Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Шығынының барынша төмендеуін қамтамасыз ету



Бұл міндетті жүзеге асыру барысында қаржылық тұрақтылықтың ықтималды

бұзылуы мен кəсіпорынның төлем жасай алмауын болдырмау, оның

операциялық немесе қаржылық қызметінің көлемін тарылту бойынша

ескертпелі шаралар кешені жасалады, бұл шаралар жүйесіне жекелеген

қаржы операцияларын хеджирлеу, ішкі резервтік ақша қорын қалыптастыру,

қаржы тəуекелдерін сыртқы сақтандыру енеді.__

32 Кәсіпорының қаржылық тәуеклдерін басқарудың қызметтері мен тетігі (механизмі)

Қаржы тəуекелдерін басқару өзінің басты мақсатын белгілі бір қызметтерді жүзеге асыру жолымен іске асырады. Бұл қызметтер тəуекел менеджментінің кешендік мазмұнымен анықталатын екі негізгі топтарға бөлінеді:

1) басқарушы жүйе ретіндегі кəсіпорынның қаржылық тəуекелдерін басқару қызметтері (бұл қызметтердің мазмұны оның ерекшелігін ескеру керек болғанымен, тұтастай алғанда менеджменттің кез келген түріне тəн);

2)қаржылық тəуекелді басқарудағы кəсіпорынды басқарудың арнайы саласының қызметтері (бұл қызметтердің мазмұны басқарудың аталмыш функционалды жүйесінің нақты нысанымен анықталады).

Кəсіпорынның қаржылық тəуекелдерін басқарудың негізгі қызметтері мазмұнын жекелеген топтар ауқымында қарастырайық.

Кəсіпорынның қаржылық тəуекелдерін басқарудың негізгі қызметтері мазмұнын жекелеген топтар ауқымында қарастырайық.

1. Басқарушылық шешімдердің баламалы нұсқаларының негізделуін қамтамасыз ететін тиімді ақпараттық жүйелерді қалыптастыру.

Осы қызметті жүзеге асыру үдерісінде қаржылық тəуекелдерді басқару жүйесінің ақпараттық қажеттілігінің көлемі мен мазмұны анықталуы тиіс; осы қажеттіліктерді қанағаттандыратын сыртқы жəне ішкі ақпарат көздері қалыптасқан; кəсіпорынның қаржылық күйі мен қаржы нарығы конъюнктурасының тұрақты бақылауы ұйымдастырылған.

2. Кәсіпорынның қаржылық қызметінің түрлі аспектілерінің тәуекелділік талдауы жүзеге асырылуы Осы қызметті жүзеге асыру барысында жекелеген қаржылық операциялардың, жекелеген еншілес кəсіпорындар мен ішкі «жауапкершілік орталықтарының» қаржылық мəмілелерінің жылдам жəне терең тəуекел талдауы жүргізіледі (тұтастай кəсіпорынның қаржылық қызметінің жəне бөліктеп оның жекелеген бағыттарының).

3. Кәсіпорынның қаржылық қызметінің негізгі бағыттары бойынша тәуекл жоспарлауды жүзеге асыру

Қаржы тəуекелдерін басқарудың бұл қызметін жүзеге асыру кəсіпорынды ішкі жəне сыртқы сипаттағы ықтималды қаржылық қауіптерден қорғаудың негізгі бағыттары бойынша сəйкестендірілген қаржы тəуекелдерін бейтараптантыруды қамтамасыз ететін жоспарлар мен оперативтік бюджеттер жүйесін əзірлеумен байланысты. Мұндай жоспарлаудың негізі дамуының əрбір сатысында нақтылауды қажет ететін əзірленген қаржылық тəуекел

менеджментінің бағдары болып табылады.

4. Қабылданған тәуеклді шешімдердің іске асуын тиімді бақылауды жүзеге асыру Қаржы тəуекелдерін басқарудың бұл қызметі кəсіпорындағы ішкі бақылаудың сəйкес жүйелерін жасаумен, жекелеген қызметтер мен тəуекел менеджерлерінің бақылаушылық міндеттерін бөлумен, бақыланатын көрсеткіштері жүйесі мен бақылау кезеңдерін анықтаумен, жүзеге асырылып жатқан бақылаудың нəтижелеріне жылдам назар аударумен байланысты.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 444 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...