Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан Республикасының қаржы жүйесіне қаржы дағдарысының әсері



Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы төтеуге лайықты екенін де байқатып үлгерді.

Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жаппай жалпы әлемдiк ауқымдағы және сол сияқты ұлттық деңгейдегi қаржылық қатынастардың қолданыстағы модельдерiнiң кемшiлiктерiн көрсеттi. Әлсiз жақтары мемлекеттiк реттеу құрылымында және қаржы институттарының өздерiнiң қызметiнде анықталды.

Дағдарыстан бұрын 2010 және 2008 жылдары Қазақстанның қаржы-банктік жүйесі ТМД елдерінің басқаларымен салыстырғанда жақсы нәтижелер көрсеткен болатын, бірақ «домино» қағидасы бойынша АҚШ та бастау алған қаржылық дағдарыс еуропа елдерін қозғап өтіп 2008 жылдың күзінде Қазақстанға да келіп жетті. Нәтижесінде қазақстандық банктердің негізгі мәселелері белгілі бола бастады: несиелердің қайтарылмауы, өтімділіктің төмендеуі, салымдар мен депозиттердің кетуі және т.б.

Әлемде орын алған қаржы дағдарысының басты себебі — әлемдік валюта АҚШ долларының шектен тыс көп мөлшерде шығарылуы деп баспасөз беттерінде жиі жарияланатын болды. Алайда, бұл дағдарыстың себептері Елбасынының «Дағдарыстан шығу кілті» аты мақаласында нақты әрі тереңінен қарастырылып, оған келесідей анықтама беріледі: «Бүгінде елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс – бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылыс. Ол әлем тарихында теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбегейлі өзгертетін құбылыстар санатына жататыны анық. Сондықтан да оны талдауға, ой-елегінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көзқарас қажет»

Қазiргi банкирлердi халықтың ахуалы, тiптi, алаңдатпайды. Олардың мақсаты тек пайда табу. Бiздiң банктер тек алып-сатумен айналысады. Алып-сату да керек шығар. Бiрақ, банк саласының негiзгi қызметi экономикаға тiрек болу. Ал бiздегi банктер соңғы 15 жыл бойында бұрынғы Кеңес үкiметiнен қалған мемлекеттiк компаниялар (қазiргi ұлттық компаниялардың) ақшасын айналдырумен келедi. Мемлекеттiк компанияларға қызмет көрсетушi банктер мықты да, қалғандарының жағдайы керемет емес. Елдегi өнеркәсiптi дамытпайынша, банк саласы бұдан әрi дамымайды. Қаржы саласында уақытша тұрақтылық болатын шығар. Алайда, ұзақ мерзiмге қанат жая алмайды. Банк активтерiнiң көбейгенi, қайталап айтамын: мұнайдың буы, шикiзаттың ақшасы.

Банктердiң капиталын көбейтуге кiм кедергi? Шетелден әкелген ақшаны осы жерде жаратсын. Қазақстанға келген бiр тиын осы Қазақстанда қалуы керек. Ол ақша халыққа, өндiрiске жұмыс iстеуi керек. Шетелден әкелген ақшаны неге қайтадан шетелге шығарады? Сол бiздiң банктер ақша салып жатқан елдердiң банктерiнiң де қарыз алуға мүмкiндiгi бар. Қазақстан банктерiнiң арада делдал болуының аса қажетi де жоқ. Банктер өз бизнесiн диверсификациялап, бөлiп жатыр. Қазақстандағы капиталы кейiннен ыңғайсыз жағдайға тап болатын күн туса, соның алдын алайын деген ой бар. Ертеңгi күнi елдегi банкке бiрдеме болса, арғы жақтағы капиталы аман қалады емес пе? Олар ең алдымен өздерiне ыңғайлы жағдай жасауда. Бүгiнгi бизнестiң деңгейi сондай. Бәлкiм, ұрпақ ауысқан соң, жағдай басқаша болатын шығар. Әбден қарыны ашқан адамды дастарханға жiберсе, ол ондағы тамақты таңдап iшпейдi ғой, қолына келгеннiң бәрiн ала бередi. Бiздiң бизнес те сондай. Шүкiршiлiк жоқ. Үкiметтiң кезiнде мемлекеттiк банктердi жекешелендiргенi үлкен кемшiлiк болды ма деп ойлаймын. Мемлекетке кейiннен жеңiл несиенiң керек болатынын үкiметтегiлер қаперден шығарған.

42 Қазақстан нарығында кәсіпкерлік қызмет ерекшелігіне байланысты қандай тәуекелді төмендету әдістері тиімді.

