![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Мақсаты- жүктілікті құрал-сайманмен үзу.
Көрсетулері- жүктілік.
Қарсы көрсетулері- қынап тазалығының III және IY дәрежесі.
Мүмкін болатын асқынулары- жатырдың перфорациясы, қан ағу, плаценталық полип, инфекциялық асқынулар, екіншілік бедеулік және т.б.
Ресурстары- құрал-саймандық үстелше, стерилді жаялық, қасық тәріздес Симпс (Симпсон) айналары, корнцанг, Мюзо оқтық қыспағы, жатыр сүңгісі, Гегар кеңейткіштері, №2 және №4 қырнағыштар, абортцанг, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, дәкелік шариктер, 1 йоданат ерітіндісі, 96
этил спирті, эндометрияның қырындысын жинайтын ыдыс, микробжойғылар, сабын, орамал.
Іс – әрекет алгоритмі:
1. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
2. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
3. Құрал-сайман үстелшеге стерилді жаялықты төсеңіз.
4. Стерилді жаялыққа стерилді құрал-саймандарды салыңыз:
· қасықтәріздес Симпс (Симпсон) қынаптық айналарды;
· корнцангті;
· Мюзо оқтық қыспақты;
· жатыр сүңгісін;
· №7 дейін Гегар кеңейткіштерін;
· №2 және №4 қырғыштарды;
· абортцангті;
· бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды;
5. Құрал-саймандарды стерилді жаялықпен жабыңыз.
6. Стерилді үстелшенің жанына қоюға стерилді мақта шариктері бар құтыны, 1 йоданат ерітіндісін, 96
этил спиртін, эндометрияның қырындысын жинайтын ыдысын дайындаңыз.
7. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және барлық қолданылған құрал-саймандарды ҚҚҚ салыңыз.
8. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
9. Зертханаға жолдама жазыңыз.
10. Құжаттарға жазба қалдырыңыз.
Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 1249 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!