Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәрістің жоспары



1. Бухгалтерлік есептің мәні, негізгі мақсаты мен принциптері

2. Бухгалтерлік есептің пәні мен тәсілі

3. Құрылыстағы аудит

Бухгалтерлік есептің мақсаты

Бухгалтерлік есеп – ұйымдар қызметін тиісті ақпараттар және мәліметтермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз.

Бухгалтерлік есеп өрісіндегі көрсеткіштер жүйесін қалыптастырып, бұл үрдісті ұйымдастырудың басты мақсаты – сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын басшыларын арнайы ақпараттармен қамтамасыз ету.

Қазіргі қоғамда бухгалтерлік есептің маңызы зор. Ол тек қана бухгалтерлік кітапты жүргізуде ғана емес, сонымен қатар барлық қаржылық ақпараттарды талдау, қаржылық есеп беруді өңдеу, бухгалтерлік есеп жүйесін құру, салық салу мәселелерімен бірге жоспарлар мен болжаулардың жасалынуын қамтиды. Шешім қабылдау кәсіпорынның операцияларды бейнелеуге және бірінші кезекте кәсіпорын басшысына, одан кейін пайдаланушыларға ақпарат ұсынуға негізделген бухгалтерлік есептің жүйесін ұйымдастыру сапасы мен деңгейіне тікелей қатысты, себебі, сапалы ақпараттарды неғұрлым үлкен экономикалық пайда алу үшін тиімді пайдалану қажет.

Халықаралық стандартта белгіленген мақсаттар мыналар:

• Акционерлерді кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы толық және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету.

• Кәсіпорын қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарға қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.

Бухгалтерлік есептің жағдайы, жеке пайдаланушылардың айрықша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін емес, айтарлықтай көп санды пайдаланушылар мүддесіне жауап беретін, жалпы мақсатты ақпаратты анықтау болып табылады.

Ақпараттар деп – ұйымдардың шаруашылық өміріндегі фактілердің орын алғандығын есепке алуды айтамыз. Кез келген кәсіпорын өз қызметін тиімді түрде дамытып отыру үшін басқа да көздерден қаражат алып отырғысы келетіні рас. Қаржы көздері капитал рыногында болатындығы түсінікті. Міне, осыдан барып ұйымдар әлуетті қаржы салымшы инвесторлар мен басқа да сыртқы нсиелендірушілер мен құқылы тұлғалардың қаражаттарын іске қосып,түпкі мақсат таза пайда көлемін арттыру үшін бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттарды басқаларға хабарлап отыру қажеттігі туындайды.

Бүгінгі күнгі ақпарат кеше өткен экономикалық өмір мен фактілердің жалғасы екендігін білу қажет. Болашаққа бағдарлама жасау үшін «кешегі өткен экономикалық қатынастарды» бағалауымызға тура келеді. Мысалға, ұйымдардың үздіксіз жұмыс істеу қабілетін бағалап, осы ұйым экономикасына осы жылы инвестиция салу үшін қандай да болмасын қаржы салымшы инвестор ұйымдардың өткен шақтағы атқарған қызметін зерттейді. Қаржы келтіруді мақсат тұтқан ұйымның өткен жылдардағы ақпараттарды мұқият зерттелгеннен соң қаржы салымшы инвестор өзінің осы жылы салған ақшасы қанша көлемде табыс әкелетіндігін білу керек. Сондықтан қаржы салушы инвесторлар қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның бухгалтерлік балансын, ақша қозғалысы және капитал қозғалысы, табыстар мен шығындар жөніндегі жасаған бірнеше жылдық ақпараттарын пайдаланып, экономикалық талдау арқылы шешім қабылдайды.

Ақпараттар жүйесі түсінікті әрі қарапайым жолдармен аса бір сапалы және жоғары деңгейде орындалғаны жөн. Ақпараттардың мағынасы мен көрсеткіштері логикалық санаға сиятындай болуы қажет. Қалыптасқан ақпараттар жүйесі тиісті тұтынушыларға хабарланған кезде капитал рыногының және қаржы салымшыларының экономикалық мүмкіндіктерін біліп отыруға болады.

