Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Абай Құнанбаев туралы өмірбаян



Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды

Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.

Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю., Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.

Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.

Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады.

Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған…») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.

Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді.

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.

Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.

Абай көзі тірісінде өзінің өлеңдерін жинаған емес. Олардың әрқайсысын бір жапырақ қағазға жазып, жастарға таратып бере берген. Олар Абайдың өлеңдерін жаттап алып отырған. Сөйтіп Абай өлеңдері қазақ даласында ауыздан ауызға таралып кете барды. Оның өлеңдері қолдан қолға көшіріп алынды. Ондай қолжазба көшірмеге ие болу әрбір сауатты қазақ үшін зор ғанибет болатын. Кейінірек Абайдың туындыларын оның ұлы Тұрағүл жинастыра бастады. Абай өлеңдерінің ең алғашқы жинағы 1909 жылы ақын Кәкітайдын арқасында Қазан қаласында басылып шықты. Абай Құнанбаевтың өлең- дерін жинауға және бастырып шығаруға көп күш-жігер жұмсап, игі ыкпал еткен адал ақын Көкбай Жанатайұлы (1864—1927) болды. Ол өлеңдер белгілі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың редакциясымен басылып шықты.

Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай есімі дүние жүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гетелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген. Ұлы ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.

Абай туралы (кітаптар, мақалалар, фильмдер т.б.):

«Абайдың өмірбаянына қосымша материалдар» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. “Абай Құнанбайұлының шығармаларының” 1940 жылы шыққан 2 томдық жинағының 2 томында жарық көрді.

«Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы» — («Жизнь и твор­чество Абая (Ибрагима) Кунанбаева»), Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Абай Құнанбаевтың «Лирикалары мен поэмалары» атты 1940 ж. «Художествен­ная литература» баспасынан орыс тілінде жарық көрген жинағына жазған алғы сөзі. Кітап Л. Соболевтің редакторлығымен шыққан.

«Абай – қазақтың ұлы ақыны» — Мұхтар Әуезовтің туындысы (Б. Кенжөбаевпен бірге). Абайдың туғанына 100 жыл толуына байланысты 1945 ж. жарық көрген.

«Абай аулында» — Мұхтар Әуезовтің балалық шағына арналған көркем туынды. Авторы Т. Жұртбаев. 1987 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрген.

«Абай ақындығының айналасы» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. «Әдебиет майданы» журналының 1934 ж. 11-12-санында, сол жылы «Социалды Қазақстан» газетінің 30 желтоқсандағы нөмірінде жарияланды.

«Абай елі» — альбом-шежіре. Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай 1994 ж. «Өнер» баспасынан шыққан.

«Абай елінде өткізілген мереке» — Мұхтар Әуезовтың очеркі. Мұхтар Әуезовтың очеркі. Ұлы Абайдың 100 жылдық мерейтойында көрген-сезген жайлардан туған ойларын жазған. Очерк «Қазақ елі» журналынын 1945 жылғы 3-4-санында, кейін Мұхтар Әуезовтың 20 томдық шығармалар жинағында (18-кітап, 1985) жарияланды.

«Абай еңбектерінің биік нысанасы» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Абайдың туғанына 100 жыл толуына байланысты жазылып, алғаш рет «Социа­лист Қазақстан» (18. VIII. 1945), «Ленин туы» (23. VIII. 1945), «Алтай большевигі» (26. VIII. 1945) газеттерінде жарияланды.

«Абай жайын зерттеушілерге» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Семей облыстық «Екпінді» газетінің 1940 жылғы 17 шілде күнгі санында жарияланған.

«Абай жолы» (мақала) — («Путь Абая»), Мұхтар Әуезовтың шағын мақаласы. «Литературная газетада» 1954 ж. 13 қарашада шыққан.

«Абай жолы» эпопеясының поэтикасы және оның жазылу тарихы» — монографиялық зерттеу. Авторы З. Ахметов. 1984 ж. орыс тілінде «Ғылым» баспасынан жарық көрген.