Кәсіпкерлік қызмет өзінің қызметі барысында жеке және заңды тұлғалармен жүзеге асырыла отырып, пайда табу мақсатында түрлі тәуекелдерге барады. Ешқандай кәсіпорын немесе кәсіпкер тәуекелден құтыла алмайды, яғни өзінің қабылдаған шешіміне сәйкес өзі зардаптарын немесе табысын алады екен. Мемлекет олардың шаруашылық қызметі нәтижелеріне жауап бермейді. Сондықтан, кәсіпкер белгісіздік салдарынан неше түрлі нұсқалардан біреуін таңдап тәуекелге бара отырып шешім қабылдайды. Әр түрлі себептердің (табиғи жағдайлардың, бәсекелестіктің, өзінің қызметін дұрыс жүргізбеуі) салдарынан кәсіпкер өзінің қалаған табысына қол жеткізумен қоса, сол таңдалған шешім бойынша барлық қолындағы барынан айырып қалу қауіпі де бар. Сол үшін, тәуекелдің дәрежесін бағалап, оның болашақта болатынын көріп және оны төмендетіп, ешқашан кәсіпкерлік қызметке жолатпаудың әдістерін, шараларын жасауы қажет.

Тәуекелдің жалпы мағынасында табиғи апаттардың салдарынан және адамның іс әрекетінен қолдағы бар мүліктен айырылу дегенді береді. Сонымен қоса, тәуекел – бұл жеке тұлғаның, топтың, кәсіпорынның, мемлекеттің және т.б. тұлғалардың іс әрекеті салдарынан қажетті көрсеткіштерге қол жеткізбеу.

Ал кәсіпкерлік тәуекел бұл шығынның пайдадан асып түсуі, яғни күтіліп отырған қызметі шегінде пайданың ала алмауы.

Тәуекелдің болуының бір себебі, болашақтың белгісіздігі. Бұл белгісіздікті мыналар тудырады: білімнің жеткіліксіздігі, кездейсоқтық, қарсы әрекет.

Кәсіпкерлік іс әрекетте тәуекелдің салдарынан мынадай шығындар болуы мүмкін:

· Материалдық (ғимарат, құрал жабдық, материал, шикізат)

· Еңбектік (қызметкерлік жұмыс уақытын жоғалтуы, квалификацияланған жұмыскерлердің кетуі)

· Қаржылық (көзделмеген айыппұлдар)

· уақытша

· Арнайы (адамдарға, қоршаған ортаға зардаптары)

Жоғарыда айтқанымдай кәсіпкерлік тәуекелден құтылу мүмкін емес. Бұл жерде кәсіпкер тәуекелге қарсы белгілі бір саясат ұстануы қажет. Негізгі саясаттар келесілер болып табылады:

· Тәуекелден құтылу (жақындатпау) саясаты

· Тәуекелді қабылдау саясаты

· Тәуекелді төмендету саясаты

Тәуекелден құтылу саясаты бұл тәуекелден толық құтылу мағынасында беретін іс шаралар жиынтығы. Бұл саясат шаруашылық іс әрекеттерден толық бас тару арқылы қол жеткізілетін, яғни тәуекел деңгейі жоғары тәуекелдерден бас тартуды білдіреді. Бұл саясат негізі оңай, бірақ нәтижелі емес, себебі кәсіпорын жоғары табыс алудан бас тартуы мүмкін.

Тәуекелді қабылдау саясаты бұл кәсіпорынның өзінің қаражаттары есебінен тәуекелді жабу саясаты. Бұл саясат қаржылық тұрақты, кәсіпорынның қызмет саясатын жетілдіруді, бірақ көптеген шығындарға алып келуі мүмкін.

Тәуекелді төмендету саясаты мүмкіндіктің және шығынды төмендетуді білдіреді. Тәуекелді төмендетудің бірнеше әдістері бар. Олар мыналар:

Диверсификация тiкелей өзара байланыспайтын әр түрлi объектiлердiң арасындағы капиталдың үлестiруi процесс болып табылады. Диверсификация қызмет түрлері әр түрлі кәсіпорындардың арасындағы тәуекелдiң бiр бөлiгi капиталдың үлестiруiнде құтылуға мүмкiндiк бередi. Мысалы, бiр қоғамның акцияларының орнына бес әр түрлi акционерлiк қоғамдардың акцияларының инвесторымен алуға, олардың орташа табысының алуын ықтималдықғын iлгерiлетедi және сәйкесiнше тәуекел дәрежесiн арзандатылады.

Диверсификация - бұл инвестициялық тәуекелдiктiң ыдырауы. Дегенмен ол нөлге дейiн инвестициялық тәуекелдiлікке апармайды. Демек, бұл кәсiпкерлiк және шаруашылық қызмет атқаратын инвестициялық қызмет саласында сыртқы фактордың әсері болады, бірақ оған диферсификация әсер етпиді.

