![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Мақсаты- жатыр мойнының, қынаптыңшырышты қабаттарын және ондағ патологиялық өзгерістерді жарық түсіріп бейнелеу үшін 4-30 рет үлкейтіп көрсететін арнайы аппарат кольпоскоптің көмегімен қарау.
Көрсетулері- жатыр мойнының эрозиясы, эндоцервицитті, лейкоплакиясы, эритроплакиясы, цервикалды каналдың полипі, 40 жастан асқан барлық әйелдерге алдын алу мақсатында.
Қарсы көрсетулері- етеккір, қыздық перденің бүтіндігі.
Мүмкін болатын асқынулары- жоқ.
Ресурстары- кольпоскоп, гинекологиялық орынтақ, стерилді жаялықтар, бір рет қолданатын қынаптық айналар, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, корнцангтар, 3% сірке қышқылының ерітіндісі, Люголь ерітіндісі, стерилді дәкелік шариктер, сабын, орамал.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
2. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
3. Құрал-сайман үстелшеге стерилді жаялықты төсеңіз.
4. Стерилді жаялыққа стерилді құрал-саймандарды салыңыз:
· қасық тәрізді қынаптық айналар;
· корнцангтар (2).
5. Құрал-саймандарды стерилді жаялықпен жабыңыз.
6. Стерилді үстелшенің жанына қоюға стерилді мақта шариктері бар құтыны, бір рет киетін резеңке қолғаптарды, 3% сірке қышқылының ерітіндісі және Люголь ерітіндісі бар шишаларды дайындаңыз.
7. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.
8. Кольпоскопты жұмысқа дайындаңыз: сымдыбауды, оптиканы, аппараттың оңтайлығын тексеріңіз.
Ескерту. Кольпоскопия- бұл жатыр мойнының қынаптық бөлігін, эндоцервикстің жапсарын, қынапты және сарпайды 4-30 рет үлкейтілген жарық беруші оптикалық аспаппен (кольпоскоппен) қарау. Жай және кеңейтілген кольпоскопия деп бөлінеді.
Жай кольпоскопия кезінде жатыр мойнынын қайбір затпен тазаламай қарауды қамтамасыз етеді, кеңейтілген кольпоскопия кезінде жатыр мойнынын 3% сірке қышқылының ерітіндісімен және Люголь ерітіндісімен тазалағаннан кейін қарайды. Кольпоскопия бимануалдық зерттеудің алдында анестезия жасамай жүргізіледі. Ең анық кольпоскопиялық суретті анықтау үшін жатыр мойнының қынаптық бөлігіне 3% сірке қышқылының ерітіндісін жағады. Дисплазия аймағында әдәуір ағаруы байқалады, тін зақымданған болса, онда нәтиже копке дейін сақталады, эпителияның терең зақымданғанын көрсетеді. Егерде жатыр мойнынын Люголь ерітіндісімен (йод-1г, йодид калий-2-4 г, тазартылған су-300 мл) жақсақ, осы ерітіндінің әсерінен
Шиллер сынамасы)жасушалар қара-қоңырға түске боялады,ал обыралды және обыр аурулары кезінде жасушалар гликогеннің аз болуына байланысты, олар боялмайды.
Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 1270 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!