Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кәсіпорындағы еңбек қорғауды басқару



Еңбекті қорғау мәселелері еңбек ұжымдарының, өндірісті басқаруды ұйымдастырудың көптеген жақтарына қатысты болғандықтан, көпжоспарлы сипатқа ие. Жаңа, қауіпсіз және адамға зиянды әсері жоқ техника мен технологиялар құру еңбекті қорғау мәселелеріне жүйелі, комплексті түрде қарауды қажет етеді.

Еңбекті қорғау өзіндік мақсаттары, міндеттері және оларға жету құралдары бар күрделі, көпқырлы жүйе болып табылады. Өндірісті ұйымдастырудың маңызды принциптерінің бірі – өндірістік процестің барлық кезеңдерінде қауіпсіз еңбек жағдайын құру. Сондықтан, еңбекті қорғаудың басқарудың ең негізгі басты мақсаты деп қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуын жетілдіру, қауіпсіз еңбек жағдайларын туғызу арқылы жарақаттар мен авариялар санын азайту, жұмысшыларға емдік-алдын алу және санитарлық- тұрмыстық қызмет көрсетуді айтады.

Еңбекті қорғауды басқару дегеніміз еңбек жағдайының жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығының берілген мәндерін алу үшін «адам -машина- өндірістік орта» жүйесіне жоспарлы түрде әсер ету процесі. Еңбекті қорғауды басқаруды тізбектей орындалатын кезеңдердің үздіксіз процесі ретінде сипаттауға болады- бұл, яғни еңбек жағдайы көрсеткіштерін бағалау, мақсат міндеттерді айқындау, бағдарламалар құру, оларды жүйелік басқару, орындалу тиімділігін бағалау, орындаушыларды ынталандыру. Еңбекті қорғауды басқару жүйесінде қарастырылатын міндеттер басқару функциялары арқылы жүзеге асырылуы тиіс, оларға есепке алу, анализ және бағалау функциялары, ынталандыру, ұйымдастыру, түзеу және реттеу функциялары жатады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2279 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...