Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ЖӘне кҮрделі шыҒындардыҢ есебі



6.1 Жүкті жеткізуге немесе пайдалануға кететін меншікті пайдалану және күрделі шығындар

Жүкті жеткізуді дайындауға, жүкті жеткізу жағдайын жасайтын технологиялық операциялар кешені кіреді. Бұл жүкті топтастыру, сұрыптау, сүрлеу заттарымен өңдеу, орау, пакеттеу. Бұл операциялар жүк алуда да, тиеудің шоғырланған пунктінде болады.

Жүкті пайдалануға дайындау оның ірілену, сұрыптау, бұзылған өнімдерден тазалау т.б. операциялардан тұрады. Бұл операциялар жүк алушыдағы сияқты жүкті тарату пунктінде болады.

Бұл операцияларды орындау шығындарына сүрлеу және орау материалдардың құны, сонымен бірге жүкті пакеттеуде және салуда қолданылатын материаллдар жатады. Көліктік ыдысқа, пакеттеу құралдарына және контейнерлерге кетететін шығындарды жеке есептеу керек.

Жүкті жеткізу мен пайдалануға дайындау бойынша технологиялық операциялардың өзіндік құнын мына өрнекпен есептеу керек.

Сж.д(ж.п)= , тг/т (6.1.1)

мұнда - j-ші технологиялық операцияларын жасап жатқан жұмысшының сағаттық тарифтік төлемі (2 қосымша), тг/сағ;
  - j-ші технологиялық операцияларын жүргізетін жұмысшылар саны, адам;
  - j-ші механизацияланған операциялар кезіндегі операторларың, сағаттық тарифтік төлемі (2 қосымша), тг/сағ;
  - j ші механизацияланған операциядағы операторлар саны, адам;
  - j-ші технологиялық операциялардағы қызмет көрсетуші персоналға беріліп есептелген қаржы коэффициенті (5 қосымша);
  - механизацияланған технологиялық операцияларда қолданылатын j-ші түрдегі машинаны пайдаланудың өзіндік құны (3 қосымша), тг/сағ. Кіші механизация құралдарын, такелды немесе басқа көмекші құрылғыларды сәйкес шығын () көрсеткішін қолданады(3- қосымша);
  - j-ші технологиялық операцияларды қолданылатын көмекші құрылғыларды механизмдердің немесе машиналардың саны;

  - j-ші технологиялық операциялары орындалатын өндірістік ғимаратты пайдалану шығынның бағасы (4 қосымша), тг/сағ;
  - j-ші технологиялық операциялардың өнімділігі. тг/сағ;
  - j-ші технологиялық операциялардың орындалуына кететін k-ші материал бағасы;
  - j-ші технологиялық операциялардың орындалуына k-ші материалдың шығындалу мөлшері, бірл/т.

Жүкті жеткізуге және пайдалануға дайындалу құралдарына меншікті күрделі салымдар мәніне сәйкес кезеңінде анықтайды:

Кж.д(ж.п)= , тг/т (6.1.2)





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 584 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...