Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сақтандыру мүмкіндігі бойынша қаржы тəуекелдігі мынадай екі



топқа бөлінеді:

 са_тандырылатын _аржы тəуекелдігі. Оларға сыртқы сақтандыру

тəртібінде сəйкес сақтандыру ұйымдарына тапсырыла алатын тəуекелдіктер

жатады (сақтандырылуға қабылданатын қаржылық тəуекелдік

номенклатурасына сəйкес);

сақтандырылмайтын қаржы тəуекелдігі. Оларға сақтандыру

нарығындағы сəйкес сақтандыру өнімдерінің ұсынысы жоқ түрлері жатады.

Қарастырылып отырған екі топтың тəуекелдігі құрамы өте айнымалы жəне

оларды болжау мүмкіндігімен ғана емес, сондай-ақ сақтандыру қызметін

емемлекеттік реттеудің қалыптасқан үлгісінде нақты экономикалық

жағдайларда сақтандыру операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге

асырудың тиімділігімен байланысты.__

2. Қаржылық тəуекелдік түрі. Бұл жіктеу белгісі қаржылық тəуекелдікті игеру үдерісінде оларды ажыратудың негізгі параметрі болып табылады.Тəуекелдіктің нақты түрінің сипаттамасы бір мезгілде ол басшылыққа алатын фактор туралы көрініс береді, бұл тəуекелдіктің аталмыш түрі ойынша қаржылық шығындардың пайда болу ықтималдығының дəрежесі мен мөлшерін бағалау мен сəйкес фактор қарқынынын «байланыстыруға» мүмкіндік береді. Қаржылық тəуекелдіктердің алуан түрлілігі олардың жіктелістік жүйесінде анағұрлым кең ауқымда қарастырылған. Сондай-ақ жаңа қаржылық технологиялардың пайда болуы, жаңа қаржы құралдарын пайдалану жəне басқа да инновациялық факторлар сəйкесінше қаржылық тəуекелдіктердің жаңа түрлерін туғызады. Қазіргі таңда кəсіпорынның жүйелік жəне жүйелік емес қаржылық тəуекелдіктерінің негізгі түрлері қатарына төмендегілер енеді (1.3 сурет) Пайызды_ тəуекелдік. Ол қаржы нарығындағы пайыздық мөлрлеменің

болжаусыз өзгерісіне (депозиттік, сондай-ақ несиелік) саяды. Қаржылық тəуекелдіктің аталмыш түрінің пайда болу себебі (егер оның алдында қарастырылған оның инфляциялық құраушы бөлігін жоятын болса): мемлекеттің реттеудің ықпалымен қаржы нарығы конъюнктурасының өзгеруі; бос ақша ресурстарын ұсынудың артуы немесе төмендеуі жəне басқа факторлар. Тəуекелдің осы түрінің жағымсыз қаржылық салдары кəсіпорынның эмиссиялық қызметінде (эмиссия жағдайыда акциялар

