Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан халкының өмір сүру деңгейін көтеру мәселелері



Қазақстан жоғары өмір стандарттары бар әлеуметтік мемлекет құруға бағдар жариялады. Бұл ұстаным Мемлекет Басшысының мәлімдемелерінде көрініс табады. Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы қаңтардың соңында Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Алдағы онжылдықтың маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасын және деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылықты және қорғалуды нығайту». Бұл ретте, мемлекет тек қана өзінің азаматтарының жоғары өмір сапасы принциптерін ресми жариялап қоймай, сондай-ақ, бұл салада жетістіктерге қол жеткізуде.

Қазақстандағы өмір сапасын талдау және бағалау шеңберінде қарастырылатын қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар және стратегиялар тізбесі мыналар:

1. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты ҚР Президентінің Жолдауы.

2. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық- инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама.

3. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы.

4. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы.

5. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы.

6. 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы.

7. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2013-2020 жылдар арналған бағдарламасы.

8. Қазақстан Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы.

9. 2030 жұмыспен қамту бағдарламасы.

Тәуелсіздік алған 20 жыл барысында ҚР дербес мемлекет ретінде өзіндік реформаларын жүргізу арқылы халықтың өмір сүру жағдайларын көтеріп,еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін қалыптастырды. Елімізде қабылданған түрлі бағдарламалар және ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдаударындағы бағыттардың жүзеге асу барысында кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділігі дамып және өмір сүру деңгейінің жоғарылауына оң ықпал етуде. Жұмыссыздық деңгейі өткен жылы 5,5 пайызды құрап, 1,1 пайызға төмендеді. Одан басқа соңғы 5 жылда бюджеттен білім, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мақсатына бөлінген қаржы екі есе өсіп, елдегі ішкі жалпы өнімнің 10,4 пайызын құрады.

2011жылдан бастап негізгі зейнетақы төлемдері 30 пайызға артты. Мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік жәрдемақы және арнайы мемлекеттік көмектер 9 пайызға көбейді. Со­нымен бірге бала күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақы, төртінші және одан да көп бала туғандарға берілетін бір жолғы жәрдемақы көлемі 30 айлық есептік көрсеткіштен 50 айлық есептік көрсеткішке дейін өсті. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға төленетін жәрдемақы мөл­шері айлық төменгі жалақы көлеміне дейін те­ңестірілді. Шалғай елді мекендерде тұратын халықты меди­ци­налық көмекпен қам­тама­сыз ету мақсатында телемедицина әдісі өмірге енгізіліп, алыс қа­шық­тықтан жоғары деңгейдегі медицина­лық көмек көр­сетілді. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы шең­берінде 50 ден­саулық мекемесі іске қосылды.

«Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің басты мақсатымыз – әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтарымыздың байқуаттығы. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі...» -деп халықтың өмір сүру деңгейлерін көтерудің алдағы бағыттарына назар аударған болатын.

Осыдан алдағы уақытта еліміздегі халықтың өмір сүру деңгейлерін көтеру үшін қабылданған бағдарламаларды жүзеге асыруға 2013 жылы республикалық бюжеттен білім беру+ саласына 470,0 млрд. теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда – 7,6 пайыз, денсаулық сақтауға – 524,0 млрд. теңге немесе 8,5 пайыз, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке – 1 360,2 млрд. теңге немесе 21,9 пайыз артық жоспарланды.

Одан басқа «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясындағы іс-шараларды қаржыландыруға 2013-2015 жылдарға жалпы сомасы 212,4 млрд. теңге белгіленген. Бұл қаржылар өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы төмен адамдарды оқытуға және жұ­мысқа орналасуға жәрдемдесуге, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға несие беруге, ауылдық елді мекендерді дамытуға (оның ішінде, ауылдық елді мекендерде орналасқан дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттерді салуға) арналған.

«Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын орындауға 2013 жылы 157,2 миллиард теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй салуға және сатып алуға 2013 жылы 27,5 млрд. теңге, оның ішінде: жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрушылар үшін 17,5 млрд. теңге, жас отбасылар үшін 10,0 млрд. теңге қаржы белгіленді

«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыруға 2013 жылы 34,0 млрд. теңге қаржы шағын қалалардың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпкерлікке үйретуге, оларға несие беруге, жаңа өн­ді­ріс­терді дамытуға гранттар беруге, жалға берілетін түрғын үй құрылысын салуға жұм­салмақ.

