Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аржылық тәуекелдіктің көрініс табу объективтілігіне сипаттама беріңіз



Қаржылық тəуекелдік кез келген кəсіпорынның қызмет етуіндегі объективті құбылыс болып табылады; ол қаржылық операциялардың барлық дерлік түрлеріне жəне оның қаржылық қызметінің барлық бағыттарына қатысты. Тəуекелдік бұл жағдаятты қаржылық менеджер түсіне ме, түсінбей ме, оған тəуелсіз кіріс күтілетін əрбір қаржылық шешімге тəн. Тəуекелдікті қаржылық шешімді қабылдау субъективті сипатқа ие болғанымен, тəуекелдік пайд болуының объективті табиғаты өзгеріссіз қалады. Бұл қаржылық қызметтің жүзеге асу үдерісіндегі тəуекелдікке деген саналы қарым-қатынасты анықтайды.

17 .Таңдау жағдайындағы əрекет.

Бұл қаржылық тəуекелдіктің жиі назарға ілінбейтін немесе көптеген зерттеушілер тарапынан бұрыс түсіндірілетін маңызды сипаттарының бірі.

Мұндай əрекет қаржылық менеджер тарапынан тəуекелдікті жағдаят немесе осы таңдаудың нұсқалары бар кезіндегі белгісіздік жағдаятында жүзеге асырылады. Өзінің мұндай сипаттамасында қаржылық тəуекелдік шешім таңдау (қабылдау) кезеңінде, сондай-ақ оның жүзеге асу кезеңінде көрініс табады. Таңдау жағдайындағы əрекет ретінде қаржылық тəуекелдік алдағы қаржылық қызметті жүзеге асырудың ықтимал шарттарының дамуындағы кереғарлықтарды іс жүзінде шешу болып табылады. Басқаша айтқанда, қаржылық тəуекелдік тəуекелді жағдаяттың (тəуекелдік немесе белгісіздік жағдайы) көрінісі емес, шарасыз таңдау жағдайында бұл жағдаяттан іс жүзінде шығуға бағытталған шешім қабылдаушы субъекттің нақты əрекеті. Таңдаудың баламалылығы. Қаржылық тəуекелдік қаржылық менеджер əрекетінің баламасын таңдау қажеттілігне саяды. Тəуекелдік немесе белгісіздіктің кез келген жағдаятында бұл таңдаудың екі баламасы бар – қаржылық тəуекелдікті қабылдау немесе одан бас тарту. Тəжірибе жүзінде мұндай баламалар едəуір көп жəне тəуекелдік немесе белгісіздік жағдайларының нақты мəніне байланысты бұл баламалар түрлі күрделілік деңгейімен жəне таңдау əдістерімен сипатталады. Бір жағдайда əрекеттер баламасын таңдау өткен тəжірибе негізінде жүзеге асса, басқа жағдайда – болашақтағы уақиғалар дамуы жағдаятын үлгілеу, ал үшінші жағдайда – шешім қабылдаушы қаржылық менеджер интуициясы негізінде жүзеге асады. Таңдау баламасы жоқ жерде, қаржылық тəуекелдік ұғымының өзі де жоқ.

18 Мақсатты əрекет

Қаржылық тəуекелдік əрқашан өзі қол жеткізуге бағытталған нақты мақсатқа қатысты қарастырылады. Əдетте, мұндай мақсат жеке қаржылық операцияны немесе қаржылық қызметті тұтастай жүзеге асыру нəтижесінде белгілі бір сомада (немесе деңгейде) табыс табу болып табылады. Мұндай қатынаста қаржылық тəуекелдік алдағы жүзеге асырылатын қаржылық қызмет жағдайының объективті белгісіздік жағдайы салдарынан белгілі бір игеру шешімі мақсатына қол жеткізе алмау мүмкіндігі ретінде қарастырылады. Дəл алынған қаржылық нəтиже мен белгіленген мақсаттық нəтиженің сəйкеспеу мүмкіндігі қаржылық тəуекелдікдің мəнін сипаттайды. Мұндай мақсаттық өлшемсіз қаржылық тəуекелдік əрекет ретінде мəнін жоғалтады.

.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 635 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...