«Абай жолы» эпопеясының тарихи негіздері» — монография. Авторы Л. Әуезова. 1969 ж. орыс тілінде «Ғылым» баспасынан жарық көрген.

«Абай Құнанбаев творчествосын зерттеудің маңызды мәселелері» — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Алғаш рет 1954 жылы «Қазақстан мұғалімі» газетінің 1 шілдедегі санында жарияланды.

«Абай Құнанбаев қазақ халқының ақыны және ағартушысы» — (10. VIII. 1945) газетінде жарияланған. Мақалада Абайдың ақындық өмір жолымен қалың окырманды таныстыру мақсат тұтылып, негізінен өмірбаяндық деректер қамтылған.

«Абай Құнанбаев» (150 жылдық мерейтойына) — Мұхтар Әуезовтің ғылыми еңбектерінің жинағы. Абайдың 150 жылдық мерейтойына бай­ланысты «Санат» баспасынан 1995 ж. жарық көрген.

«Абай Құнанбаевтың 100 жылдық мерейтойына әзірлік жөніндегі ойлар» — Мұхтар Әуезовтің 1940 ж. жазған мақаласы Ә. Тәжібаевпен біріге).

«Абай» (деректі фильм) — деректі фильм. 1954 ж. Алматы киностудиясы шығарған.

«Абай» (диафильм) — диафильм. 1956 ж. Мәскеу «Диафильм» студиясы шығарған.

«Абай» (жарнама кітапша) — осы аттас операның қойылымына арналған орыс тіліндегі жарнама кітапша. 1958 ж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігі шығарған.

«Абай» (кинодрама) — жазушының кинодрамасы. Қолжазба жазушы мұрағатында сақтаулы (№141-папка), араб әрпімен жазылған, көлемі 53 бет.

«Абай» (М. Әуезовтың зерттеу еңбегі) — Мұхтар Әуезовтың 1933 ж. жазған зерттеу еңбегі. «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құралына» енген.

«Абай» (әдеби журнал) — 1918 ж. Мұхтар Әуезов негізін салған (Ж. Аймауытовпен бірге) әдеби журнал. С. Шикібаев ұйымдастырған «Уақ қарыз серіктестігінің» демеуімен 12 саны жарық көрген.

«Абай» (әдеби сценарий) — жазушының әдеби сценарийі. Автор Абайдың ақындық өнepiн суреттеуді шәкірт ақындар шығармашылығымен қатар өрбітуді мақсат еткен.

«Абай» және «Абай жолы» романдарының жазылуы туралы» — («Как я работал над романами «Абай» и «Путь Абая»), Мұхтар Әуезовтың мақаласы. Оқырмандармен кездесу кештерінде ойға оралған ой-пікірлері мен оқырмандар сұрауына қайтарған жауаптары негізінде, әсіресе М. Горь­кий атындағы Әдебиет институтында оқитын студенттермен кездесу үстінде сөйлеген сөздері негізінде жазылған.

«Абайды білмек керек ойлы жасқа» — Мұхтар Әуезов жазған оқу құралы. 1997 ж. «Санат» баспасынан толық нұсқасы жарық көрді. Кітап құрастырушы әрі ғалым М. Мырзахметұлының «Мұхтар Әуезов және Абай әлемі» деген көлемді алғы сөзімен ашылады.

«Аймақтану, білім арттыру» — «Аймақтану, білім арттыру», Мұхтар Әуезовтің мақаласы. «Жаңа мектеп» журналының 1929 жылы 11-санында жарияланған. Жазушының шығармалар жинағының 50 томдық толық басылымының 3-томында (1998) қайта басылды.

«Тізбек сөздер» ойыны.

а) Айнұр, Айдын, Асқар, Арман, Ақерке, Айгүл алауымыз Азаматтың ауылына аттандық. Ауылда алма, алмұрт аса көп екен. Алтауымыз Азаматтың ауылын арбамен араладық. Азаматтың ағасына алғыс айттық.

Б-әрпіне өзің жалғастыр.

