Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жеке қасиеттер



«Мен жеке тұлға ретінде кіммін?»

- Білімді;

- Шеберлі;

- Жауапкершілікті;

- Аяныштылық сезімді;

- Қызмет етуші;

- Қамқоршы;

Осындай жеке қасиеттер әр мейірбикенің бойында болуы керек.

Қазіргі кездегі мейірбикелер рақымшылығы әлдеқайда толықтырылған – оған ойлау, қызмет істеу, басшылық ету, оқыту, түрлі жағдайларда өзіне жауапкершілік арта білу т.б. шеберліктер қажет.

Тарихи мейірбикелік істің екі базистік моделі қалыптастырылған: XIX-шы ғасырға дейін мейірбикелік істің мақсаты – табиғатты немесе дәрігер белгілеген дәрі-дәрмектің күшін күтіп, емделуші тек тыныштық пен жабдықтылықты толқ қам тамасыз ету болған, ал аурудың бағытына белсенді әрекет келтірмеген.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейл идеясының арқасында мейірбикелік істе бетбұрыс болды.

Флоренс Найтингейл жаңа мейірбикелік іс моделінің авторы, дұрыс күтім жүйесін құрушы болып табылады. Бұл идея медбикелік істі дербес мамандық ретінде қарастырды. Осыдан кейін мейірбикелік іс пен медицина бөлінді. Флоренс Найтингейл мейірбикелік іс медицинамен қатар тұра алатындығын іспен көрсете білді.

Флоренс Найтингейл күтімді екі салаға бөлді: дені сау адам күтімі және ауру адам күтімі.

Жаңа модельмен келісіп, ауру адамды күту барысында мейірбике:

1. Қоршаған орта мен емделушінің қазынасын пайдалана отырып, ауру бағытына белсенді әсер ету керек.

2. Адамға тек тірі қалуды емес, сонымен қатар, құнды, жанын қанағаттандыратын өмір сүруге үйрету керек.

Мейірбике емделушіге тәуелсіздікті, өзі мен қоршаған орта арасындағы үйлесімді тез қайтару үшін қолынан келгенін бәрін істеу керек. Бұл жолда мейірбике емделушінің барлық проблемаларын шешуге тура келеді – физикалық, әлеуметтік, рухани, психологиялық.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Еуорпалық аймақтық бюросының анықтамасы бойынша «мейірбикенің басты міндеті – адамдарды, отбасыларды, халықты физикалық, психикалық, әлеуметтік потенциалын жүзеге асыруға үйрету».

Мейірбике манипуляция техникасын аса шеберлікпен меңгеріп, емделушіге сырқаттың себебінен пайда болған күйзелістен шығуына көмектесе алмаса, оған психологиялық көмек көрсете алмаса, күтімнің мақсатына жете алмайды.

Мейірбикелік маманның барлық мамамандар сияқты қоғам алдында этикалық міндеттері болады, сондай-ақ қоғамның да маман алдында этикалық принциптері болады. Дәрігер науқасты емдейді, ал мейірбике күтеді.

Мейірбикелер өзінің кәсіптік іс-әрекеттерінің негізі ретінде кез келген жағдайда емделушінің ықыласын қорғау мен мейірбикелік істегі үздіксіз прогресті қолдану антын қояды. Ал қоғамның мейірбике алдындағы міндеті – анық регламентацияланған заңды актілер көмегімен мейірбикеге әлеуметтік қорғанысты қамтамасыз ету, кәсіптік мансап пен кәсіптік дәрежеге жету мүмкіндігін тудыру.

Күнделікті мейірбикелік тәжірибеде мейірбикелік іс философиясының бастаушысы – этика болып саналады. «Этика» - кәсіптік тәртіптің дұрыс-бұрысын, жақсылық пен жамандықтың қайда екенін анықтайтын философияның бір саласы. (М.Фаулер).

Бірінші міндет – жеке тұлғаны сыйлау. Әр емделуші мейірбикелік іс-әрекеттің түссіз объектісі емес, ол табиғаттың бірегей жаратылған жаны бар және осы тұрғыда төмендегі құқыққа ие:

- Мейірбикелік күтімді толық көлемде қабылдауға;

- Ауруды, емдеу жолдары және күтулі нәтиже туралы дұрыс мәлімет алуға;

- Құпияға;

- Күтім мен емге белсенді қатысуға;

- Болашақ тағдырын еркін таңдауға.

Емдеу барысында мейірбике емделушіге өз құндылығын түсінуге көмектеседі. Оның проблемаларын барлық шешу жолдарын қарастырады, кейін не мақұлдамай, не айыптамай өз емделушінің шешімін қабылдайды. Жеке тұлғаның автономиясын сыйлап, мейірбике кеңес бермейді, ол тек хабарлап және қолдап отырады.

Екінші құндылық – идеалдар, күткен мақсаттар. Мысалы: денсаулық, үйлесімділік, қамқорлық, тәуелсіздік, жайлылық.

Үшінші құндылық – мейірбикенің жеке басында қасиеттері. Флоренс Найтингейл дәуіріне дейін мейірбикеге сипаттама беру үшін сау, құдайшыл, таза, еңбексүйгіш, ынталы, жайдары деген эпитеттер қолданылған. Крестовоздвиженка мейірбикелер қоғамының бастығы Екатерина Бакунина былай деген: «Біздің арманымыздағы бикелер – аурудың жұбатушылары, олардың сұраушылары, бөтен госпитальдарға ыстық қатысу сезім мен ақ ниеттілікті енгізетін бикелер».

