![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Мақсаты- жүктіліктің мерзімін анықтау кезінде студенттің тәжірибелік ептілігін бағалау:
1. соңғы етеккірі бойынша;
2. овуляция бойынша;
3. әйелдер консультациясына бірінші келуі бойынша;
4. нәрестенің бірінші қимылының күні бойынша;
5. босанғанға дейін берілетін демалыс күні бойынша;
6. УДЗ мәліметі бойынша.
Көрсетулері- босандыру мекемесіне жүкті әйелдің әрбір келуі кезінде, бірінші рет келуі кезінде, сонымен қатар жүктіліктің мерзімін УДЗ бойынша анықтау үшін.
Қарсы көрсетулері - жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.
Ресурстары – үстел, орындықтар, күнтізбек, акушерлік сызғыш, УДЗ- аппараты, тақтай төсек (кушетка), жеке жаялықтар, гель-крем, сабын, орамал.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Өзіңізді таныстырыңыз, жүктіліктің мерзімін анықтаудың маңызын әйелге түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.
2. Жүктіліктің мерзімін соңғы етеккірдің күні бойынша анықтау үшін, жүкті әйелден соңғы етеккір күнін анықтаңыз:
· осы күнге 7 күн қосып және одан 3 айды алып тастап, сіз қазіргі сәттегі жүктіліктің мерзімін аласыз (Негель қағидасы).
3. Жүктіліктің мерзімін овуляция бойынша анықтау үшін:
· белгілі ұрық байлау күніне 266 күнді қосу;
· сонымен қатар, шартты түрде ұрық байлау күнін базалды температураның көтерілуі бойынша анықтауға болады;
· сонымен қатар, экстракорпоралды ұрықтандыру күні бойынша;
· сонымен қатар, қолдан ұрықтандыру күні бойынша;
· сонымен қатар, овуляцияны ультрадыбысты мониторинг мәліметтері бойынша.
4. Жүктіліктің мерзімін әйелдер консультациясына бірінші рет келуі бойынша анықтау үшін:
· жүкті әйелден бірінші рет әйелдер консультациясына келген кездегі жүктіліктің мерзімін анықтаңыз;
· 12 аптаға дейін ерте келуі кезінде бұл мерзім сенімді, сондықтан қазіргі сәтте жүктіліктің мерзімін осыған қарап есептеп шығарады.
5. Жүктіліктің мерзімін нәрестенің бірінші қимылы бойынша анықтау үшін:
· жүкті әйелден нәрестенің бірінші қимылының күнін анықтаңыз;
· бірінші босанатын әйелдерде бұл 20 апта;
· қайта босанатын әйелдерде бұл 18 апта;
· нәрестенің бірінші қимылының күнінен бастап қазіргі сәтке дейін жүктіліктің мерзімін есептеп шығарады.
6. Жүктіліктің мерзімін босанғанға дейін берілетін демалыс күні бойынша анықтау үшін:
· жүкті әйелден босанғанға дейін берілетін демалыс күнін анықтаңыз;
· босанғанға дейінгі демалыс жүктіліктің 30 аптасынан бастап басталады;
· босанғанға дейінгі демалыстың берілген күнінен бастап қазіргі сәтке дейін жүктіліктің мерзімін есептеп шығарады.
7. Жүктіліктің мерзімін УДЗ мәліметі бойынша анықтау үшін:
· жүкті әйелді УДЗ-ге жіберіңіз;
· трансабдоминалды сканирлеу кезінде жүктіліктің барын 4-5 аптадан бастап анықтауға болады;
· трансқынаптық эхография кезінде- 1-1,5 апта ерте анықтауға болады;
· жүктіліктің бірінші үш айлығында жүктіліктің мерзімінің ең дәл көрсеткіші құйымшақ-төбе өлшемі (ҚТӨ) болып саналады;
· нәрестенің фетометриясы кезінде нәрестенің бипариеталды өлшемін, бастың шеңберін, іштің шеңберін және сан сүйегінің ұзындығын анықтайды.
Ескерту. Жүктіліктің мерзімін анықтау әйелдер консультациясында, акушерлік стационардың қабылдау-қарау бөлімшесінде (фильтрде),перзентхананың жүктілер патологиясы бөлімшесінде, сонымен қатар адамның ұрпақ өрбіту қалалық орталығында.
Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 5606 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!