ә) Таудың табиғаты тамаша. Талғат, Танат, Тұрарбек, Темір төртеуі тау табиғатын тамашалап, таңқурай терді.

Белгілі бір тақырыпқа іріктеліп берілген сөздер тізбегін қайталап, өз бетіңмен басқа да тізбектерді құруға тырыс.

«Ақ сандық, көк сандық» ойыны

Бұл ойын күшті, шапшаңдықты, ептілікті дамытуға арналған. Ойын шарты мынадай: Екі бала бір-біріне арқаларын беріп, қол ұстасып отыру керек. Ойынды жүргізуші өлеңдетіп:

Ертең ауылым көшеді,

Уық-бауын шешеді,

Қара қойым қашады,

Құмалағын шашады...

Ақ сандық, көк сандық

Арқан тарт, кілем арт!» - дейді.

Соңғы «Арт» сөзі балаларға берілген белгі, ол айтылған кезде қол ұстасып отырған балалар тез тұруы керек. Қайсысы қарсыласын арқалап кетсе, арқандағы бала үй жануарларының дауыстарын салып, балалардың алдында қиқылдауы немесе шиқылдауы керек. Ойнағысы келмеген балаға мынадай өлең айтылады:

«Ойнамасаң, ойын бақ

Қойшыбайдың қойын бақ!

Қара бие сояйын,

Қағын саған қояйын,

Кетік пышақ берейін,

Кертіп жесең көрейін!

«Кім жүйрік?» ойыны

Алғашқы айтылған сөздің соңғы әрпінен басталатын келесі бір сөзді тауып, сөздер тізбегін құра. Мысалы: ағаш-шар-ракета-алмұрт-тасбақа-айран-нүкте-етік-кітап-...т.с.с.

«Жалмауыз кемпір» ойыны

«Жалмауыз кемпір» ойыны бойынша бір бала «жалмауыз кемпір», бір бала «түйе», қалғандары «ботақандар» болады. Олар «түйенің» артынан ұстап, тізбектеліп тұрады. «Жалмауыз кемпір» «түйенің» алдынан шығып, тізбектің ең соңындағы ботаны ұстап алуға тиіс. Ойын барлық боталар ұсталып болғанша жүргізіле береді. Шапшаңдықты, бірлесіп қимыл көрсетуді дамытады.

«Аққу-қаздар» ойыны

Ойынға қатысушы балалардың біреуі «қасқыр», екіншісі «құс бағушы» болады. Қалған балалардың бәрі «аққу-қаздардың» рөлін ойнайды.

Балалар үлкен алаңға шығады. Алаңның оң жағында құс бағушы мен аққу-қаздар тұратын жер сызықпен білгіленеді. Сол жақта қасқыр жасырынады.

Ойын басталғанда құс бағушы аққу-қаздарды далаға шығарып жібереді. Аққу-қаздар сызықтан асып, алаңның ортасында жайылып жүреді. Қасқыр әзірше қозғалмай отырады. Біраз уақыттан кейін құс бағушы қыздарды шақырады:

- Қаздар, қаздар, қаңқылда!

- Қулар, қулар, сұңқылда!

- Тойдыңдар ма далада?

- Иә, иә, иә.

- Қыр астында қасқыр бар,

- Үйге қарай қашыңдар!

Осы соңғы сөз айтылған кезде ғана қасқыр қаздарды қуалауға ұмтылады. Аққу-қаздар үйге сызықпен белгіленген жерге қашады. Қасқыр оларды ұстауға тырысады. Ұсталғандар ойыннан шығып қалады.

«Ұшты-ұшты» ойыны

Бұл ойынды үй ішінде де, далада да ойнай беруге болады. Ойынға қатысушы балалар бастаушының сөзін тыңдап отыруы шарт. Ұшатын нәрсе айтылса, қатысушылар қолдарын жоғары көтереді де, ұшпайтын нәрсе айтылса, қозғалмай отырады. Қателескен бала тақпақ айтады немесе ән салады. Бастаушы ойынды былай жүргізеді.

