Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мұхтар Әуезов



Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі - сондай тіл.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Мен үш нәрседен қорқамын:

- Бірінші, өзінің сәбиіне бесік жырын айта алмаған анадан;

- Екінші, немересіне ертегі айтып бере алмаған ата мен әжеден;

- Үшінші, екі қазақтың бір-бірімен орысша сөйлесіп тұрғанынан қорқамын.

Б.Момышұлы

... Ана тілі дегеніміз - сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей

ұлдары ғана аяққа басады.

Мүсірепов

... Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр.

М.Жұмабаев

Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал.

Азақ мақалы

Тіл - жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт - жойылған жұрт. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді, мектеп пен баспада қолданудан қалған тіл - шатасқан тіл. Ол ел - сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең - ол күйініш. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлеу - бұл сүйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру - зор қате.

Х.Досмұхамедов

Жалынды сөз - жалынды жүректен шығады...





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 657 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...