Лимиттеу бұл белгілі бір шектің болуы. Яғни белгілі бір шығын сомаларын, сату бойынша, несие бойынша шектің болуы. Лимиттеу тәуекелді төмендетудің негізгі әдісі болып табылады, яғни бұл банкте ссуда беруде қолданылады. Ол шаруашылық жүргізуші субьектілердің тауарларын сатуда белгілі бір несиелік сомалар бойынша заемдар беру, капитал салуының сомаларын анықтау болып табылады.

Хеджирлеу валюталық тәуекелдердi сақтандырудың әр түрлi әдiстерiнiң белгiсi үшiн банктiк, биржалық және коммерциялық тәжiрибеде пайдаланады. «Хеджирлеу - жедел келісімшарттар жасау, болашақта курстық бағамның өзгешеліктері есебінен курс бағамдарын сақтандыру, яғни болашақта болатын өзгерістерді алдын алу болып табылады. Хеджирлеу операциясының екі түрі бар: хеджирлеуді жоғарылату және төмендету.

Хеджирлеуді жоғарылату немесе хеджирлік сатып алу. Бұл хеджер биржалық операцияларды және жедел келісім шарттарды немесе опциондарды білдіреді. Бұл түр болашақта кур бағамының өзгеруін алдын алуын сақтандруды білдіреді. Бұл сатып алынатын тауардың бағасын алдын ала белгілеу, яғни қолға тауар тими жатып белгілеп қою болып табылады.

Хеджирлеуді төмендету немесе сатылулар бойынша хеджирлеу, бұл жедел келісімшарттарды сату бойынша биржалық операция. Хеджерлік төмендету болашақта тауарды сату кезінде бағаның төмендеуі салдарын алдын алу болып табылады.

Таңдау және нәтижелер туралы ақпарат алуы. Ақпарат тәуекел дәрежесін төмендетуде маңызды рөл алады. Кәсіпорынға көп жағдайда тәуекелі жоғары шешім қабыладуға тура келеді, сол кезде ақпаратттың жеткіліксіздігі салдарынан тәуекелдің жоғарылауы немесе дұрыс шешім қабылдамауы орын алады. Егер де ода толық ақпарат болған жағдайда ол тәуекелі жоғары шешім қабылдамайтын еді.

Өзін өзі сақтандыру бұл кәсіпорын өз өзін сақтандыруды дұрыс шешім деп қабылдайды, яғни сақтандыру компаниялары арқылы сақтандыруды сатып алғаннан гөрі өзін сақтандырады. Соның есебінен ол капиталдың сақтандыруға жұмсау шығындарын азайтады. Өзін өзі сақатндыру бұл кәсіпорынның тәуекелі жоғары орындарында жүзеге асады. Яғни, белгі бір резервтік қорлар немесе сақтандыру қорлары құрылады. Бұл қорлар тек ақшалай формада емес сонымен қатар тауарлы формада құрылуы мүмкін.

Фермерлер және де ауыл шаруашылғын жүргізетін кәсіпорындар, барлығынан бұрын тауарлы формада сақтандыру қорларын құрады: тұқымды, жем және т.б. яғни табиғи жағдайлардың сақтарынан сақтандыру.

Резервтік ақшалай қорлар ең алдымен жоспарланбаған шығындарды жабу, кредиттік берешек, кәсіпорын таратылған жағдайдағы шығындарды жабу бойынша құрылады. Бұл қор Акционерлік қоғамдар үшін міндетті болып табылдаы.

Барлығынан да белгілі тәуекелді төмендетудің әдістердің бірі сақтандыру болып табылады. Сақтандыру мағынасы бұл тәуекелді нолге дейін төмендету үшін өзінің табысының жартысынан бас тартуын білдіреді.

Қазіргі уақытта сақтандырудың бірнеше түрлері пайда болды. Олар:

Сақтандыру титулы бұл өткен уақытта болған оқиғаларды болашақта болдырмау үшін сақтандыру. Бұл жылжымайтын мүлік иелерінің шығынға ұшыраған жағдайда сотпен келісім шарт бұзылған жағдайда сақтандыру сомасын қайтарып беруді білдіреді.

Кәсіпкерлік тәуекел бұл жоспарланған пайданы өз әрекеті кезінде ала алмауы. Кәсiпкерлiк тәуекел сақтандыру шарты бойынша, кәсiпкерлiк тәуекел тек қана сақтандырушының өзiне қамсыздандырыла алады және тек қана оның пайдасына, яғни мұндай келiсiм шарты үшiншi тараптың пайдасына жасауға болмайды. Сақтандыру сомасы кәсіпкерлік тәуекел сақтандыруының құнынан аспауы керек.

