Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәрістің жоспары. 1 Құрылыстағы кәсіпорынның табысы



1 Құрылыстағы кәсіпорынның табысы

2 Құрылыстағы пайда түрлері

3 Құрылыстағы рентабельділік

Пайда – құрылыс ұйымының немесе өндіріс тұрғысында нарықтық қатынас жағдайында жұмыс істейтін кәсіпкердің қызметінің (объектілері, кешендерді тапсырсшыға өткізу немесе құрылыс-монтаж жұмыстарын, қызмет көрсетулерді орындау) ақшалай қорланудың негізгі көзінің, қорланудың құрылуының негізгі және айналым құралдарының өсімінің және күрделі салалардың (өз құрылысына) қаржыландыруының және басқа шығыстардың қаржылық нәтижесін көрсетеді. Құрылыс-монтаж ұйымдарының жоспарлы пайдасының құрамына құрылыс өнімін сатудан (орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарын өткізуден) түскен, сондай ақ құрылыс ұйымдарының балансындағы қосалқы және көмекші өндірістер мен шаруашылықтардың материалдық құндылықтарды, өнім мен қызмет көрсетулеріне тасудан түскен пайдалар кіреді.

Жұмыстарды өткізуден шығатын жоспарлы пайда екі бөліктен тұрады: тікелей шығындар мен қосымша шығындардың сметалық құнының жоспарлы қорлануының 26% мөлшерінде; құрылыс-монтаж жұмыстарын өзіндік құнын азайтудан түскен үнемдеуден.

Жоспарлы пайданың бірінші бөлігі де, сондай ақ екінші бөлігі де сметалық құны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін жоспарлық қорланудың проценті мен өзіндік құнды азайту процентінде көбейту жолымен есептеледі.

Тапсырысшыға өткізілген жұмыстардан (Ппр) түскен пайданың (жоспарлы және іс жүзіндегі) көлемін табу мына формула арқылы табылады:

Ппр=(Сем+Вк) – С,

мұндағы Сем - жұмыстың сметалық құны, теңге;

С – жұмыстың жоспарлы немесе іс жүзіндегі өзіндік құны, теңге;

Вк –өтемақылар мен жеңілдіктер бойынша төлемдер,теңге;

Жоспардан тыс пайда мен іс жүзіндегі пайда мен жоспарлы пайданың арасындағы айырма ретінде мына формуладан табылады:

Псв=Пф-Ппл

Мұндағы Псв,Пф және Ппл –тиісінше жоспардан тыс, іс жүзіндегі және жоспарлы пайда, теңге.

Мердігерлік ұйымның жоспарлы немесе іс жүзіндегі пайдасының жалпы сомасы (баланстық пайда) тапсырысшыға өткізілген құрылыс–монтаж жұмыстарын сатудан түскен пайдадан, сондай ақ мердігерлік ұйымның балансындағы қосалқы кәсіпорындар мен шаруашылықтардың өнім өндіруден, қызмет көрсетуден және басқалардан алған пайдаларынан тұрады.

Тапсырысшымен толық дайын объекті үшін немесе аралық төлемдермен –аванспен есеп айырысатын құрылыс ұйымдары пайданың мөлшерін тапсырысшыға өткізілген дайын өнімнің көлемі бойынша ғана айқындайды.

Сатудан және баланстан түскен пайда бөлек–бөлек болады.

Сатудан түскен пайданың сомасы құрылыс өнімін сатудан түскен түсім (жұмыстаарды, өнімдерді және қосалқы өндірістердің қызмет көрсетулердің, механикалық құндылықтарды өткізу) мен оның толық өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде есептеледі.

Баланстық пайда (Бп) сатудан тыс табыстар мен шығыстарды сатудан түскен пайданың алгебралық қосындысы ретінде мына формула бойынша еспетеледі:

Бп=Пр +Двн – Рвн

мұндағы Бп– сатудан түскен пайда (құрылыс-монтаж жұмыстарын өткізуден, қосалқы өндірістер, шаруашылықтардың өнімдері мен қызмет көрсетулерін босатудан, материалдық құндылықтарды сатудан);

Двн –сатудан тыс табыстар (алынған айыптар, өсімдер, айыппұлдар т.б)

Рвн –сатудан тыс шығыстар (алынған айыптар, өсімдер, айыппұлдар, есепті кезеңге дейін өткізілген жұмыстар бойынша залалдар және т.б);

Құрылыс және монтаж ұйымдарының рентабельділігі – кәсіпорынның немесе құрылыс ұйымының өндірістік-шаруашылық қызметі тиімділігінің экономикалық көрсеткішін білдіреді. Құрылыс ұйымдары рентабельділігінің деңгейі табыс құнының өз күшімен орындалып сатылған құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнына қатынасымен айқындалады.

Рентабельділік деңгейі мына формула бойынша есептеледі:

Р=П*100/Cсм

Р-рентабельділік деңгейі,%;

П-пайда,теңге;

Cсм- құрылыс–монтаж жұмыстарының сметалық құны,теңге;

Механикаландыру трестері мен басқармаларында, сондай ақ жұмыстарды механикаландырудың өз күштерімен орындайтын құрылыс ұйымдарында рентабельдік деңгейі бұдан басқа пайданың өндірістік (негізгі және айналым) қорлардың құнына қатынасымен анықталады.

Құрылыс-монтаж ұйымдарының рентабельділігі бірінші кезекте өндіріске кететін шығындардың деңгейіне байланысты. Құрылыс-монтаж жұмыстарын өткізуден түскен пайданың құрамындағы үнемдеудің өзіндік үлесін есептеу мына формуламен есептеледі:

Упэ=(П-Нп)/П*100

Мұндағы Упэ – өзіндік құнды азайтудан түскен үнемдеудің өзіндік үлесі, %;

П-пайда (тиісінше жоспарлы және іс жүзіндегі),теңге;

Нп-жоспарлы қорғау, теңге;

Рентабельділікің тоқсандық, жарты жылдық және тоғыз айлық деңгейі рентабельділіктің жылдық деңгейін есептеуге арналған өспе нәтижемен айқындалады.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Экономика предприятия. Тесты, задачи, ситуации. - М.: 2003

2. Баяхметов Т. Құрылыс экономикасы, Алматы. 1998

3. В.В.Костюченко, К.М.Крючков, О.А.Кудинов Менеджмент в строительстве, "Феникс", 2002

4. Степанов И.С. Менеджмент в строительстве, Юрайт, 2004.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1Құрылыстағы қаржылық есеп

2 Пайданы бөлу





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1480 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...