Сонымен қатар, ауылға, агроөнеркәсіп кешеніне мем­ле­кет­тік қолдаудың, қаржылай көмек көр­сетудің маңызы артып отыр. Өйткені, Қазақстан халқының 46 пайызы ауылда тұрады. ҚР азық-түлік өнімдерімен өзін то­лық қамтамасыз етумен бірге, сапалы, экологиялық таза ауылшаруашылық өнім­дерін экспорттау арқылы жыл сайын елге қомақты қаржы әкелуге болады. Ол үшін отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мемлекеттік қолдауды күшейту керек.

Қазір елімізде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау көлемі төмен, ол өндірілген өнім­нің 3-3,5 пайызын ғана құрайды. Ал ол Кеден одағындағы Беларусьте –18 пайыз, Ресейде – 6 пайыз. Бұл Біртұтас экономикалық кеңістікте жұмыс істейтін шаруалардың бәсекеге қабілеттілігі әлдеқайда төмен болатынын көрсетеді.

Шаруаларды ауыл шаруашылығы тех­никасымен қамтамасыз ету негізгі мә­се­лелердің бірі болып қалып отыр. Бүгінгі таңда, ауыл шаруашылығы техникаларының басым көпшілігі ескі болғандықтан жаңа техникамен қаруланған басқа елдердің шаруаларымен бәсекеге түсе алмайды.

Сонымен бірге, республикалық бюджет­тен ауыл шаруашылығын қолдау үшін қарас­тырылған несиелерді тиімді игеру жұмыстарын да қатаң қадағалау қажет. 2012 ж. республикалық бюджеттен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қол­дау қоры» АҚ арқылы берілетін несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге бөлінген 2,2 млрд. теңге игерілмеді. Бұл аталған бағдарламаның негізін шаруаларға кеңінен түсіндірмеуінің сал­дарынан туындап отырған жағдай. Осымен бірге, ауылдық кәсіпкерлерді несиемен қамтамасыз ету үшін елімізде микронесие ұйымдарын көбейтіп, олардың жұмысын жандандыру қажет. Бұл бағытта 2012 жылы республикалық бюджеттен 10 млрд. теңге бөлінді, ол 2011 жылмен салыстырғанда 3 есеге көп. Бағдарламаны тиянақты түрде орындау үшін қағазбастылықты қысқартып, несие алушылардан талап етілетін құжаттар тізімін барынша азайту керек. Ауылдық жерлерде өзін өзі қамтамасыз ететін азаматтарды жұмысқа тарту үшін ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін, құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар көптеп салуды қолға алған жөн болар еді. Осындай кәсіпорындарды ауылдық жерде, аудан орталығында саламын деген кәсіпкерлерге жеңілдетілген, ұзақ мерзімге несие беру мәселесін шешуді созуға болмайды. Оны жүзеге асыру елімізді азық-түлік тауарларының көбеюіне, ауылда жаңа жұмыс орындарының ашылуына және аудан бюджетіне қомақты қаржы түсуіне жол аша отырып, нәтижесінде ауылдағы халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге болар еді

Ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қа­білеттілігін қамтамасыз етуге жаңа инновациялық технологиялар керек. Мысалы өсімдік шаруашылығында тамшылатып суару сияқты жоғары сапалы өнімді қамтамасыз ететін тех­нологиялар ендіріліп, олар өзінің жемісін бе­руде. Егін шаруашылығындағы осындай инновациялық, экологиялық таза бағыттардың бірі – өсімдік зиянкестерімен күресудегі био­логиялық әдіс. Бүгінде өсімдіктерді қорғауда улы химиялық заттар қолданылады, нә­тижесінде зиянкестермен бірге пайдалы организмдер өледі, қоршаған орта лас­та­нады, адамдар уланады.

54 Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі факторлары.(ЭССЕ)

Қазақстан Республикасының 2012 жылы елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарына келесілер жатады: 1.Бизнес-ортаны жақсарту, қаржы секторын нығайту, сенімді құқықтық ортаны қалыптастыру арқылы дағдарыстан кейінгі дамуға дайындалу.

2.Отын-энергетикалық кешенді, металлургия, химия және құрылыс өнеркәсібін, ауылшаруашылығы өнімін қайта өңдеу, көлік пен телекоммуникацияны дамыту арқылы экономиканы жедел әртараптандыру.

3.Білім беру және денсаулық сақтау жүйелерін жетілдіруге инвестициялар жасау, еңбек ресурстарын тиімді басқару.

4.Әлеуметтік қорғаудың жетілдірілген жүйесін құру және елдің тұрғын үй-коммуналдық кешенін жеделдетілген жетілдіру.

5.Ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының түйінді бағыттарына сәйкес 2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейінгі қайта бөлу және қайта өңдеу үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 726 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...