Мейірбикелік іс-әрекеттің 4 деңгейі анықталған:

1. Денсаулықты нығайту;

2. Жарақат пен аурудың алдын алу;

3. Жойылған функцияларды қалпына келтіру;

4. Азап шегуді жеңілдету.

Мейірбике келесі ролдерді атқарады:

- Емделушінің күтімін ұйымдастырушы;

- Емделушінің күтімін орындаушы;

- Емделушінің ықыласын қорғаушы (адвокат);

- Педагог;

- Зерттеуші;

- Лидер;

- Медициналық бригаданың белсенді мүшесі.

Науқасқа күтім жасау емдік үрдістің негізгі бөлігі болып табылады. Оған дәрігерлік тағайындауларды орындау, науқасты және оның жатқан бөлмелерін гигиеналық қамтамасыз ету, төсек орындарының таза болуы, тамақтанар кезінде көмек көрсету, физиологиялық жіберулерінде, емдік және диагностикалық процедураларды жүргізуге дайындау, науқастың бос, демалыс уақытын ұйымдастыру.

Аурулардың көп бөлігі физиологиялық белсенділіктің шектелуінен туындайды, сондықтан да көптеген науқастар жиі басқа біреулердің көмегіне мұқтаж. Орта медициналық қызметкерлер дәрігермен бірге науқасты бірлесіп қарайды. Дәрігер емдейді, ал мейірбике күтім жасайды. Мейірбикелер хәлі өте ауыр науқастарды күту негізінде дәрігердің нақты тағайындауларын дәл орындап (инъекция жасау, дәрілерді тарқату, клизма қою және т.б.), қатаң диетаны сақтап, сұйықтық ішу, гигиеналық режимдерін, физиологиялық және психологиялық шарттарын жақсы қамтамасыз ету арқасында жазылып шығуына көмегін тигізеді. Сонымен қатар мейірбикенің науқасты күтуде салғырттық танытып, өз міндеттерін дұрыс орындамаса науқастың жазылу үрдісін тоқтатып, көптеген асқынулар тудыруы мүмкін.

Этика (Аристотель) - адамгершіліктік мораль мен құлықтылық туралы ғылым. Парызтану (деонтология - грек тілінен Deontos - парыз, logos - ғылым) (ағылшын Бентам) – науқас пен дәрігердің, медициналық қызметкерлердің өзара (субординация, сабақтастық, тыңғылықтылық) қарым - қатынастарындағы және ғылыми-техникалық жетістіктердің тәжірибелік медицинаға енгізілуіне байланысты парыз туралы ғылым.

Медицина қызметкерлерінен сезімталдық, ықыластылық, қайырымдылық, ақ пейілділік, мейірімділік, қамқоршылық және жоғары кәсіпкерлік сияқты адамгершілік қасиет талап етіледі.

Сыртқы бейнеге қойылатын нақты талаптарды орындау; ауыстыратын аяқ киімнің болуы, халат таза және үтіктелген, тырнақтар - қысқа қырқылған, шаш калпақтың ішіне тығылған болуы керек.

Науқаспен қарым-қатынас жасау ережелерін сақтау: науқасқа көбірек көңіл бөлу, оны сабырландыра білу, тәртіпті сактаудың, дәрілерді үнемі қабылдаудың қажеттігін ұғындыра білу, сауығуының немесе жағдайының жақсаруының мумкіндігіне сендіру, кейбір науқастарға нақты диагнозын айтуға болмайды.

Парызтанулық қағидаларды бұзу науқастарда ятрогендік аурулардың (грек тілінде Jatros- дәрігер, gеnеs - туғызылған) дамуына әкеліп соғуы мүмкін. Бұл аурулар науқастың психикасына және сауығуына жағымсыз әсер еткен медициналық қызметкерлердің абайсызда айтылған сөздерінің немесе іс-әрекеттерінің салдарынан болуы ықтимал. Дәрігерлік құпияны сақтау қажет (қоршағандарға қауіп төндірмейтін кезде). Сырқатнамаға енгізілген зертханалық, аспаптық тексерулердің мамандар кеңесінің нәтижелерін білу науқас үшін онай болуы керек. Мейірбикеге тексерулердің деректерін науқаспен талқылауға болмайды.

Медицина қызметкерлерініің өзара қарым-қатынасының негізін субординация құрайды - қызметі бойынша кішінің үлкенге бағыну жүйесі, бұл дәрігермен немесе әкімшілік өкілімен кездескенде тұру дәрігерлік тағайындауларды ұқыпты орындау ғана емес, сондай-ақ, кейде шиеленіскен қатынаста көрінеді.

Әріптестер арасында бір-біріне көмекке, бірін-бірі құтқаруға даярлық қағидалары.

Науқастар мен келушілердің көзінше өз әріптестерін ешқашан міндемеген жөн (олар жіберілген қатенің мәнін үлкейтіп, сенім беделін түсіруі мүмкін), кіші медицина қызметкерлерімен қатынаста да тәкәппар болуға болмайды. Қатынаста әдепті, сабырлы болған жөн, мүмкіндігінше мәселенің жөнін қысқаша баяндаған дұрыс.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 8972 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...