Сонымен, бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттар, біріншіден сыртқы тұлғалардың талабын, екіншіден ұйымдағы бухгалтерлер мен басқарушылардың талабын қанағаттандырады. Яғни, бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушылардың барлығы да есептің мақсатын,мұның өрісіндегі мәліметтер мен бастапқы құжаттарды дұрыс және дер кезінде рәсімдеу бухгалтерлік есепті толығымен аяқтаудың сатылы принциптерін, есеп жүргізудің техникалық әдістерін, шаруашылық операцияларының мазмұнын білгені жөн. Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың жолдарын және оның шетелдік тәжірибесін зерттеу, өндірістік шығындар туралы ақпараттар алудың дәстүрлі емес жаңа жүйесін құру, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың, қаржылық нәтижелерді анықтаудың қазіргі тәсілдерін қолдану, сондай – ақ бұл ақпараттарды өндірістік қызметті басқару, талдау, болжау және реттеу үшін қолдану маңызды.

Нарықтық қатынасқа көшкенге дейін дәстүрлі жүйеленген түрде жүргізіп келген. Үздік үлгідегі ұзақ жыл өміршеңдігімен пайдаланылған техникалық мөлшерленген базалық актілер құрылыс – монтаж жұмысының дұрыс талдануына септігін тигізген. Ал, нарықтық қатынасқа көшкеннен соң, жүйе бұзылып, құрылыс кәсіпорындарында басқадай көзқарас пайда болды. Яғни, сұраныс деңгейі жоғарылаған сайын баға өсіру тиімді болып есептелді. Бірақ, осыған қарамастан бүгінгі күні аталмыш сала заң актілеріне сүйеніп құрылыс – монтаж жұмыстарын орындап келеді. Бухгалтерлік есептің жаңа жүйесіне сай бухгалтерлік есеп стандарттарының №6 және 12, халықаралық қаржылық есептеме стандарттарының №11 және 16 тікелей сметалық жүйедегі табыс пен шығындар құрамын анықтаумен тікелей байланысты.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Құрылыс саласындағы есепті ұйымдастырудың ерекшеліктерін;

Өндірістегі шығындар түрін;

Еңбекақыны есептеу жолдарын;

Материалдық босалқылар есебін және аяқталмаған құрылыс есебін жүргізу әдіс – тәсілдерін ұғыну.

Курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Алғашқы тарауда құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері, құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері, келісім – шарт жасау тәртібі сонымен бірге құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашу қаралды.

Екінші тарауда құрылыс жұмыстарын бағалаудың ерекшеліктері, келісім – шарт қаралған шектелген және еркін баға, құрылыстың сметалық құнының құрамы мен құрылысы және

құжаттау және құрылыстағы еңбекақыны төлеудің жүйесі мен жолдары қарастырылады.

Үшінші тарауда шығындар есебінің мәні және жіктелуі және құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары бабы бойынша шығын есебі, аяқталмаған құрылыс – монтаж жұмыстарын өткізу қорытындысы және табыс пен шығынды тану қарастырылады.

Құрылыс өндірісі басқа да өндіріс түрлерімен байланыстарының күрделілігімен де ерекшеленеді. Құрылыс алаңдарында бір мезгілде жалпы құрылыстар, мамандандырылған және де басқа жұмыстар жүргізілуі мүмкін. Өндірістің технологиялық процесі бас мердігерлік құрылыс кәсіпорынының басшылығымен жүргізіледі. Ол тапсырыс берушімен барлық жұмысты орындауға келісім-шартқа отырып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін басқа мамандандырылған кәсіпорындармен келіседі, бұл субмердігерлік деп аталады. Құрылыста тапсырыс берушінің, бас мердігердің және субмердігердің қатысуы олардың өзара қарым-қатынастарының күрделі жүйесінің қалыптасуына әкеледі, ол бухгалтерлік есеп жүргізуде дұрыс, әрі жүйеленіп көрсетілуі тиіс.

