Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

БІРІНШІ БӨЛІМ



КВН деген не? Бұл сұраққа бір сөзбен жауап беру мүмкін емес. Кез-келген көзі ашық адамға осы сұрақты қойсаң «КВН деген ең алдымен әзіл-қалжың!» деп жауап береді. Енді бір жақынырақ жүргендері «Жоқ, КВН деген осы әзілдерді ойлап тауып қана қоймай, оны сахнада көрерменге жеткізе білу!» деген қарсы дау айтады. Осы өнердің бір пұшпағын илеп жүрген жастар болса ойланбастан «КВН деген өмір!» деп кеуделерін қағады. Ең қызығы сол, осы қағидаларды айтқандардың қайсысы болсын қателеспейді. Рас, КВН деген әзіл жазып, оны әртістік қабілетімен көрерменге жеткізуді ұстанған өмір салты. Ол жас таңдамайды. Тілі енді шыққан баладан, үйдегі оразасын ұстап, таяғына сүйеніп жүрген ата-әжеңді де жатырқамайды. Бірақ, құрметті жеңіске деген ынтасы зор жас өнерпаз, есіңде сақтайтын ең бірінші қағида: КВН – ең алдымен ЕҢБЕК! Еңбектің жеңбейтіні жоқ екенін тағы да мыжып саған несіне айтайын, әйтеуір бір рет болған сәтсіздікке ұнжырғаңды түсірмей, қорытынды шығарып, табандылық таныта білсең сенің де жұлдызың жанар күн туар.

КВН деген танымал болу, өнер дәмін сезіну, және қайталап айтайын бұл өмір салты. Бірақ аппақ тастың қап-қара көлеңкесі болатын сияқты бұл салттың да өз жағымсыз жақтары бар. КВН деген мақтаныш пен мәртебемен қатар ұйқының қанбауы мен уақыттың жетпеуі. КВН деген жанұяңнан үнемі жырақта жүру. Сүйген қызыңмен немесе жігітіңмен кездесуден бас тартып, жүрегіңнің қалауын ренжітіп дайындыққа кету. Тапсырылмаған емтихандар, алынбаған сынақтар үшін ата-анаң мен ұстаздарыңның реніші. Басқа қалаға барғанда қаржы жетпей ашқұрсақ жүру, қысылысып тар пәтерде өткен түндер… Міне КВН сен үшін қандай сындар дайындап тұр! Қорқып кеттің бе? Онда ары қарай оқымай-ақ, кімді жек көресің, кім сенің дұшпаның, кімде ала алмай жүрген өшің бар, соған осы кітапшаны ұстат. Жоқ мен дайынмын, еш қиындықтан қорықпай өнердің шыңына жетуге ерік-жігерім жетеді десең ары қарай кеттік!





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 340 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...