Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырмаларын бағалау критерийлері



Лгі

Оқу жылында химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі жоғары мектепті бітірушілерді қорытынды аттестаттауға арналған математика пәнінен

Емтихан (жазба) жұмысы

Жазба жұмысының құрылымы

Жоғары мектепті бітірушілердің математика пәні бойынша дайындық деңгейін өлшеу ретінде емтихан жұмысының тапсырмалары қолданылады. Емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады және бір-бірінен мазмұны, қиындығы және саны бойынша ерекшеленетін 18 тапсырмадан тұрады.

1 бөлім базалық деңгейдегі 14 тапсырмадан тұрады, олардың белгіленуі Б1, Б2, …, Б14.

Б1-Б10 тапсырмалары – ұсынылған бес жауаптың ішінен дұрыс бір жауапты таңдауға арналған тестік тапсырмалар.

Б11-Б14 тапсырмалары – қысқа жауапты қажет ететін ашық түрдегі тапсырмалар.

2 бөлім ортадан жоғары деңгейдегі толық жауапты қажет ететін ашық түрдегі 4 тапсырмадан тұрады, олардың белгіленуі ОЖ15, ОЖ16, ОЖ17,ОЖ18.

Жазба жұмысын бағалау жүйесі

Барлық жұмыс үшін қойылатын ең жоғары балл – 34 балл.

Бөлім тапсырмаларын бағалау критерийлері

Б1-Б10 тапсырмаларының әрқайсының дұрыс жауабы 1 балмен, ал Б11 - Б14 тапсырмаларының әрқайсысы 2 балмен бағаланады.

тапсырмаларын бағалау критерийлері

ОЖ15-ОЖ18 тапсырмаларының әрқайсының толық және дұрыс жауабы 4 балмен бағаланады. Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларды орындауға қойылатын талаптар: шешуі қажетті түсіндірмелер мен негіздеулерден тұратын математикалық тілде сауатты жазылуы керек, шешімі толық, барлық мүмкін жағдайлар қарастырылып, ескерілуі тиіс. Шешу әдісі, шешімі, жазу формасы және жауапты жазу формасы әр түрлі болуы мүмкін. Шешімі толық негізделіп, дұрыс жауабы алынған тапсырмаға ең жоғары балл беріледі. Ал дұрыс жауабы жазылып, бірақ шешімі жоқ тапсырма үшін 0 балл қойылады. Шешімді тұжырымдаудың толықтығы мен негізделуі таңдаған шешім әдісінен тәуелсіз бағаланады.





Дата публикования: 2015-04-07; Прочитано: 941 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...