Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып №1 « Мейірбике ісінің даму тарихы және философиясы.Медициналық этика,деонтология және биоэтика.Мейірбике ісіндегі қарым-қатынас»



Мейірбике ісі негіздері пәні бойынша

ДӘРІСТІК КЕШЕН

Мамандық 0302000 «Мейірбике ісі»

Квалификациясы 0302033 «Жалпы тәжірибелік мейірбике»

Теориялық сабақтар: 21 сағат

Тәжірибелік сабақтар: 150 час

Барлығы: 171 сабақ

Ұзақтығы: 2 сағат

Курс: 2

Семестр: 3,4

Бақылау түрі:Емтихан

А.Ж.Т. Қызметі Қолы
Құрастырған    
Еңсепова Ш.С. «Мейірбике ісі негіздері» пәнінің оқытушысы  
Мейірбике ісі негіздері пәні бойынша дәрістік кешен «Мейірбике ісі» пәні бөлімінің ЦӘК отырысында талқыланып, мақұлданған Хаттама №__ «___» ________ 2013 ж.   ЦӘК орынбасары Саттарова С.Х.   ___________________  

Алматы 2013 жыл

Тақырып №1 «Мейірбике ісінің даму тарихы және философиясы.Медициналық этика,деонтология және биоэтика.Мейірбике ісіндегі қарым-қатынас».

6.2. Мақсаты: Студеттермен мейірбике ісі пәніне кіріспе жасау. Мейірбикелік істің алға басу мақсаты мен мейірбикелік тәжірибені философиялық ұғыну. Мейірбикелік істегі эткалық және деонтологиялық ізденістер мазмұнын түсіндіру.

6.3Дәріс тезистері:

- Мейірбике ісінің тарихы.

- Медициналық этика мен деонтологияның негізгі қағидаларын білу, алған білімді науқас пен медициналық қызметкерлермен қарым-қатынаста қолдану.

- Этико-деонтологиялық нормалардың бұзылу мүмкіндіктері және оның науқасқа тигізер әсері.

- Медициналық қызметкердің сыртқы және рухани мәдениеті.

- Мейірбикелердің түрлері (Харди бойынща).

- Мейірбике және қоғам.

- Медициналық ұйымдардағы емдік-қорғау режимі.

- Науқастарға психологиялық қолдау көрсету, қарым-қатынас дағдысы.

Мейірбике ісінің философиясы жалпы философияның бір бөлігі, мейірбике,емделуші, қоғам және қоршаған орта арасындағы қарым қатынастарға көзқарас жүйесін білдіреді. Ол этика мен моральдің жалпы адамзаттық қағидаларымен құрылған. Бұл философияның ортасында – адам. Мейірбике ісі дәстүр негізінде құралған, оның мақсаты адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау қажеттілігін қанағаттандыру.

Мейірбике ісінің негізгі философиясы – өмірді, адамның құқығы мен абыройын сыйлау болып табылады. Біз өмір сыйының қасиеттілігіне сенеміз, сондықтан әр адамды физикалық, философиялық, әлеуметтік, мәдени, интелектуалды және рухани өсіп дамитын мүмкіншілігі бар жеке тұлға ретінде қарастырамыз.

Мейірбике ісінің философиялық қағидаларын іске асыру – қоғам мен мейірбикенің өзара әрекеттестігіне байланысты болып келеді. Бұл қағидалар мейірбикенің қоғам алдындағы (сонымен қатар емделушінің алдындағы) жауапкершілігін, және де қоғамның мейірбике алдындағы жауапкершілігін қарастырады. Қоғам мейірбике ісінің денсаулығын сақтау жүфесінде маңызды рөл атқаратының мойындай отырып, заңды актілер шығару арқылы оны белгілі бір ережеге бағындырып, қолдап отырады.

Мейірбике ісінің мақсаты – медбикелік процесті жүзеге асыру. Емделушінің мәртебесін, оның қоғам мен әлеуметтік қажеттіліктеріндегі автономиясы мен үйлесімдігін қорғап, сыйлап, мейірбике өз жұмысын кәсіби орындауға тырысады.

Қазіргі мейірбике ісі – ғылым мен өнер болып табылады. Мейірбикелік іс философиясы, мейірбикелер потенциалын ойлы да оңтайлы дамыту.

Мейірбике білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірімділік көрсете білетін маман болып саналады. Мейірбике емделушіге толық күтімді қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін денсаулықты сақтау үшін мейірбике жұмысын жалғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді.

Мейірбикенің міндетіне емделушіні және оның өз тағдырын өзі шешу құқығын сыйлау кіреді. Осыған байланысты іс атқару барысында келесі қағидаларға сүйенуге тиіс: қастық жасамау, жақсылық жасау, қызмет істей білу және мамандыққа да, емделушіге де адал болу. Сонымен бірге, мейірбикелік іс адамның ұлттық және таптық сипатын, жасын, жынысын, саяси немесе діни сенімдерін шектемейді.

Күтім қажеттілігі адамға туғаннан өлгенге дейін керек. Мейірбике емделушіге көмек көрсетіп, оның құндылықтарын, дағдыларын, рухани көзқарастарын сыйлауға тырысады. Мейірбике емделушіні және қоғам денсаулығына зиян келтірмейтін ақпаратты құпияда сақтайды.

Мейірбике экологиялық мәселелерді шешуге де қатысады. Қазіргі мейірбикелер шабыт үшін мейірбикелік қозғалыстың іргесін қалаушылар – Флоренс Найтингейл, Екатерина Баукина, Дарья Севостопольская сияқты есімдері аңызға айналған тұлғалардың тәжірбесінен көруге болады.

Мейірбикелер болашақта оптимистік көзқараспен қарап, мейірбикелік істі Қазақстан халқы үшін ғылым мен өнер ретінде дамытуда.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 18163 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...