![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Мақсаты- босанудың күнін анықтау кезінде студенттің тәжірибелік ептілдігін бағалау:
1. соңғы етеккірі бойынша;
2. овуляция бойынша;
3. нәрестенің бірінші қимылының күні бойынша.
Көрсетулері -әйелдер консультациясына әйелдің жүктілік бойынша бірінші келуі кезінде, босандыру мекемесіне жүкті әйелдің әрбір келуі кезінде.
Қарсы көрсетулері - жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.
Ресурстары – үстел, орындықтар, күнтізбек, акушерлік сызғыш,тақтай төсек (кушетка), жеке жаялықтар.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Өзіңізді таныстырыңыз, босанудың мерзімін анықтаудың маңызын әйелге түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.
2. Босанудың күнін соңғы етеккірдің күні бойынша анықтау үшін, жүкті әйелден соңғы етеккір күнін анықтаңыз:
· физиологиялық жүктілік соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап 280 күнге дейін, немесе 10 акушерлік айға немесе 9 күнтізбек айға созылады;
· босанудың мерзімін анықтау үшін соңғы етеккірдің бірінші күніне 280 күн қосады;
· әдетте есептеуді оңай жүргізуге болады: соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап 3 күнтізбек айды артқа қарай ысырып тастап, осыған 7 күнді қосасыз.
3. Босанудың күнін овуляция бойынша анықтау үшін:
· етеккірді күткен бірінші күнінен, бірақ келмей қалған күннен 14-16 күнді артқа қарай есептеп шығарып, табылған күнге 273-274 күнді қосамыз.
4. Босанудың күнін нәрестенің бірінші қимылы бойынша анықтау
үшін:
· бірінші жүкті болған және бірінші рет босанатын әйелдерге нәрестенің бірінші қимылы күніне 20 апта қосады;
· қайта жүкті болған және қайта босанатын әйелдерге нәрестенің бірінші қимылы күніне 22 апта қосады;
· нәтижесінде босанудың болжамалы мерзімін шығарамыз.
Ескерту. Босанудың күнін анықтау әйелдер консультациясында, акушерлік стационардың қабылдау-қарау (фильтрде) бөлімшесінде және перзентхананың жүктілер патологиясы бөлімшесінде жүргізіледі.
Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 6829 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!