Қорыта келе, жоғарыда аталған әдістерді қолдана отырып кәсіпкер тәуекелді төмендете алады екен. Ешқашан тәуекелден қашып кету мүмкін емес, яғни ол сені батпаққа батырады, немесе жоғары тәуекелге бара отырып пайда табуға қол жеткізеді. Осы аталған тәуекелді төмендету әдістерін пайдала отырып, кәсіпорын болашақта пайда алу мүмкіншілігіне ие болады екен.

Менің ұсынысым бойынша, кәсіпкерлік тәуекелді төмендету әдістері ішінен таңдау және нәтижелер туралы ақпарат алуы және өзін өзі сақтандыру әдістерін ұсынар едім. Бірақ барлық әдістерді қолданған дұрыс себебі, орыстың мақалы «не клади все яйцо в одну корзину» дегендей барлық әдістерді қолдана отырып тәуекел дәрежесін барынша төмендетуге мүмкіндік алатын едік.

43 Үкіметтің ҚР экономикасын дағдарыстан шығудын инновациялық жобалары. (ЭССЕ)

2009 жыл әлемдік экономика үшін күрделі болды. Соған қарамастан дүние жүзінің экономикасымен тығыз ықпалдасқан Қазақстан сыртқы және ішкі нарықтардағы қиыншылықтарды еңсере отырып, оны аз да болса өсіммен аяқтады. Енді «Қазақстан 2009 жылды қалайша табысты аяқтады», деген мәселеге келетін болсақ, оның өзіндік себептері бар. Бұндай табысқа ең алдымен Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржылық қадағалау агенттігінің дағдарысқа қарсы шараларын, сондай-ақ Жол картасын тиімді жүзеге асырудың нәтижесінде қол жеткізілді. Дағдарыс жағдайда Үкімет экономиканы ілгері дамытып, банк секторындағы ахуалды тұрақтандыра алды. Жұмыссыздықтың өсуіне де жол бермеді. Халықтың нақты табысы, әлеуметтік төлемдер өсті. Тұрғынүйлерді салу кезінде үлескерлердіңпроблемаларыншешеалды.

Қазақстанның көптеген экономистері мен қаржыгерлері осы мәселені қарастыра отырып, осы дағдарыстан шығудың өзге де жолдарын қарастырды.

Бұл жиынды Тұңғыш президент қоры ұйымдастырып отыр.

Басқосуға жиналғандардың пайымдауынша, дағдарыстан шығуға арналған былтырғы бағдарламалар ойдағыдай өткен. Дегенмен, тиісті қаржы игерілмей, кемшін қалған тұстар да бар. Мәселен, тұрғын үй құрылыс саласы қаржының 27% ғана игеріпті. Экономистер: «Биыл қаржыны инновациялық-индустриялық жобалар мен аграрлық салаға жұмсау қажет» - дейді. Дағдарысқа қарсы бағдарламалар ретінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мен үлескерлер мәселесін шешу де маңызды мәселе ретінде атап өтілген. Жалпы, басқосуға қатысушылар экономикалық саланы қаржыландыру барысында «несиенің пайыздық мөлшерін барынша азайту керек» дегенді айтады. Яғни қандай мәселе болмасын, көбісі несиенің пайызына әкеліп соғады. Бұл несие алатындардың ең бірінші проблемасы деп айтсақта болады.

Қазіргі таңда дағдарыстан шығудың тиімді жолдарының бірі «индустриалды-иноовациялық бағыт» болып табылады. Bnews.kz айтуынша, 2009 жылғы наурыздағы жолдауында Президентіміз елдің дағдарыстан күшейіп шығатынын айтты .Бұған жетудің маңызды құралы Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы. Бағдарламаны жасаушылардың мақсаты бойынша стратегияны жүзеге асыру әртараптандыру, жаңғырту және бәсекеге қабілетті өнімдер өндірісіне және экспорттың өсуіне жағдай жасау негізінде ел экономикасының ұзақмерзімді орнықты дамуын қамтамасыз етуі тиіс. Шынымен солай ма? Бюджеттік ақша қайда кетіп жатыр? Әсіресе дағдарыс жағдайында.

Стратегияныжүзегеасыруүшсатыдажүреді. Бірінші сатыда (2003-2005) әрі қарайғытехнологиялықдамудыңплатформасықұрылды: даму институты, әлеуметтік-кәсіпкерліккорпорациялар және холдингтерсекілді бизнес құрылымның негізгі элементтеріжасақталды. Технопарктер, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар құрылысы басталды.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 696 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...