- Ұшты-ұшты, сұңқар ұшты! Қол көтеріледі.

- Ұшты-ұшты, тұлпар ұшты! Қол көтерілмейді.

- Ұшты-ұшты, қарға ұшты!

- Ұшты-ұшты, арба ұшты!

Жаңылыспаған ойыншы жеңеді.

Атомы-молекулы. Эта игра помогает снять напряжение, возникающее при работе незнакомой группы детей, помогает преодолевать барьер между общением девочек и мальчиков, активизирует группу, поднимает настроение. Ведущий объясняет, что атом - это самая маленькая частица. В игре атомом будет каждый играющий. Молекула состоит из атомов, поэтому соединение в цепочку несколько игроков в игре называется молекулой. Ведущий произносит: <Атомы!>. Все игроки хаотично передвигаются. После слов <молекула по трое> играющие должны соединиться в группы по три человека. Тот, кто не сможет встать в тройку, выбывает из игры. Таким образом ведущий, чередуя команды и изменяя количество атомов в молекулах, организует игру.

Паровозик. Игра способствует развитию эмпатии, создает атмосферу принятия каждого участника. Игроки встают паровозиком, закрывая руками глаза впереди стоящего игрока. Таким образом, открытыми остаются глаза только у самого последнего игрока, стоящего в паровозике, а свободные руки - только у первого игрока. Перед паровозиком ставится задача - достать определенный предмет, который ведущий помещает в кабинете после того, как играющие закрывают глаза. Последний игрок руками поворачивает своего соседа в нужном направлении, руководит паровозиком. По цепочки эти движения передаются всему паровозику, и он начинает двигаться. Игра продолжается пока первый игрок не возьмет в руки спрятанный предмет.

Печатная машинка. Игра учит сосредоточенности, собранности, развивает умение действовать группой. По очереди игроки называют по букве алфавита, запоминая доставшиеся им буквы. Ведущий предлагает напечатать телеграмму с определенным текстом. Например: <Еду, встречай, гном>. Перед началом и в конце фразы вся группа должна хлопнуть в ладоши два раза. Затем один раз хлопает, <печатая букву>, тот, кому досталась первая буква телеграммы, за ним тот, у кого вторая буква, и т.д. После того, как слово <напечатано>, вся группа делает один хлопок, отделяя таким образом слова друг от друга. Игра продолжается, пока группа не передаст телеграмму. Все это делается без слов.

Построй крепость. Играющие сидят кругом на стульчиках. Водящий в центре круга с завязанными глазами. Он стражник, охраняющий территорию. Сидящие - неприятели, которые должны построить на территории крепость, для чего им нужно на один стул суметь составить все остальные (число стульев равно числу игроков). Водящий стремится остановить строителей. Рукой он показывает, откуда ему слышится звук, произнося <здесь>. Если ему удалось указать на строителя, то строитель выбывает из игры, указал на место строительства крепости - она должна быть перестроена в другом месте. Если крепость построена, победили строители.

Мигалки. Играющие садятся в круг, один стул пустой. За спинкой каждого стула стоит по человеку. Ведущий (у него стул пустой) незаметно для стоящих мигает сидящим. Тот, кому он мигнул, должен перебежать на пустой стул, стоящие же за стульями стараются не допустить этого. Сидящие и стоящие могут поменяться местами.

Карусель. Разбившись на пары, ребята образуют два круга (внешний и внутренний). "Внутренние" встают спиной к "внешним" и падают, уверенные, что их поддержат. После этого внутренний круг делает шаг вправо, и образуются новые пары (расстояние между кругами, можно варьировать).

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы " Қазақстан Республикасының 2008.07.04

N56 Конституциялық Заңы.

Ескерту. Тақырыбында және бүкiл мәтiн бойынша "нышандары", "нышандарының", "нышандарын", "нышандарына" деген сөздер тиiсiнше "рәмiздерi", "рәмiздерiнiң", "рәмiздерiн", "рәмiздерiне" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 56 Конституциялық Заңымен.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 3527 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.02 с)...