Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Геодезияда қолданылатын координата жүйелері, биіктік жүйесі



Лекция дәрісінің мазмұны:

1. Жер бетіндегі нүктелердің орнын анықтау, ол үшін қолданылатын координата жүйесі.

2. Географиялық координат жүйесі. Гаусс-Крюгердің тік бұрышты координат жүйесі туралы түсінігі.

Жердің физикалық бетіндегі нүктелердің орнын координаталар арқылы анықтауға болады. Геодезяда географиялық (геодезиялық және астрономиялық), жазық тікбұрышты координаталар қолданылады.

Географиялық координаталар жүйесі Жердің барлық нүктелері үшін біртұтас жүйені құрайды. Бұл жүйенің басы бастапқы (нөлдік) меридиан мен экватор жазықтығының қиылысынан басталады. Бастапқы меридиан Лондон қаласының жанында орналасқан Гринвич обсерваториясы арқылы өтеді. Мұндағы φ – географиялық ендік, λ – географиялық бойлық. Географиялық ендік меридианның доғасымен солтүстікке немесе оңтүстікке қарай 00 – тан +900 (полюсте) саналады. Егер ендік экватордан солтүстікке қарай саналса, оны солтүстік ендік (СЕ) дейміз, таңбасы оң (+), ал оңтүстікке қарай – оңтүстік ендік (ОЕ), таңбасы теріс (-) болады. Бойлық экватордың не параллельдің доғасының бойымен бастапқы (нөлдік) меридианнан батысқа не шығысқа қарай 00 – тан +1800-қа дейін саналады. Нөлдік меридианнан шығысқа қарай саналса, шығыс бойлық (ШБ) деп аталады, таңбасы оң (+), ал батысқа қарай, батыс бойлық (ББ), таңбасы теріс (-) болады.

Географиялық координаталар астрономиялық бағдарлаумен анықталады, сонымен қатар оларды жер бетінде геодезиялық өлшеулер арқылы білуге болады. Біріншісі астрономиялық, екіншісі геодезиялық координаталарға жатады. Мұнда ендік – В, бойлық – L әрпімен белгілінеді. Гаусс-Крюгер проекциясының мәні: жер элипсоиды полюстен полюсқа созылған 60 бойлықпен алынған меридиан сызығымен 60 зонаға бөлінеді. Зонаның нөмірі Гринвич меридианынан шығысқа қарай санадалы. Орта меридиан әр зонада өстік деп аталады. Әр зона бөлек жазықтыққа конформалы проекцияланады. Сонда өстік меридиан бұрмаланбай, дәл өз ұзындығымен түзу сызық бейнесінде көрсетіледі.Әр зонадағы координаталар жүйесінің басы ретінде өстік меридиан сызығымен (абсцисса өсі Х) және экватор сызығының (ордината өсі У) қиылысу нүктесін алады.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Пентаев Т., Атымтаев Б. Инженерлік геодезия. Алматы, 2002ж.

2. Сытник В.С. Основы расчета и анализа точности геодезических измерений в строительстве. – М.: Стройиздат, 1987.

3. Инструкция по построению государственной геодезической сети СССР. – М.: Недра, 1966.

4. Справочное руководство по инженерно-геодезическим работам. Под редакцией. В.Д. Большакова и Г.П. Левчука. – М.: Недра, 1980.

Лекция





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 3854 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...