Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тахеометрлік түсіру



Лекция дәрісінің мазмұны:

1. Тахеометрлік түсіру кезіндегі қоданылатын аспаптар.

2. Станциядағы жұмыс реті, далалық журнал мен абрис жүргізу.

Тахеометрлік түсіріс – топографиялық түсірістердің біріне жатады. Бұл түсірістің нәтижесінде ситуация мен рельеф бейнеленген план алынады. «Тахеометрия» грек тілінен алынған «тез өлшеймін» деген сөздің мағынасын береді. Бұл түсірісте жер бетіндегі әр нүктенің пландық және биіктік орнын көру дүрбісін рейкаға бір-ақ рет бағыттап анықтайды, мұнда бір мезетте арақашықтықты, горизонталь және вертикаль бұрыштарды немесе өзара биіктікті өлшеп алады. Осы себептен өлшеуге кететін уақыт азайып, өлшеу жылдамдығы артады. Тахеометрлік түсірістің аспаптарына теодолиттермен қатар, тахеометр деп аталатын арнаулы аспаптар жатады. Тахеометрлік түсірістер кішігірім жердің ірі масштабты планын алу үшін қолданылады. Түсіру нәтижесі арнаулы тахеометрлік түсіріс журналына жазылады. Бұл журналда әр станциядағы түсірудің абрисі көрсетіледі. Рейкалық нүктелердегі өлшеу нәтижелерін журналға жазу келесі ретпен орындалады:

- дүрбіні рейкаға көздегеннен кейін жіптік қашықтық өлшеуіш санағы жазылады – D;

- рейка ұстаған жұмысшыны келесі рейкалық нүктеге жіберіп, горизонталь бұрыштың санағын жазады;

- вертикаль санақ жазылады, әдетте ДС;

- рейкалық нүктелердің журналдағы санау ретін абристегі санау ретімен салыстырып отырады.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Пентаев Т., Атымтаев Б. Инженерлік геодезия. Алматы, 2002ж.

2. Сытник В.С. Основы расчета и анализа точности геодезических измерений в строительстве. – М.: Стройиздат, 1987.

3. Инструкция по построению государственной геодезической сети СССР. – М.: Недра, 1966.

4. Справочное руководство по инженерно-геодезическим работам. Под редакцией. В.Д. Большакова и Г.П. Левчука. – М.: Недра, 1980.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 916 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...