Құрылыс өнімдерінің келісім бағаларының құрамында мердігерлердің орындаған жұмыстарының құны көрсетіледі. Сонымен қатар, келісім бағаларының құрамына келісім бойынша мердігерге берілген басқа да жұмыстармен байланысты шығындар да кіреді, атап айтсақ белгілі бір объектілерді салғанда, оны қажетті құрал-жабдықтар мен т.б. материалдармен қамсыздандыру.

Құрылыс процесіндегі орындалған жұмыстарды қабылдау мен есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі мен тәртібі келісім-шартта тараптардың келісімімен бекітіледі.

Кәсіпорындар мен мердігерлер арасындағы орындалған құрылыс-монтаждық және құрылыс-жөндеу жұмыстарының есебі конструктивті элементтері бойынша, келісілген шарттың кезеңдері бойынша немесе келісім-шарт бойынша жүзеге асырылады.

«Бухгалтерлік есеп принциптері» пәні

Бухгалтерлік есептің теориясы

Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектісі. Бухгалтерлік есептің анықтамасы және оның мэні мен маңызы, міндеті. Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау. Экономикалық ақпараттың көзі ретінде бухгалтерлік есеп беру және оны пайдаланушылардың жіктелінуі. Бухгалтерлік есепті жетілдіруге (дамытуға) әсер ететін факторлар. Қазақстан Ресапубликасында бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі және оның дамуы. Бухгалтерлік есептегі этика. Қазақстан Республикасының заңы бойынша ұйымдардың түрлері.

Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі. Қаржылық есеп берудін, элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері. Бухгалтерлік есептің негізін қалаушы принциптері: толассыздық, есептеу принципі, Үздіксіз қызмет ету принципі, екі жақгы жазу ақшалай елшеу принципі, құпиялылық принципі. Қаржылық және шаруашылық процестері. "Шаруашылық операциялары" жайлы түсінік.

Бухгалтерлік баланстың ролі мен мағынасы. Бухгалтерлік баланстың түрлері. Бухгалтерлік баланстың құрыльшы мен мазмұны. Негізгі бухгалтерлік тендеу. Бухгалтерлік балансқа деген екі көзқарас. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік балансқа әсері.

Бухгалтерлік шоттар жайлы түсінік. Бухгалтерлік шоттардың құрылымы мен мазмұны. Бухгалтерлік есеп шоттарының экономикалық мазмұны бойынша құрылымы және атқаратын қызметі бойынша жіктелуі (негізгі, реттеуші, калькуляциялық, қаржылық нәтижелік, баланс сыртындағы және т.б.). Екі жақты жазу жүйесі. Шоттар корреспонденциясы. Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы. Топтамалық (синтетикалық) және талдамалық (аналитикалық) шоттар мен олардың өзара байланысы. Талдамалық (аналитикалық) және топтамалық (синтетикалық) есеп. Айңалым ведомосттері, олардың мәні мен оларды құру, толтыру тәртібі. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары.

Есептік цикл. Шаруашылық операцияларын бағалануы мен жіктелінуі. Кіріспе бухгалтерлік баланс. Шаруашылық операцияларын тіркеу мен талдау және олардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі. (Шаруашылық операцияларын тіркеу журналы). Журналдағы бухгалтерлік жазуларды бас кітаптың шотта-рына кешіру. Айналым ведомосты-бухгалтерлік іс-әрекеттердін бақылаушы құралы. Мерзімдік шоттардың жобылуы. Сынама (тексеру) балансы. Трансформациялық кестелерді құру кезеңдері. Қорытынды баланс.

Бухгалтерлік қүжаттар, олардың атқаратын қызметі мен жіктелінуі. Есеп регистрлері. Бухгалтерлік есепке енгізу формалары. Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері. Түгендеу. Есеп саясаты.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1579 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...