Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жүкті жеткізуге кететін жалпы дисконтты шығындар құрамындағы мүмкін экономикалық көрсеткіштерінің толық тізімі



Көрсеткіш атауы Шартты белгілер
Меншікті пайдалану шығындары (жеткізудің өзіндік құны): - Жүкті жеткізуге дайындау; - Көліктік ыдыстың болуы; - Пакеттеу құралдарының болуы; - Контейнерлер паркінің болуы; - Тиеп-түсіру және қойма жұмыстары; - Қойма және қойма жабдығының болуы; - Көліктік операциялар; - Жүкті пайдалануға дайындау; С Сж.д. Сы. Сп.қ. Ск Сжұм. Сқойма Скөл. Спайд
Техникалық құралдарға меншікті капиталдық салымдар: - Жүкті жеткізуге дайындау кезінде қолданылатын жабдықтар мен механизация құралдары - Көп айналымды ыдыс - Көп айналымды пакеттеу құралдары - Контейнерлер паркі - Тиеу-түсіру және қойма жұмыстарында қолданылатын механизация құралдары - Қоймалар және қойма жабдықтары - Көлік паркі - Жүкті пайдалануға дайындаудың механизация құралдары мен жабдықтары К   Кж.д Кы Кп.қ Кк   Кжұм Кқойма Ккөл Кпайд
Жүктің жоғалуына байланысты меншікті шығындар: - Жүкті жеткізуге дайындау кезінде - Тиеу-түсіру операцияларын орындағанда - Қоймада жүкті сақтау кезінде - Көліктік операцияларын орындағанда - Жүкті пайдалануға дайындау кезінде Ж Жж.д Жжұм Жсақ Жкөл Жпайд
Жүкті жеткізу кезіндегі оның массасының меншікті құны: - Қоймада - Көлікте М Мқойма Мкөл
Көліктік ұйымдардың тарифтік қызметтері: - Әмбебап контейнерлерді қолданғаны үшін - Жүкті пакеттеу құралдарымен қолданғаны үшін - Жалпы пайдалану орындарында тиеу-түсіру және қоймалық операциялар үшін - Жалпы пайдалану орындарында жүкті сақтау үшін. - Жүкті тасмалдау үшін. Т Тк Тп.қ   Тжұм Тсақ Ттас
Жүкті жеткізуге кеткен меншікті дисконтты шығындар Шд

Әрбір нақты жағдайда жалпы шығынның құралы мен шамасына жеткізу процесінің факторлары әсер етеді (1.1 суретті қараңыз). Сонымен бірге фактордың әсері көрсеткіштердің бір тобының жақсаруына, ал екіншісінің нашарлауына әкеп соқтыруы мүмкін. Мысалы, арнайы вагондарды қолдану ыдысқа кететін шығынды, тиеу-түсіру жұмыстарын және жүктің жоғалуын азайтады, бірақ бұл вагондардың бағасының жоғары болуына байланысты және үлкен бос жүкке байланысты көлік операцияларына кететін шығындарды көбейтеді.

Салыстырмалы нұсқаларда шамасы бірдей берілген экономикалық көрсеткіштерді ескеру міндетті емес.

Есептеудің мақсатына байланысты меншікті жалпы дисконтты шығындар құрамы өзгеруі мүмкін.

4. Жүкті жеткізу нұсқалары бойынша экономикалық көрсеткіштерді есептеудің макрологистикалық нобайы

Бағалау шартына кіретін көрсеткіштер мен жүкті жеткізу кезеңдерінің белгілі шамасында алдағы есептеу көлемін анықтау үшін жүкті жеткізу кезеңдерінің барлығын және есептелетін барлық экономикалық көрсеткіштердің тізімін көрсететін әрбір салыстыратын нұсқа үшін шығындардың есептеу нобайын құрған жөн. Бұндай нобайды 24 жолдан, 20 бағаннан тұратын әмбебап макрологистикалық нобай матрица негізінде алады. (4.1 кесте).

Үлгінің жатық жолы 3.1 - кестеде келтірілген экономикалық көрсеткіштердің толық тізіміне сәйкес келеді, ал жүкті жеткізудің мүмкін кезеңдерінің толық тізіміне 1.2-суреттің бағандары сәйкес келеді. Бұл нобайдың белгілермен толтырылған торлары жүкті жеткізудің жалпы шығынның элементтерінің ең үлкен санын көрсетеді. Шығын элементтерін белгілеуге қабылданған белгі оларды үш логистикалық топқа бөлуге сәйкестендіреді.

Бірінші топқа қарастырылып отырған жол шегінде нақты бола алатын жалпы шығынның мүмкін элементтері жатады. Бұндай элементтер үйлесімді деп аталады және модуль – матрицада С әріппен белгіленген. Мысалы, жүкті жеткізуге дайындауға кеткен пайдалану шығындары (1-жол) жүк жіберушіде де, тиеу концентрация пунктінде де болуы мүмкін. Осыған ұқсас тиеу-түсіру жұмыстарына кететін шығындар әрқашан да жүк жіберушіде, тиеудің жоғарылану пунктінде т.б. болады, егер бұл кезеңдер жеткізудің көліктік – технологиялық сызбасымен қарастырылған болса.


Кесте





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 517 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...