сияқты облигациялар да), оның дифидендтік саясатында, қысқа мерзімді

қаржы инвестициялары мен кейбір басқа қаржылық операцияларда көрініс

табады. Валюталы_ тəуекелдік. Тəуекелдіктің бұл түрі ішкі экономикалық қызметті жүргізетін кəсіпорындарға (шикізат, материалдар мен жартылай фабрикаттар импорттап, дайын өнім экспорттайтын) тəн. Ол кəсіпорынның сыртқы экономикалық операцияларында пайдаланылатын шетелдік валютаның айрбастау бағамы өзгерісінің осы операциялардан күтілетін ақша ағымына тікелей əсер етуі нəтижесінде қарастырылған кіріске қол жеткізілмеуінен көрініс табады. Осылайша, шикізат пен материал импорттай отырып, кəсіпорын сəйкес шетелдік валютаның айырбастау бағамының көтерілуінен ұлттық валютаға қатысты ұтылып қалады. Ол бағамның төмендеуі кəсіпорынның дайын өнімді экспорттаудағы қаржылық шығындарын белгілейді. Кəсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеу тəуекелдігі (немес қаржылық даму тепе-теңдігінің бұзылу тəуекелдігі). Бұл тəуекелдік кəсіпорынның ауқымы бойынша оңтайлы жəне теріс ақша ағымының теңсіздігін туғызатын капитал құрылымының жетілмегендігі салдарынан пайда болады. Бұл тəуекелдіктің табиғаты мен оның көрініс табу қалыптары қаржылық леверидж тетігінің əрекеттерінің жүзеге асуы барысында қарастырылған Кəсіпорынны_ _тей алмау тəуекелдігі (немесе тепе-те_дігі б_зылған т_лемпазды_ тəуекелдігі). Бұл тəуекелдік кəсіпорынның уақыт ішіндегі оңтайлы жəне теріс ақша ағымының теңсіздігін туғызатын айналымдық активтердің төлемпаздық деңгейінің төмендеуі нəтижесінде пайда болады Өзінің қаржылық салдары бойынша тəуекелдіктің бұл түрі сондай-ақ анағұрлым қауіптілерінің қатарына жатады. Несиелік тəуекелдік. Ол сатып алушыларға тауарлық (коммерциялық) немесе тұтынушылық несие берілген кезде кəсіпорынның қаржылық қызметінде орын алады. Оның көрініс табу қалыбы төлей алмау немесе кəсіпорынның несиеге шығарған дайын өнімі үшін төлем жасай алмау тəуекелдігі болып табылады Инвестициялы_ тəуекелдік. Ол кəсіпорынның инвестициялық қызметі жүзеге асыруы барысында қаржылық шығындарының пайда болу мүмкіндігін сипаттайды. Осы қызмет түрлеріне сəйкес инвестициялық тəуекелдік түрлері – реалды инвестициялау жəне қаржылық инвестициялау тəуекелдігі ажыратылады. Инвестициялық қызметтің жүзеге асырылуымен байланысты қаржылық тəуекелдіктердің қарастырылған түрлері өз кезегінде ішінен бөлінетін «күрделі тəуекелдіктерге» жатады. Осылайша, мысалы, реалды инвестициялаутəуекелдік құрамында инвестициялық жобаны өз уақытында дайындамау; жобалық-конструкторлық жұмыстарды өз уақытында аяқтамау; құрылыстық-монтаждау жұмыстарын өз уақытында аяқтамау инвестициялық жоба бойынша қаржыландырудың өз уақытында шылмауы, тиімділігінің ықтималды төмендеуіне байланысты жобаның инвестициялық тартымдылығын жоғалту тəуекелдіктері бөлінеді. Инвестициялық тəуекелдіктердің барлық түрлері кəсіпорын капиталының ықтималды шығынымен байланысты болғандықтан, олар да анағұрлым қауіпті қаржылық тəуекелдіктер тобына қосылады. Инновациялы_ _аржылы_ тəуекелдік. Тəуекелдіктің бұл түрі жаңақаржылық технологиялардың енгізілуімен, жаңа қаржы құралдарының пайдаланылуымен байланысты. Депозиттік тəуекелдік. Бұл тəуекелдік депозиттік салымдардың қайтарылмау (депозиттік сертификаттардың өтелмеу) мүмкіндігін сипаттайды. Ол салыстырмалы түрде сирек кездеседі жəне бұрыс бағалаумен жəне кəсіпорынның депозиттік операцияларын жүзеге асыруға арналған коммерциялық банкті сəтсіз таңдаумен байланысты. Сондай-ақ депозиттік тəуекелдікті жүзеге асыру жайттары текбіздің елде ғана емес, сондай-ақ нарықтық экономикасы дамыған елдерде де кездеседі. Бас_а тəуекелдік т_рлері. Басқа қаржылық тəуекелдер тобы айтарлықтай үлкен, алайда пайда болу ықтималдығы мен қаржылық шығындар деңгейібойынша олар кəсіпорын үшін жоғарыда қарастырылғандардан маңызды емес. Оларға қарастырылған кірісті жоғалтуға ғана емес, сондай-ақ кəсіпорын активтерінің бір бөлігінен (негізгі қаражаттан, тауарлық- материалдық құндылықтар қорларынан) айырылуға əкелетін стихиялық бақытсыздық тəуекелдіктері мен оларға ұқсас «форс-мажорлық тəуекелдіктер» жатады; есеп беру-кассалық операцияларын өз уақытында жүзеге асырмау тəуекелдігі (қызмет көрсетуші коммерциялық банкті сəтсіз таңдаумен байланысты); эмиссиялық, криминогенді тəуекелдік жəне т.б. енеді.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 662 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...