлемдер немесе табыс салығын қайтару, егер олар қаржылық немесе инвестициялық қызметпен үйлеспейтін болса.

Қарыздарды ұсыну және салымдарды тарту банктің таыс әкелетін негізгі қызметіне жататындықтан операциялық қызмет ретінде жіктеледі.

Операциялық қызметтен түскен ақша ағымын банк, есепті кезеңнің табыстары мен залалдарына ақша ағымын болдырмайтын операциялардың, өткен немесе болашақ кезеңдердің операциялық ақшалай түсімдері мен төлемдерін есептеу немесе кейінге қалдыру және инвестициялық немесе қаржылық ақша ағымдарымен байланысты табыстар немесе шығыстар баптарының нәтижелерін ескере отырып, түзетулер енгізілетін әдісті қолдану арқылы ұсыну қажет.

Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қозғалысын бөлек көрсетудің қажеттілігі мұндай ағымдар жөніндегі ақпараттардың болашақтағы табыс пен ақша ағымын қамтамасыз ету үшін жұмсалатын шығындардың бағытын көрсететіндігімен байланысты. Жалпы түсімдердің және банктің инвестициялық қызметінен шығуынан ақшалардың негізгі түрлері болып табылатындар:

− Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді актвитерді сатып алу үшін төлемдер;

− Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді актвитерді сатудан түскен ақшалай түсімдер;

− Басқа да заңды тұлғалардан үлестік және борыштық құралдарын және біріккен кәсіпорындарға қатысу үлесін сатып алуға арналған төлемдер;

− Басқа да заңды тұлғалардан үлестік және борыштық құралдарын және біріккен кәсіпорындарға қатысу үлесін сатудан түскен ақшалай түсімдер (ақша баламаларына жатпайтын және сатуға арналмаған).

Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша ағымын жеке ашып көрсету, банк үшін ақшаның болашақтағы ағымына капиталын ұсынған заңды және жеке тұлғалардың қарсылықтарын болжауға мүмкіндік береді. Қаржылық қызметтен түскен жалпы түсімдер мен шыққан ақшалардың негізгі түрлері бөлек көрсетілуі керек. Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша ағымдарына келесілер жатады:

− Акция эмиссиясынан түскен ақшалай түсімдер;

− Банк акцияларын сатып алу немесе өтеу үшін иемденушілерге ақшалай төлемдер;

− Қарыздық міндеттемелерді шығарудан түскен ақшалай түсімдер.

Ақша қозғалысымен байланыссыз операциялар – банк резервтерінің қозғалысындағы құрылған провизиялар айналымындағы, есептелінген амортизациядағы сыйақы алумен және төлеумен байланысты және байланысты емес есептелген табыс және шығыстардағы, банктің бөлінбеген таза табысындағы өзгерістер.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 635 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...