Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс 12– Лизингтік және факторингтік операцияларды, форфейтерлеу және овердрафтты талдау



Мақсаты: Студенттерді банктің лизингтік және факторингтік операцияларды, форфейтерлеу және овердрафтты талдаудың негізгі ұғымдарымен таныстыру, оның мақсаты мен міндеттерін айқындау, әдебиеттер тізімін ұсыну, дәріс сұрақтарын қарастыру.

Мазмұны

1. Несиелік сипатта болатын жекелеген операциялар түрлерін талдау: лизингтік, форфейтингтік, агенттік қызметтер.

2. Лизингтік қарым – қатынас операциялары.

3. Овердрафт.

4. Факторинг операциялары

5. Форфейтинг

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: лизингтік, форфейтингтік, агенттік қызметтер, факторинг, форфейтерлендіру, овердрафт, экспорт және т.б.

Несиелік сипатта болатын жекелеген операциялар түрлерін талдау: лизингтік, форфейтингтік, агенттік қызметтер, т.б. ерекше қызығушылықты білдіреді және дәстүрлі емес қызметтерге жатады, себебі олар нарық қатынастары жағдайында ғана пайда болды.

Лизинг – қаржылық, өндірістік және өткізу (сату) қызметтерін атқарады.

Лизингтік қарым – қатынастың кестесі.

Лизингтік келісім бойынша төлемдер мына сомалардан тұрады: 1) амортизациялық аударымдар; 2) ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдер; 3) комиссиялық төлемдер; 4) лизинг берушінің қосымша қызметтері үшін төлемдер:

1) А =БС * Na * Т: 100, бұл жерде:

А - амортизациялық аударымдар;

БС – қондырғылардың баланстық (алғашқы) бағасы (мың теңге);

Na - толық қалпына келтіруге амортизациялық аударымдар мөлшері (%);

Т – лизингтік келісім уақыт кезеңі (мерзімі).

2) Пк = Кр * ПСкр: 100, бұл жерде:

Пк - несие ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер;

Кр – лизинг операциясын жүргізу үшін тартылған несие ресурстарының шамасы (көлемі), мың теңге;

ПСкр - несие ресурстарын пайдаланғаны үшін ставка (%).

Өз кезегінде несие ресурстарының шамасы мына формуламен анықталады:

r

Кр = ∑ (БСn + БСk): 2, бұл жерде:

БСn - қондырғының жыл басындағы баланстық құны;

БСk – қондырғының жыл аяғындағы баланстық құны.

3) Пком = Кр * ПСком: 100, бұл жерде:

Пком - комиссиялық төлемдер;

ПСком - комиссиялық сыйлықтың % -тік ставкасы (%).

4) ПDУ = Pk + Py + Pp + PD, бұл жерде:

ПDУ – қосымша қызметтер үшін төлемдер;

Pk - фирма – лизинг беруші жұмыскерлерінің жол-сапар шығындары;

Py – заңдық кеңес, т.б. қызметтері үшін шығындар;

Pp – жарнамалау шығындары;

PD - басқа түрлі шығындар.

5) Лизинг берушінің бюджетке төлейтін қосымша құн салығы:

НДС = В * ПС ндс: 100, бұл жерде:

В – қосымша құн салығы алынатын лизингтік келісім бойынша түсім ақша;

ПС ндс - ҚҚС –тің % -тік ставкасы (%).

Түсім ақша: В = Пk + П ком + ПDУ - қосындысынан тұрады. Лизингтік төлемдердің жалпы сомасы:

λП =А + Пk + П ком + ПDУ + НДС

Факторинг үшін төлемді анықтау кезінде екі жақтың келісілген несие үшін процент және сатып алушыдан қаржылық есептесуіндегі орташа келіп жату мерзімін ескеру қажет. Мысалы: несие үшін процент жылдағы -18%. Сатып алушыдан есеп айырысудағы қаржы айналымының орташа мерзімі – 14 күн. Бұл операция үшін төлем, қабылданған факторингтік өтем сомасының 0,544% -ін құрайды (18%. *14 күн: 360); Сатушы құжаттарының сомасы 2000 мың теңгені төлеу үшін, одан факторинг 10,88 мың теңге алады (2000 * 0,544:100). Сатушы құжаттарын сатып алушының картотекасына (төлем күтуіне) орналастырған кездегі болатын барлық айыптық өсім сомасы да факторингтің табысы болып саналады. Төлемді 10 күнге кешіктірген жағдайда сатып алушыдан (0,04%) 8 мың теңге (2000 * 10 * 0,04: 100) сомасында факторингке аударылады.

Қорыта айтқанда, факторинг капитал айналымын жылдамдатуға мүмкіндік беріп, банктік несие тартудың мүмкіншіліктерін кеңейтеді және банктің клиенттік базасын айтарлықтай ұлғайтады.

Экспорт – импорттық операциялардағы есептесу кезінде форфейтерлендіру, овердрафт сияқты несиелендіру түрлері қолданды.

Форфейтинг деп түсінетініміз халықаралық саудадағы сатып алу және сату жолымен қарыздарды жою болып табылады. Форфейтинг өзінің мәні жағынан факторингке көп ұқсастығы бар. Көп жағдайда форфейтинг вексельдерді немесе басқа да қарыздық құжаттарды сату түрінде болып келеді.

Овердрафт – бұл, коммерциялық кәсіпорындардың қысқа мерзімдік несиелендіруінің негізгі түрі болып табылады. Ол, клиенттің шотына түсетін ақшадан шығындарының уақытша асып кететін кезеңдерінде қысқа мерзімдік қаржыландыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімдік күрделі шығындарды қаржыландыруда овердрафт қолданылмайды.

Овердрафт бойынша несиелендірудің жоғарғы шегін анықтау үшін, банкке бизнес – жоспар негізінде алдағы болатын ақша түсімдері мен төлемдерді тыңғылықты талдау жүргізуді қажет етеді.

Клиент шотында әр айдың соңында көлемді, ірі шығындарға байланысты (жалақы төлеу, салық, т.с.с.) қаржылардың уақытша жетіспеушілігі пайда болуы мүмкін(есептік, қалдық, сальдо). Ал, келесі айдың басында тепе – теңдік қалыптасып, шотта кредиттік қалдық, есептеулермен анықталғандай, болуы орын алатын. Осыған сәйкес, банк өткен айдың 25- жұлдызынан келесі айдың 5-іне дейінгі аралықта клиентке болжамдық дебеттік сальдо сомасында овердрафт құқығын беруі мүмкін.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 952 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...